Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨЗІМНІҢ ТІРІСІНДЕ АТЫМДЫ КӨШЕГЕ БЕРМЕҢДЕР…

КӨЗІМНІҢ ТІРІСІНДЕ АТЫМДЫ КӨШЕГЕ БЕРМЕҢДЕР…


12 сәуір – Ғарышкерлер күні! Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров мереке қарсаңында БАҚ арқылы өз есімімен аталатын көшенің болғанын қаламайтынын айтты.
Ол көзі тірісінде көшелердің өз атымен аталғаны дұрыс емес деген пікірде. «Менің қол-аяғым сау, жүре аламын. Ойлау қабілетім жақсы. Әлі тірі адаммын ғой, оның үстіне жөндеуді қажет ететін Әубәкіров көшесімен жүру мен үшін ауыр тиеді» деді тұңғыш ғарышкер. Өз есімі көшеге берілгенге қарсы болса да, Астанада жаңадан құрылған ауданның Байқоңыр аталуы қуантқан екен. «Менің жаңа ауданға Байқоңыр атауының беріліп жатқанын естігенде қалай қуанғанымды білсеңіздер ғой. Бұл біз үшін, Байқоңырға қатысы барлар үшін жеңіспен тең. Аудан атауына ұсыну ел басшысы да, қала әкімі де бізді ұмытқан жоқ дегенді білдіреді. Олар Байқоңырдың ел үшін қаншалықты құнды екенін барша жұртқа паш етті» деген жүрекжарды лебізін білдірді. Қазақ батырының азаматтық ұстанымы ел-жұртқа еңбегі белгісіз, есімі елеусіз ата-бабасының, туған-туысының есімін «неге бермеске?» деп әбігерленіп жүретіндерге үлгі болса керек.
Майра БАҚЫТ
12 сәуір 2018 ж. 1 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031