Шындықтың шыңы Шаханов
Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 80 жаста. Мерейтой аясында №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінде ақынның «Жыр мұхитының жүрдек кемесі» атты шығармашылық кеші өтті.
Әлемге әйгілі Мұхтар Шахановтың жыр кешін ел-жұрт тыңдап, қауқарлы поэзиядан жаңа дем алып қайтуды әдетке айналдырған. Кештің шымылдығын әуелі «Арман» би тобының өнерпаздары ашты.
Әлемге әйгілі Мұхтар Шахановтың жыр кешін ел-жұрт тыңдап, қауқарлы поэзиядан жаңа дем алып қайтуды әдетке айналдырған. Кештің шымылдығын әуелі «Арман» би тобының өнерпаздары ашты.
Одан әрі «Арман» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Роза Мизамбаева сөз алды.
Қазақтың біртуар ақыны М.Шахановты бойына қонған қасиетті сөз өнерін қастерлеп, кемеліне келтіріп, қалың оқырманға ұсына білген аса дарынды ақын, азаматтық, парасаттылық болмысы биік тұлға деп танимыз. Өзінің ерекше таланты арқылы халық мақтанышына айналып, ұлттық рухымызға негізделген Қазақ поэзиясының асқақтауына айрықша үлес қосқан азаматқа арналған кеш еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатыр. Бүгінгі кеш те ақынның 80 жас мерейтойына арналып отыр. Ендеше қазақтың аяулы ақынына ұзақ ғұмыр тілеймін, – деді ол.
Мұнан соң жиналған қауым М.Шахановтың өнегелі өмірін лэд-экран арқылы тамашалады.
М.Шаханов 1942 жылы Түркістан өңірінде өмірге келген. Жастайынан поэзия әлеміне қалам тартып, Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ақын еңбек жолын облыстық «Оңтүстік Қазақстан», республикалық «Лениншіл жас» ,«Жалын» газет-журналдарында корректор, тілші, әдеби қызметкер, редактор болып бастап, сонымен бірге, КСРО халық депутаты, КСРО жоғарғы кеңесінің мүшесі, ҚР халық депутаты қызметтерін атқарды. Осындай ерен еңбектері еленбей қалған жоқ. Ақын Қырғыз Республикасының халық ақыны, Қазақстан халық жазушысы, түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны, 20-дан астам шет елдік академиялар мен университеттердің құрметті докторы, профессоры. Айта кетейік, Президент Қ.Тоқаев ақын Мұхтар Шахановты «Қазақстанның еңбек ері» атағымен марапаттағыны белгілі.
Кеш барысында ақынның ел, тіл тағдыры, ұлт тарихы турасында толғаған біршама өлеңдері мен поэмалары оқылды. Арнаудан соң ақын сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың әні «Арқалықтың ақ таңы» әнін әнші Д.Беркімбаев орындаса, «Гүлдәурен» әнін Римма Ералы мен Әділжан Алмасбекұлы шырқады. Мұнан соң ақын сөзіне жазылған «Әке туралы жыр» әнін Өміржан Мінуаров орындап халықтың көңілін бір серпілтті. Шығармашылық кештің соңы марапаттау рәсіміне ұласты.
Ш.ШАҒДАТҰЛЫ