Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КҮЙЗЕЛІС – КЕСЕЛДІҢ БІР ТҮРІ

КҮЙЗЕЛІС – КЕСЕЛДІҢ БІР ТҮРІ

Адам мінезі-құлқының ұңғыл-шұңғылын зерттейтін психологтар, түрлі қиыншылықты жеңуге көмектесетін тренингтер қаптаған заманда кісі өзіне неге қол салады? Құдайым-ау, ғаламторды ашып қалсаң да өміріңді ғажап ететін кеңес атаулының қаншама түрі алдыңнан шығады.
Жасыратыны жоқ, қазір дамудың даңғыл жолына түсіп, тұрмыс тауқыметінің көпшілігін техникаға тапсырып, өркениетке ілескен өмір ­рахатын көрудің орнына өлуді ойлап тұратын жандар бар. Ал бұл дерттің атын заманауи тілмен «депрессия» дейді. Жұрт алыстан шығып жатқан вирустардың атынан-ақ қорқып отырғанда, ­суицид деген кесел жылына әлемде 800 мың адамды жалмайтын көрінеді.Ал еліміздегі жалпы суицидтер статистикасы да көңіл көншіте қоймайды. 2020 жылы 3515 адам өзіне қолса салса, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 3922-ге жеткен. Мамандардың мәліметінше, суицидтен көз жұмғандар саны жол апаты мен инфарктан қайтыс болғандардан әлдеқайда көп.
– Қазақстандағы суицидке қатысты статистика нақты емес. Өйткені біздің қоғамда өз-өзіне қол салғандарды немесе сол жағдайға әрекеттенгендерді айыптап, сыртынан ғайбаттау көп. Сондықтан көп жағдайда марқұмның жақындары өлім себебін суицидпен байланыстырмауға тырысады. Демек кей деректер арнайы статистикаға ілінбей қалуы әбден мүмкін, – дейді мамандар.
Қазақстан суицид жасаудан, соның ішінде 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудан соңғы 5 жылда әлем елдері бойынша алғашқы ондықта тұр. Мәселен, 2020 жылы жасөспірімдер арасында 143 суицид оқиғасы мен 306 суидид жасау әрекеті тіркелсе, 2021 жылы бұл көрсеткіш өсіп, 175 суицид оқиғасы, 375 өз-өзіне қол салу әрекеті болған. Бұл қоғамдағы әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер мен балаларды қорғаудың тиімді механизмдерінің жетіспеушілігінен екен. Бұл мамандардың пікірі.
Жаназасыз өлім сырын зерттеп жүрген мамандар суицидке барудың биологиялық, әлеуметтік және соматикалық 800 түрлі себебін алға тартса, соның басым бөлігін айтудың өзі тіпті түкке тұрғысыз.
Бұдан шығатын қорытынды – біреу. Адамның ең бірінші жауы – өзінің ойы. Біреулер таудай тауқыметін жеңгенде, енді біреулер түймедейді түйедей қасіретке айналдырып, бас-аяғы бітпейтін қайғыны басына жамап жүреді. Шындап келгенде мидағы үрей мен қорқыныштың 90 проценті орындалмаған ­фобия күйі қалады.Сондықтан да жан күйзелісі деген үлкен дерт, адамды біртіндеп жалмайтын кесел екенін айту керек. Қысқасы, депрессия көңіл күйдің құлауы емес – клиникалық диагноз.
Не десек те, айналып келгенде адамды мейірім мен сабыр құтқарады.

Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ
23 қараша 2022 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930