Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СӘТТІ ӨТКЕН СЕМИНАР

СӘТТІ ӨТКЕН СЕМИНАР

Қараша айының 28 жұлдызы күні Бәйгеқұм ауылдық мәдениет үйінде «Ұлттық салт-дәстүрді зерделеу» тақырыбында семинар тренинг өтті. Оған Шиелі ауданының сарапшы маманы Самал Бектайқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері Гүлжанат Сейтова, Жастар Ресурстық орталығының директоры Ержан Әбдеш, аудандық тарихи өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Бекболат Әбуов, Ақмая ауылының клуб үйінің меңгерушісі Мейрамбек Ибрагимов сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған семинарды Бәйгеқұм ауылының әйелдер кеңесінің төрайымы Әсия Дәулетбайқызымен, әйелдер кеңесінің мүшесі Оразкүл Мұхаммеджанқызы ашып берді. Сондай-ақ семинар мектеп оқушыларының қолөнер бұйымдары қойылған көрмеден бастау алды. Онда оқушылар тоқыма мен моншақтан жасалған әшекей-бұйымдарын таныстырды. Онан соң Бәйгеқұм ауылының «Әжелер» ансамблі келген қонақтарды дәстүрімізге сай қарсы алып, ұлттық ас ұсынып, ән шырқады. Семинарға қатысушылар кітапхана жұмысымен танысып, рухани азық жинады. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Ауыл өнерпаздары рухты әндер шырқап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді. Іс-шара барысында «Әжелер» ансамблінің мүшесі Қараш Өмірзақова, «Өнегелі де өнерлі келін» байқауының жеңімпазы Нұрзия Елтаева, «Супер келін» байқауының жүлдегері Назерке Сағит сыйлықтармен мараматталды. Марапаттау рәсімінен кейін ауылдың тұрмыс-тіршілігіне байланысты көрініс қойылды. Мерейі мен сәні келген семинар соңында ауыл әкімі Д.Абжаппаров қонақтарға ізгі тілегін жеткізді.

Сымбат Сұлтан
29 қараша 2022 ж. 255 0