Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көздің көруін нашарлататын 7 әдет

Көздің көруін нашарлататын 7 әдет


Көздің көруін нашарлататын ең бірінші фактор — ағзаның қартаюы. Дегенмен бүгінде жастар арасында көзілдіріксіз жүретіндері сирек кездеседі. Оған мына әдеттер себеп болуы мүмкін.
1.Күннен қорғайтын көзілдірік кимеуУльтракүлгін сәулелердің шамадан тыс көп болуы көздің торлы қабығын зақымдап, катарактаның дамуына және ісіктердің пайда болуына себеп болуы мүмкін. Әрине, күннің астында 1-2 сағат жүру қауіпті емес. Бірақ күнделікті күн астында жұмыс істейтін адамдар үшін бұл маңызды ақпарат.
2. Шылым шегуОфтальмологияда шылым шегу мен 40 жасқа дейінгі көру қабілетінің төмендеуі арасындағы байланыс бары бұрыннан дәлелденген. Темекі шегу сонымен қатар жасқа байланысты макулярлы дегенерацияға себеп болады. Бұл торлы қабықтағы кішкене аймақтың зақымдалуымен байланысты. Темекі шегу аурудың даму қаупін екі есеге арттырады.
3. Линзаны шешпей суға түсуЕгер сіздің линзалар жоғары гидрофильді болса, онда олармен суға түсуге болады. Дегенмен көз ауруын тудыратын түрлі бактериялардың барын ұмытпау керек. Олар әдетте өзенде, бассейнде жиі кездеседі. Егер суға линзасыз түсе алмайтын болсаңыз, олардың сапасына мән беруді ұмытпаңыз.
4. Көзді жиі уқалауКөзді уқалаған кезде қолмен бірге бактериялар көзге түседі. Кейін жиі “қызыл көз” синдромы болады. Уқалау арқылы көздің қабағына да зиян келеді. Өз кезегінде кератоконустың дамуына әкелуі мүмкін.
5. Экранға жиі телміруЕгер сіз компьютерде ұзақ уақыт отырсаңыз, біраздан кейін сіз құрғақ көздің жағымсыз белгілерін сезінуіңіз мүмкін. Әсіресе бөлме жарығы нашар, ал мәтін ұсақ шрифтпен жазылғанда байқалады. Мұндай жағдайда жыпылықтау жиілігі төмендейді, соның салдарынан көздің шырышты қабаты баяу кебеді. Ылғалдың жеткіліксіздігіне байланысты көз тез шаршайды, айнала бұлыңғыр болып және көз линзасы бұзыла бастайды.
6. Дұрыс тамақтанбауКөзге де дәрумен керек. Дәруменді ағза арнайы таблеткалардан бөлек, тағамнан алады. Күнделікті тұтынатын тағам қатарынад көзге де пайдалы өнім болуы шарт. Сәбіз, көкжидек, бауыр, майлы балықты мүмкіндігінше жиі тұтыну керек. Бұл тағамдардың жетіспеушілігі торлы қабықтың бұзылуына әкеледі.
7. Жарық туралы ойламауЖарығы аз бөлмеде жұмыс істеу, кітап оқу, жазу бәрі көздің көруіне айтарлықтай ісер етеді. Офтальмологтар жарық жерде жұмыс істеуге, сурет салуға немесе оқуға кеңес береді. Жарығы нашар жерде оқуға мүлде болмайды. Өйткені ол көру мәселелерінің (миопия мен астигматизмді қоса) алғашқы себебі.
https://syrboyi.kz​​​
13 қараша 2022 ж. 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930