КІТАПХАНАШЫ ҚАСТЕРЛІ МАМАНДЫҚ
Білім бұлағының қайнар көзі, тарам-тарам тарихтың құнды сырларын сүріндірмей алып келе жатқан шырағы биік, парасаттылық пен біліктіліктің нағыз киелі ордасы – кітапхана. Ол оқырман үшін үлкен өмір мектебі, рухани ошақ. Ал әр таңын білімнің қайнар көзі кітаппен ашатын, сол кітаптағы құнды мұраларды оқырманға жеткізуші – кітапханашы. Бүгін мамандығын сүйіп, ұзақ жылдар бойы кітапханашылық қызметте абыроймен келе жатқан аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры – Гүлдана Жақыповамен сырлы сұқбаттың сәті түсті.
– Гүлдана Көпболсынқызы, сізді және барша кітапхана ұжымын кәсіби мерекеліріңізбен құттықтаймын! Жуырда заманауи үлгіде жасақталған ғимаратқа көшкендеріңіз белгілі. Жаңа ғимарат жаңа леп, жаңа құлшыныс сыйлаған болар? Әңгімеміздің ауанын осыдан бастасақ.
– Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты 32 кітапхана аудан халқына қызмет көрсетеді. Аудандық орталық кітапхана, 1 – аудандық балалар кітапханасы, 4 – қалалық кітапхана және 26 – ауылдық кітапхана бар. Оның ішінде 1 модельдік ауылдық кітапхана, үш ауылдық онлайн орталығы бар.

– Кітапханада қанша кітап қоры бар? Оқырмандар қанша?
– Жүйе бойынша кітап қоры 537381 дана, оның ішінде 351887 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиеттер. Бес жылда бір рет ескі мазмұндағы (мәдени-тарихи жағынан құндылығы жойылған), жыртылып тозығы жеткен реставрацияға келмейтін кітаптар және мерзімді баспалар қордың есебінен шығарылып отырады. Жүйе бойынша 29 295 оқырман бар. Бүгінгі таңда 484 805 кітап оқырманның қолында.

– Тұрғындарды әдеби ортаға шақыру, оқырман тарту бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде?
– Жалпы, «Кітап оқиық» ұранымен кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдалана отырып, «Кітапхана такси» жобасы аясында жолаушылар межелі жерге тегін жеткізілуде. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, егде жастағы адамдарға және қызметтен сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы «Көшпелі кітапхана» жүйелі түрде жұмыс істейді. 23 жылдық жұмыс тәжірибемде аудан мәдениетінің өсіп-өркендеуіне үлес қоса жүріп, жаңа бастама, тың жобаларды жүзеге асыруда, қоғамдық жұмыс пен қайырымдылық шараларға күш-жігерімізді аямай қызмет етіп келеміз. Дәлел ретінде айта кетсем, асыраушысы жоқ, көпбалалы ана Асатуллаева Ләззаттың отбасын қамқорлығымызға алып, үздіксіз азық-түлікпен қамтамасыз етудеміз. Құлағалы тұрған үйдегі жәутеңдеген балаларды көріп, ұжымды ұйымдастырып, үш бөлмелі үй салып беріп, ана мен балаларының болашаққа деген үмітін ұштадық. Әрдайым қоғамға сай дамуда бірінші болып бастама жасау - менің кредом. Бірінші боп аудандар ішінде «Коворкинг» орталығын аштық. Кітапхана жанынан зағип және көзі нашар көретін жандарға рухани қызмет көрсету үшін, «Жанарсыз да жарық әлем» клубын ұйымдастыру үшін жоба әзірледік. Оған жергілікті бюджеттен 3100,0 мың теңге бөлініп, арнайы құрал жабдықтармен жасақтадық. Бір айта кетерлігі, тең дәрежеде жұмыс жасау үшін кітапханашыларға бірдей киім үлгісін енгіздік.

– Жалпы оқырманның сұранысы қаншалықты қанағаттандырылады?
– Әрине бар. Соңғы 3-4 жылдың көлемінде оқырмандардың сұранысына сай әр түрлі салада, оның ішінде психологиялық, қаржылық сауат ашу жайлы кітаптарды жергілікті бюджеттен сатып алып отырмыз. Адам баласының өмірге деген көзқарасы мен талғамын балалар әдебиеті қалыптастырады. Қазіргі технологиялық өзгерістер мен күллі әлем бастан кешіп отырған жылдам даму кезеңінде балалардың ой-танымы, қызығушылығы да басқаша. Сондықтан 20-30 жыл бұрын жазылған балаларға арналған кітаптар қазіргі баланы аса қызықтыра қоймайтыны заңды. Дей тұрғанмен соңғы жылдары балалар әдебиетіне деген қызығушылық қайта жандана түсті. Кітапхана оқырмандарының жасына қарай сұраныстарына келетін болсақ, кішкентай оқырмандарға ертегі-аңыздар, 14 жасқа дейінгі оқырмандарға баланың ой-қиялын ұштайтын фэнтези шығармалар, адамгершілік болмысын қалыптастыратын жаңаша тәлімдік-тағылымдық жаңа кітаптар қажет. Білім саласында жұмыс істейтін оқырмандар мен студенттерге методикалық көмекші құралдар, логикалық кітаптар және көркем әдебиеттер қажет.

– Аудан бойынша қанша кітапханашы бар? Олардың жалақысы қалай?
– Аудан бойынша 32 кітапханада 55 маман жұмыс істейді. Оның 33 маманы ауылдық жерде, қалған 22 кітапханашы орталық, балалар және кенттік мамандар. Кітапханашының жалақысы бірқатар факторларға, соның ішінде біліктілігіңізге, тәжірибеңізге, орналасқан жеріңізге, сіз жұмыс істейтін кітапхананың көлеміне, топ құрылымына т.б. байланысты өзгеретінін атап өткен жөн. Президент Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы Жолдауында 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет кітапханашылардың жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 процентке өсіретінін айта кетті. Сол Жолдауға байланысты биыл жалақылары 20 процентке көтерілді. Келесі жылы тағы да еселенетініне қуанудамыз.

– Осы салада 20 жылдан астам уақыт өнімді еңбек етіп келесіз. Сол еңбегіңіз лайықты еленіп жатыр ма?
– Иә, кітапханашы үшін алғыстан асқан марапат, бақыт жоқ. 2018 жылы «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрайымы С.Иманқұлованың «Құрмет грамотасымен», 2018 жылы Астананың 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы және Шиелі ауданының 90 жылдығына орай Алғыс хат алдым. 2018 жылы Шиелі ауданының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Шиелі ауданына 90 жыл» мерейтойлық медальін кеудеме тақтым. 2019 жылы Ұлт тұлғаларын ұлықтауға қосқан үлесі үшін «Ә.Тәжібаевқа – 110 жыл», Қазақстанның құрметті кітапханашысы, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағынан «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталдым.

– Сырлы сұқбатыңызға рақмет!
Сұқбаттасқан
Гүлхан ЯХИЯ
Гүлхан ЯХИЯ