Азаттық үшін күрескен ер
Адамзат баласына орасан зор қайғы-қасірет алып келген екінші дүниежүзілік соғыс аяқталса да оның зардабы, сұрапыл қан майданда, оқ пен оттың ортасында ажалмен бетпе-бет келген жауынгерлердің ерліктері ұрпақ жадынан өшкен жоқ. Майдангерлердің бірінің тағдыры екіншілеріне ұқсамайтын қилы оқиғаларға толы, бірақ бәрінің де Отан қорғауға қосқан үлесі өлшеусіз. Олар ештеңеден аянбады, елін, жерін қорғады. Соның бірі – атқыштар полкінің құрамында болған Салтай Тобағабылов.
Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Бойы өсіп, бұғанағы қатпаған бала мен еңкейген кәріге дейін Отан үшін тер төкті. Бәрінің көкірегін кернеген жалғыз ой ол – Жеңіс туының көкте желбіреуі, ағайынның Отанға аман оралуы болатын. Кейіпкеріміз Салтай Тобағабылов 1915 жылы қазіргі Шиелі ауданы, Жаңатұрмыс (Байсын) ауылында дүниеге келген. Бала кезінде ауыл молдасынан арабша хат танып, сауатын ашады. Кейіннен латынша білім алады. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін, Шымкент қаласында 6 айлық бухгалтерлік курсты бітіріп шығады. Бітірген бойда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданындағы «Байылдыр» ұжымшарында бухгалтерлік қызмет атқарды.Содан кейін, отбасылық жағдайына байланысты өзі туып-өскен өңірге қоныс аударып Шиелі ауданы, «Жаңатұрмыс» ұжымшарында есепші болып жұмыс істейді. Алайда, көп ұзамай Ұлы Отан соғысы басталып, 1941 жылдың тамыз айында Шиелі әскери комиссариаты арқылы әскерге алынады. Ол 1941-1943 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына №46 дербес атқыштар бригадасында атқыш болды. Оқ пен оттың ортасында жүріп, 1943 жылдың 19 наурызында қатты жарақат алып, елге оралады. Денсаулығы майдан даласына қайта оралуға мүмкіндік бермесе де, соғыстағы сарбаздардың тілеуін тіледі. Елді, жерді жаудан азат етер күн туарына сенді. Сол сенімі қайтадан аяққа тұруға сеп болды.

Салтай Тобағабылов ауыр дерттен арпалысып, енді еңбек майданына еніп кетті. Елдің еңсесін тіктеу жолында қажырлы еңбек етіп, құлдыраған экономиканы қалпына келтіруге күш жұмсады. 1945 жылдан бастап Шиелі аудандық «РайЗО-да» бас бухагалтер, 1947-1948 жылдары Шиелі ауданына қарасты, Ақтоған ауылында есепші, 1949 жылы бұрынғы «Қазақстанның 30 жылдығы» қазіргі Талаптан ауылдық ұжымшарында басшылық қызметті атқарды. Одан соң, 1950-1952 жылдары «Төңкеріс» ұжымшарында, 1953-1973 жылдары аралығында «Коммунизм» ұжымшарында бас бухгалтерлік қызметтерін атқарып, зейнеткерлікке шықты. Зейнет демалысына шықса да қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытты. Шиелі кентіндегі, ПМК-31 мекемесіне қарасты, нөмір 1 автобазада кадр бөлімін басқарды.
Жеңісті жақындатуға үлес қосқан жауынгер Салтай Тобағабылов – І дәрежелі «Отан соғысы» орденінің, сондай-ақ «Ерлігі үшін», басқа да көптеген мерекелік медальдардың иегері.С.Тобағабылов соғыстан бұрын шаңырақ көтеріп, жары Гүлсара Салихова екеуі өмірге 6 ұл, 2 қыз алып келеді. Олардан 25 немере, 44 шөбере, 30 шөпшек өрбіді. Ұлы Отан соғысының ардагері 1987 жылдың наурызында 73 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Иә, кейінгі буын – біз әлі күнге дейін соғыс жайындағы әңгімелерді, бірін-бірі қайталамайтын ерліктерді кітап, басылымдардан, бұл күнге жете алмаған жауынгерлердің ұрпақтарынан, құжаттардан естіп, біліп келеміз. Жерді жаудан қорғап, Отан үшін от кешкен майдангерлерге тағзым ету бізге парыз. Бейбіт күннің ұрпақтары батыр бабаларын ұмытпайды.
Динара АЙтуарова