Канал құрылыстарында қолтаңбасы қалған
Қай заманда да қайнаған тіршіліктің қазығын құрылыссыз елестету мүмкін емес. Адамзат өркениетінің бағасы да сонымен өлшенеді. Осы ретте өңірімізде жетпісінші жылдары қазылған барлық каналдардың құрылысының басы-қасында елдің қамын ойлаған, қара – орынға қазық байлаған, жалын жүрек, құрыш білек, қажырлы қайрат иесі Бекболат Тәжібаевтың еңбегі айрықша.
Кейіпкеріміздің балалық шағы өткен ғасырдың қырқыншы жылдарының соңы мен елуінші жылдардың ортасы, яғни неміс фашистерімен өткізген сұрапыл соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңмен тұстас болды. Ол 1943 жылы 15 сәуірде Жаңақорған ауданы, Екпінді колхозында дүниеге келген. Әкесі Тәжібай Жұманов Ұлы Отан соғысының ардагері болса, анасы Ақманар Өзденбайқызы үй шаруашылығымен айналысқан. Ол 6 айлық сәби кезінде әкесі сұрапыл соғысқа аттанып қайтып оралмайды. Содан анасының тәрбиесіне сусындап, бұғанасы бекіп өседі. 1950 жылы Екпінді колхозындағы төрт жылдық бастауыш мектебін де оқып, кейіннен 7 жылдық мектепті бітіріп, бір жылдан аса колхоздың қара жұмысына араласады. 9-10 сыныптарды Сүттіқұдық колхозындағы мектепте бітіріп «комбайнер» деген куәлікті алып шығады. 1961 жылы екі жыл қатарынан Екпінді колхозында белді механизатор мамандығы бойынша жұмыс істейді. Ата-анасының атына еш жаманат келтірмей, қай істе болсын алғырлығымен алға озды. Кәсіби тәжірибе жинақтау жолындағы Бекболаттың ізденісі мен білім жетілдіруі мұнымен шектеліп қалған жоқ. 1963 жылы Бекболат Тәжібаев Алматы политехникалық институтына оқуға түсіп, инженер-құрылысшы мамандығын алып шығады. Институтты бітірген соң, яғни 1968 жылы еңбек жолын Шиелі ауданындағы ПМК-31 мекемесінде мастер болып бастайды. Міне, осы тұстан бастап жігерлі жас маманның жұмысы қыза түседі. «Еңбек – береке бастауы» дегендей, жас та болса бас болып, еңбек майданында замандастарына үлгі көрсеткен ол көп ұзамай өзі еңбек еткен құрылыс мекемесінің бөлімше бастығы болды. Заманында наны жүріп, дәуірлеген сала-құрылыс саласы болғанын ешкім жоққа шығара алмас. Сол кезеңдерді көзімен көрген азамат сенім мен жауапкершілік жүгін арқалай жүріп, жүктелген тапсырманы тиянақты орындай білді.

Мәселен, Б. Тәжібаев 1970 жылы К-4, Р-7 және Р-12 каналдарын қазуға атсалысқан. Одан бөлек Шиелі, Сунақ ата, Ботабай каналдарының сағасын қаздым. Осы жылы аудан көлеміндегі дүре тимеген қаншама жер игерілді. Атап айтсақ Төңкеріс, Бидайкөл, Ақмая басқа да күріштік жерлерді инженерлік жүйеге келтірді. Сонымен қатар 22 су тоспасын, Жиделі су торабын соғуға қатысады.
Бүгінде ол тиянақты тірлігінің арқасында абыройға бөленген ардақты ардагер. Сол замандарда шаруасы шалқыған Шиелі каналдарының зырғып ағуына Бекболат аға өзіндік қолтаңбасын қалдырады.
– «Елге қызмет ету білімнен емес мінезден» деген. Соның ішінде осы Шиелінің халқына қызмет ету бақыты бұйырғанына қуаныштымын. Қолымнан келгенше ауданға қызмет қылдым. 36 жыл құрылыс саласында табан аудармастан еңбек еттім. Иә, Кеңес Одағы дүрілдеп тұрған шақта аудандағы барлық каналдардың құрлысына араласқаным шындық. Одан бөлек барлық күріштік жерлерді инженерлік жүйеге келдірдік. Мұны есімнен шығармай, әрдайым мақтанышпен айтамын. Жасыратыны жоқ, сонда біздегі құрылыс мекемелерінің материалдық-техникалық базасының қуаттылығы айта қаларлықтай мәз емес-тін. Топырақты үйіп, тегістеуге қолданылатын скреперлер мен автокрандар жетіспеді. Сол уақыттағы жұмыстар түйір техника жетіспеген соң, көпшілігі қолмен жүзеге асты, – дейді ол.
«Пейіліңді кеңге сал, қырманыңды дөңге сал» дегеніндей, Б.Тәжібаев ауызынан айналайыны түспейтін, жылы шырайлы жүзімен, кең пейілімен, көркем мінезімен Шиелі халқының ыстық-ықыласына бөленіп келеді. Ол 2006 жылы зейнет демалысына шықты. Сексен жасқа келген Бекболат аға отбасының қадірлі әкесі, ағайын-туыстарының қадірменді қариясы, Шиелі ауданына еңбек сіңірген азаматы. Жұбайы Шолпан Есмағанбетқызымен 7 ұл-қыз тәрбиелеп өсірді. Олардан 30 немере, 5 шөбере сүйген. Бүгінде «Еңбек ардагері» медалінің иегері.
Ш.Тілеубаев