Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықсыз қоғам құру – отбасынан басталады

Жемқорлықсыз қоғам құру – отбасынан басталады

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасындағы тәрбиенің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды. Оның ішінде, әсіресе, білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары.
Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы керек. Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал» делінген.
Мұнда өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Өйткені азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бірден-бір ықпал ететін фактор болып табылады.
Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен септігін тигізер еді.
Сонымен қатар жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда этникалық ерекшеліктерді негізге алу еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуы мен рухани жаңғыруына, мемлекетіміздің алға қойған стратегиялық бағыттағы жоспарларына қол жеткізуге, мәңгілік ел болып қалыптасуына маңызды жағдайлар туғызатындығы сөзсіз.

М.Кенжебаева,
Шиелі аудандық ауыл
шаруашылығы бөлімінің бас маманы
05 желтоқсан 2022 ж. 244 0