Жастар үшін жұмыс істейтін орталық
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам.
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда кім болам, – деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлап кеткендей қазақ ұлтының бүгінгі жастарының бойынан жігерлілікті, қайсарлықты көруге болады. Иә, ел үшін еміреніп, биік белеске ұмтылатын жастардың болашаққа қадамы қуантады. Жас та болса, жастардың басын біріктіріп, олармен бірлесе қызмет етіп жүрген жандардың бірі – Ержан Әбдешов аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры қызметін атқарып жүр. Ендеше ауданда жастар саясатының қарқынды жүзеге асуына атсалысып жүрген Ержанмен болған сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.

– Ержан, әңгімеміздің ауанын Шиеліде тұратын жастардың статистикасынан бастасақ. Оған құр сан деп қарауға болмайды. Себебі сан сапаға әсер етпей қоймайды емес пе?
– Әлбетте, дұрыс айтасыз. Қазіргі таңда аудан тұрғындарының саны – 85099 адамға жетті. Олардың ішінде жастардың үлесі аудан халқының 23,9 процентін құрайды. Яғни Шиеліде 20381 жас бар. Оның 9711 кент жастары болса, 10670-і ауыл жастары. Бүгінде кент және ауылдық округтерде – 230 ерікті жұмыс істейді. Жыл басынан бері ерікті Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Еріктілер» тобының ұйымдастыруымен 23 тазалық және 13 қайырымдылық акциясы өтіп, 11 жалғыз басты қарттарға көмек көрсетілді.

– Жұмыссыздықты жою елдегі түйіні тарқатыла қоймаған мәселелердің бірі. Жалпы бүгінде аудандағы жастар арасындағы түйткілді мәселелер шешімін қалай тауып жатыр?
– Иә, жастардың арасында ең өзекті болып отырғаны – жұмыссыздық мәселесі. Қазіргі таңда ауданда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8 процентті құрап отыр. Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші екені белгілі. Осыған орай ҚР Үкіметі бекіткен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында тиісті жұмыстар жүзеге асып жатыр. Жаһандық пандемияға байланысты біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде жұмыссыздық алдыңғы орынға шықты. Шағын және орта бизнес бұрынғы қарқынмен адымдай алмай жатыр. Жалпы жастарды жұмыссыз және Аутрич, NEET жастар деп екіге бөліп қарастырамыз. Аутрич, NEET жастар, заманауи тілмен айтқанда, «алтын жастар». Олар еш жерде жұмысшы ретінде тіркелмеген. Қолында ешқандай дипломы жоқ. Арасында базарда, автожуу бекетінде, кафе, ресторанда істейтіндері де бар. Жұмысшы ретінде заңды түрде тіркеліп, зейнетақы қорына ақша аудармағанымен, олардың күнделікті табысы бар. Табысын есептеп, бір айға шақсаңыз, әжептәуір. Орталықтың негізгі міндетінің бірі – жастардың арасындағы жұмыссыздықты азайту. NEET санатындағы жастарды анықтау, облыстық деректер базасын құру бағытында 4-28 ақпан аралығында кент орталығы мен ауылдық округтерде адрестік жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін 15-28 жас аралығында 9800 жас сауалнамадан өтті. NEET санатындағы жастар саны тоқсан сайын жаңартылып, әлеуметтік картасы жасақталып отырады. Жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларына тарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізілетін болады.

– Бүгінгі таңда «Жастар ресурстық орталығында» қандай жобалар жүзеге асуда?
– Биылға арналған жергілікті жерде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу мақсатында кешенді іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жасалуда. 25 қазан – «Республика күніне» орай «Жолың болсын, жас сарбаз» әскерге салтанатты шығарып салу рәсімі, ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында «Орамал келіннің ары» атты ақ жаулықты аналар мен жас келіндердің еркін форматта кездесуі өтті. Сонымен қатар «Кәсіпкерлікке кең өріс» тақырыбында жас отбасыларды оқыту курстары ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Шиелі Марафон – 2022» сайысы өткізілді. Қоса кеткен жөн, барыс жылында 3 жаңа жоба қолға алынып, тиісті қаржы қарастырылды. Олар «Салауатты өмір салтын насихаттау және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік жобасы, «Жас отбасылар арасында неке құндылықтарын насихаттау», «Жастарға патриоттық тәрбие беру және жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау» әлеуметтік жобалары. Сондай-ақ орталыққа жүгінген 761 жасқа 56 құқықтық, 423 әлеуметтік, 202 психологиялық консультация, 80-ге жуығына өзге де кеңестер берілді. Дін саласы бойынша аудан көлемінде 22 кездесу өтті. «Зайырлы мемлекет және оның құндылықтары», «Тәртіпті елдің татулығы тұрақты» тақырыбында аудан тұрғындарына бүктеме қағаздары таратылды. 54 түңгі рейд жұмыстары жүргізілді. Аудан жастарының басын біріктіріп, туған жерді өркендету, дамыту бағытындағы жаңа жобалар жасау – жастар орталығының басты міндеті. Шығармашыл жастар арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттау мақсатында «Өнер барысы – 2022» турнирін өткізу жоспарда бар.

– Жаз айларында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы басталады. Біздің аудандағы бұл жобаның қарқыны қандай?
– Жастарға арналған игілігі мол бағдарламаның бірі – «Жасыл ел». Бұл жоба 2005 жылдан бері жүзеге асырылуда. Жалынды жастардың көмегімен құрылған бұл бағдарлама 17 жылдан бері жақсы нәтиже көрсетуде. Жалпы бағдарламаның мақсаты – жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, елді мекен айналасын жасыл ағаштармен көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге деген махаббатын, патриоттық сезімін ояту. Ең бастысы – жастардың бос уақытын еңбекпен, тиімді өткізуге баулу. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қағиданы өскелең ұрпаққа мейлінше ұғындырып, жазғы демалыстарын босқа өткізбей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға молынан мүмкіндік те беріп отыр. Бұл бағдарлама біздің ауданда да тиімді жүзеге асырылуда. Биыл аудан бойынша «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарына 4 ай көлемінде жұмыс істеуге 200 квота бөлінген. Қазіргі таңда 3 айлық қорытынды бойынша 184 жас маман жұмыс істеген. Тамыз айында 16 жұмыссыз жастар мен студенттер жұмыс істеді.

– Жалпы әкімдік, мемлекет тарапынан жастарға көрсетілетін қолдауға көңіліңіз тола ма?
– Өте орынды сұрақ. Әрине, көңілім толады. Мемлекет тарапынан болсын, қалалық, облыстық әкімдіктен болсын қажетті қолдау көрсетіледі. Қазір жастар мәселесі – басты назарда. Сонымен қатар жастар саясаты да кешенді түрде қолға алынып, мемлекеттік істерге жас буынды араластыру тенденциясы дамып келеді. Менің ойымша, жастарды қолдау – ел болашағына деген қамқорлық. Себебі елдің ертеңі мен кемел келешегі жастардың қолында.

– Жалынды жастармен бірлесе атқарып жатқан қызметіңе сәттілік тілеймін. Ел сенімін ақтайтын белсенді жастарымыз көп болсын!
Сұқбаттасқан
Сұлушаш МАДИЯРОВА
Сұлушаш МАДИЯРОВА