Жұлдыз ғұмыр
Ертеде бір данагөй қария «Ғапыл өмірдің басы мен аяғы есіктен кіріп төрге озғандай бір-ақ тұтам, барзақ әлеміне барар жол азығың болатын сауапты істің ең үлкені – алғыс алуға асығыңдар» депті. Соған қарағанда адам өмірінің маңызы оның ұзақтығымен емес, мазмұн баянымен ғана өлшенетінге ұқсайды. Ал отызында-ақ ордалы елдің назарын аударып, қырыққа жетпей орысы мен шешені, немісі мен кәрісі топтасқан, тілі мен мәдениеті, әдеті мен ғұрпы бөлек көп ұлтты өңірдің үлкен-кішісінің шынайы ықыласын сезініп, алғаусыз алғысын алған ерен тұлға Смайыл баласы Дүйсенбінің қысқа да болса ғұмырнамесінің осыншалықты мазмұнға бай болғаны таңқалдырады. Күрмеуге тұрмақ ілуге келмес келте пішілген өмір жолында осыншалықты абырой-бедел жинау, Сыр өңірі саңлақтары қатарынан көрініп, көзі тірісінде-ақ «Айбозым!!!» атқа ие болғаны өнегелі өмір емей немене? Жастау болсам да, маңдайы жарқыраған нар тұлғасы мен нұр шашып тұрар тұңғиық жанары ерекше үйлесім тауып, миығынан ғана жымиып жылыұшырай қарайтын қызыл шырайлы кісінің кескін-келбеті күні бүгін есімде. Олай болатын жөні бар. Үлкеніміз Оразбек ауылға келген сайын жапырайған 2 бөлмелі құжырамыздың алдына ілуде бір көретін өзімізге соншалықты таңсық жасыл түсті ГАЗ-69 қызметтік көлігімен күн аралатып Дүйсенбі ағам соғып тұрар еді. Екеудің ұзақ-сонар әңгімесінде шаруам шамалы, бар ынта-зарым жалтыраған жеңіл көлікке ауатын. Бір-екі рет Оразбекке еріп барып қызметтік кеңсесіне кіріп (бүгінде кемпір болған тақылдаған дөңгелек жүз шикіл сары хатшы қызын әліге дейін көріп тұрамын) көріп, осы күнгі мәдениет үйіне жақын жердегі үйінде де болғанмын. Айтпағым, Дүйсенбі ағамызды ең жақын туыс көретін түсінік бала күнімізден-ақ қалыптасқаны және әке-шешеміздің де өз баласындай көрген айрықша ықыласы болатыны. Сондай жақын адамың жөнінде суық хабар естудің соншалықты ауыр болатынын бала жүрегіммен алғаш рет сезінген едім. 9-шы сыныпты аяқтауға бір-ақ апта қалған сол қаралы күні түс әлетінде ебіл-дебіл 4 шақырым ауылға өкпем күйіп жүгіріп отырып жете жығылғаным, есі шыққан әке-шешем, ауылдың үлкен-кішісінің күңіреніп кеткені жадымда жатталып қалған. Жылдар өткенде бұл қайғының тек біздің ауыл ғана емес, бүкіл аудан, облыстың аза тұтқан көптің көзі жас, көкірегі шемен болған, күмәні мен күдігі көп аса ауыр қаза болғанын ұғындық.
Биыл асыл ағамыздың туғанына 90 жыл толыпты. Күрең күздің берекелі дастарханы жайылып, жоғары дәрежеде атап өтілуі жоспарланған шарада бекзат болмысты Дүйсекең ағамыз жайлы не бір жақсы естелік әңгімелер, лебіздер легі ағытылары анық. Барша қазаққа танымал айтыс ақындарының да сүбелі сөз саптайтындарына күмән жоқ. Осы күндері бірді-екілі ғана көз-көргендер болмаса, ол кісінің қатар-құрбы тұстастарының тұтасымен бірі ерте, бірі кеш өзі секілді келместің кемесінің жолаушыларына айналғаны қашан? Осы себептен де ол кісінің қысқа ғұмырындағы туа бітті бекзат болмысы мен, талант-тағылымы, ақындық қуаты, азаматтық тұлғасы, бүгіндері аты қазаққа мәлім Шиелі өңірінен түлеп ұшқан үш толқын жазушы-журналист, белгілі қаламгерлердің рухани ұстазы болған тәлімгерлігі жайлы, мектеп жасынан өзі құрған әдеби бірлестік қабырғасынан баулып, жөн сілтеп жол көрсетіп қолтықтан сүйер демеушісі, жөн сілтер жебеушісі болған сол шәкірттерінен асырып кім айта алар?
Қолынан қаламын тастамай жүріп өзінің аққан жұлдыздай қысқа ғұмырында Сыр бойындағы ең іргелі ауданның идеология саласын басқарып денсаулық сақтау, оқу ағарту, мәдениет пен спорт, баспасөз, әлеуметтік қамсыздандыру, профсоюз, жастар ұйымына жетекшілік етіп қыруар істің бастамашысы да, ұйымдастырушы-үйлестірушісі бола жүріп аз ғана жылда айтулы табыстарға жеткен биік бедел иесінің есімі сол тұстарда ауылдан Алматыға дейін танылып мойындалғаны жөнінде бірге қызметтес болған әріптес, замандастарынан артық кім айта алар? Халқына қалтқысыз қызмет етудің эталлоны болған Дүйсекеңнің тым ерте мойындалған көшбасшылық қасиеті өзім болып көрінген кейбір өзгелердің өзегін өртеген күйкі күйініштері болған болымсыздар жөнінде де кезінде ел аузында ұзынқұлақ сыбыр-күбір әңгіме өрбігені рас. Мұндай пәндәуи болмыстың болмай қоймайтын құбылыс екені тағы да аян. Осындайда көнеден келе жатқан мына бір тәмсіл еске түседі. Дүниеде өте сирек те болса зәуде бір адамдар көзіне қардай аппақ кәдімгі қарға тұқымдас құс көрінеді екен да, соның сырын білмекке сұрағандарға бір данышпан «Ақ қарға – басқа тұқымдастарының қара қарға екенін дәлелдеу үшін көрінсе керек!» деп қысқа қайырыпты ғой. Сондай-ақ, уақытында өз тұстастарынан айрықша дараланып тұлға болып танылған Дүйсекеңнің қыр-сырын онымен етене араласқан, ниеттес, рухтас, қамқорлығын көрген, әріптес үлкенді-кішілі замандастарының ол жөніндегі ой-толғамдары оның тегіне тартқан бекзат болмысын айшықтай түсері хақ. Ендеше, діттеген тақырыпқа ойысып замандастар естеліктерінен үзік-үзік сыр тарқатайық.
Ел аузындағы естеліктер
Оразбек Сәрсенбай, жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Оразбек Сәрсенбай, жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
– Осы уақытқа шейін менің өмірімде Жаратқан Иемнен кейінгі жебеушімдей желеп-демеп, ең бір керекті, қысылтаяң кездерде қолтығымнан сүйеп сүйенішке, тіреуішке айналған жақсы адамдар болған екен. Тілеудің, ниеттің туралығы ғана – адал достықтың кепілі екені белгілі. Осындай көңіліміз жарасқан аға достың бірі әрі бірегейі – Дүйсекең, Смайылдың Дүйсенбісі еді. Дүйсекеңді мен өмірдегі және өнердегі алғашқы ұстаздарымның қатарында тұрды десем артық айтпаспын. Әрі жерлесім, әрі туысым, жақын сыйласым болған Дүйсекеңнің өмірі мен өлімі менің ой-санама тигізген әсері соншалық, кейінгі есейген жылдарда жазылған шығармаларыма ол бірде кейіпкер, бірде прототип, бірде фон, идеялық қазық ретінде қатысып отырды. Аса сабырлы, асқан парасатты, терең білімді Дүйсекең ешқашан өз пікірін үстемдеп, үстемелеп өткізуге тырыспайды, ерекше артық қасиеті – қасындағы жақынының жақсылығына, жетістігіне қашанда қалтқысыз қуана білетін еді. Оның үстіне, оның жасынан кітап құшақтап, өнер, білім соңына түскені де өзге қарапайым қатарына қарағанда ой өрісін кеңейтіп, азаматтық, адамгершілік тұлғасын ертерек қалыптастырғаны анық.
Ғафур Мұхамеджанов, қоғам қайраткері.
– Шиелі өңірінде дүниеге келген не бір айтулы тұлғалар – Мұстафа Шоқай, Ыбырай Жақаев, Қалмақан, Әбділда, Шахмардан, ағайынды Қалжан, Әуелбек, Әлібек Қоңыратбаевты кім білмейді бүгінде. Сол игі жақсылардың ізін баса шыққан Дүйсенбі Смайылов та алтынның сынығы, тұлпардың тұяғы еді. Жарқырап жанып, жалыны талайдың жүрегіне нұр болып құйылып, сәуле болып шашылып, енді толысып, кемеліне келіп, бойындағы бары мен нәрін беріп келе жатқанда қапияда құйрықты жұлдыздай ағып түсті. Мен партия комитетінің бірінші хатшысы кезімде оны аудандық «Өскен өңір» газетіне редакторлыққа тағайындап кейін идеология жөніндегі хатшы етіп жоғарылаттым. Ол хатшылық қызметінде жүріп, Шиелі ауданы даңқын бұрынғыдан да көтеріп тастады. Әсет Бейсеуовке әнін, өзі сөзін жазып Шиелі вальсін – «Сыр маржанын» дүниеге алып келді. «Жас Дәурен» ансамблінің құрылуына ұшан-теңіз үлес қосып, бұл өнер ұжымы Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, Өзбекстанда да концерттер қойып, атақ-даңқы дүркіреп шықты. Дүйсенбі – таудай тұлғасымен де, сыртқы сымбат, ішкі жан сұлулығымен де ерекшеленетін.

Феруза Жүсіпова, партия-кеңес ардагері.
– Асыл азамат Дүйсенбімен партия-кеңес жұмысында ұзақ жыл бірге қызметтес болдым. Мен ауатком төрағасының орынбасары болған 11 жылда ол аупартком хатшысы еді. Сонда ауданның мәдени-ағарту, денсаулық, тұрмыстық қызмет салаларындағы қат-қабат шаруаларды қоян-қолтық бірге атқаруымызға тура келді. Өте білімді, ұтқыр ұйымдастырушы, тәрбиесі мен тағылымы мол ғажап азамат Дүйсенбіні қашан да өзіме ұстаз, ақылшы санадым.

Мәлібек Санаубаев, соғыс және еңбек ардагері.
– Қазақтың біртуар азаматы, қайраткер, қаламгер, жаны жайсаң, көңілі дархан арыстай азамат Дүйсенбі Смайыловпен ұзақ жылдар бойы бірге жұмыс істеу, сол кездері халық игілігі үшін атқарылған жұмыстар мен саяси-ағарту мәселелерімен бірге айналысу бақыты менің де еншіме тиген еді. Сол жылдар менің өмірімде өзіндік бір қайталанбас із қалдырып, бірге болған, бірге өткізген күндер мен жылдар әлі күнге дейін көз алдымда сақталып қалды. Оның ең басты қасиеті – қандай да бір жұмыс болмасын адамдарды жұмылдыра білу, олардың әрқайсының міндеттерінің маңыздылығына, оны атқара алатынына сенімін арттырып ынталандыру болатын. Принциптілік, парасаттылық, оперативтілік, іскерлік, жоғары орындаушылық қасиеттерінің барлығы да Дүйсекеңнің бойынан табылатын.

Ұлман Мәмреева, еңбек ардагері.
– Дүйсенбінің қатарынан озық болып, алды-артын танып ерте есейгені де өмірдің ащы-тұщысын ерте татқанынан болса керек. Өйткені 9-10 жасынан елдің бас көтерер азаматтары майданға аттанғанда сол ерлердің орнына ауылда қалған қарттармен, әйелдермен бірге күн-түн демей қара жұмыс істеді. Сол кездері сабақтан шығар-шықпастан егіс басында, дала қосында білек түріп белсеніп жүрген Дүйсенбінің қатарына, қаршадай балаларға қарап, жанымыз ауыратын. Кейіннен ауылдан аудан орталығына келген Дүйсенбі қоғам өміріне белсене араласып, қызмет баспалдақтарымен де тез өсіп, үлкен-кішіге құрмет қамқорлығы мен шарапатын тигізуден танған емес. Ол бәріміздің де, орыс, неміс, кәріс, шешен ағайындардың да тілін табатын, оларда Дүйсенбі десе құрақ ұшып құрмет жасайтын, өздеріне тірек, сүйеніш көретін.

Серғара Ізтілеуұлы, ұлттық қауіпсіздік қызметі ардагері, отставкадағы полковник.
– Адам дүниеге келгеннен кейін аз өмір сүрсе де кейінгіге айтарлықтай өнеге боларлық үлгілі ісімен жақсы атын қалдырғанға не жетсін? Оның бала болып өсіп, мектепке барып, оқып жүрген кездері менің көз алдымда өтті. Дүйсенбі Смайылұлы көзі тірісінде де және дүниеден өткеннен кейін де ел аузынан тастамайтын абырой-атаққа ие болған азамат еді. Дүйсенбінің ақыл-парасаты, ойлы сөздері, мәдениетті жүріс-тұрысы есімнен кетпейді. Әркез оның өр тұлғасын, сөзін сағынамын.

Дәуірхан Айдаров, дербес зейнеткер.
– Аға-іні, замандастың қадірін уақыт өткен сайын ұғынады екенсің. Халықта «Өз заманынан бұрын туған» деген ұғым бар. Бұл сөз көбіне дүниеге мезгілінен бұрын келіп, арманда өткен жанға айтылады. Осындай жанның бірі әрі бірегейі Дүйсенбі Смайылұлы еді. Облыстың мәдени-рухани өмірінде Дүйсенбі есімі кеңінен танылды. Дүйсенбінің келбеті де көрікті, парасаты да биік, рухани дүниесі де кең еді. Уақыт өткен сайын Дүйсенбі тұлғасы биіктей түскендей, қанша жыл өтсе де оның бейнесі, жарқын жүзі, пәктігі мен бекзаттығы көңілден кетер емес.

Абдолла Дәулетұлы, дербес зейнеткер.
– Дүйсенбі – негізінен екі салада, ал түбегейлеп келгенде бір-ақ жүйеде, бір бағытта, бір құрылымда қызмет жасады. Ол – партия жұмысы. Дәлірек айтсақ, кешегі Кеңес еліне, халқына саяси басшылық жасаған, рухани тәлім-тәрбие берумен айналысқан санагерлік саланың нағыз сардары бола білген ол жеке басының жоғары мәдениеті, жан-дүниесінің кеңдігімен қоса білімпаздығымен ерекшеленетін.

Мәрия Жұматқызы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, баспасөз қызметінің ардагері.
– Байыптап қарар болсақ, өмірдің өзі таразы. Бір уыс қиыршық тасты елекке салып елеп отырып, оның алтынын айырып беретін секілді, адамның да мысы мен жезін, алтынын екшеп көрсетіп беретін де сол өмір. Ал алтын еш уақытта жерде жатпайды, әйтеуір бір жарқырап көзіңе түседі. Дүйсекең қапылыста дүниеден өтті, жарқырап тұрған бір жарық жұлдыз мезгілсіз ағып түсті. Ол кеткенде аудан халқы күңіреніп: «Азаматымыз еді, боздақ, бозым еді» деп қабырғалары қайысқандардың куәсі болдық.

Қайырбек Мырзахметұлы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, баспасөз қызметінің ардагері.
– Сонау 50-ші жылдардың ортасында Шиелінің «Коммунизм жолы» газетінде нағыз журналистер шоғыры қалыптасқан екен. Корректорлер Құлахмет, Құрманбек Рысбеков, қазақшаға ағып тұрған әңгіме жазатын шешен жігіті Абдулхамит Исаев, әдеби қызметкер Оразбек Бодықов. Әдебиетке бейімі барлардың пікірталасы көбіне-көп Дүйсекеңнің үйінде жалғасып, таң атқанша әңгіме-дүкен құратын көрінеді. Шиелінің әңгіме, өңшең өлең жазатындары осы үйде бағын сынайды. Дүйсекең талдайды, бағыт-бағдар береді. Дүйсекең сол кезде орта мектепте оқитын Оразбек Сәрсенбаев пен Сәрсенбек Жұмабековтен үлкен үміт күтетін. Екеуі жұбын жазбайтын, жарыса өлең жазатын. Сол кезде жұлдызының жанарын байқаған Дүйсекең Оразбекті аузынан тастамайтын.

– Талантты бала. Көрерсің әлі бұл екеуі Шиелінің даңқын асқақтатады депті. Әттең Сәрсенбектің ғұмыр жасы тым қысқа болды. Ал Оразбек Сәрсенбаев – мемлекеттің сыйлықтың лауреаты, бірнеше кітаптың авторы. Бәріміз де Байқоңыратов, кейде Қоңыратов болып жазатын аты бар Дүйсекеңнің шинелінен шығып едік. Алғаш жазу-сызуға туған ағамыздай баулыған, тәрбиелеген аға еді. Жазғанымызды жөндеген сайын құлпырып шыға келетін. Газетке шыққан бойында өзім ұяламын. Бір сөзі өзімдікі емес. Бірақ екінің біріне «көрдіңдер ме, біздің жазуымыз осылай» деп шіреніп қоямын. Бәрін өңдеп жазатын да, өзімізді қамшылап жұмсайтын да Дүйсекеңнің қалам тартар азаматтарға ықыласы бөлек еді.
Дүйсекең жайлы замандастары жазған естеліктерінің (үзінді) бір парасы осылай болып келе береді. Сағыныш сарыны басым, шынайы лебіздер легін көңіл толқымай оқу мүмкін емес. Өзінен 9 жас кіші Раушан қарындасының үйінде жатып жұмыс істеген соңғы қызметіндегі бір түні ойда жоқ шетін әңгіменің ұштығын шығарғандай аяқ астынан:
– Раушан, көкем тура 43 жасында қайтқан екен-ау, – деді. Мен алғашқыда аңтарылып қалып, түсініңкіремей «неге олай айтты?» деп ойланам дегенімше, тағы: «Біздің Жандос екі жаста ғой...» деді де әңгімені басқа жаққа бұрып жіберді. Бұл сол 1975 жылдың ақпан айы еді. Тылсым түйсігімен әлде бір сұмдықтың суық сұсынан түршіккендей болған Дүйсекеңнің өзі де тура 43 жаста болатын. Абыройы асып, мерейі тасып лапылдап жанып тұрған кемеліне енді келер дер шағында кәнігі партиялық-бюрократиялық номенклатура тарапынан орын алған тым оғаш та озбыр көпе-көрнеу ротациялық қиянатқа облыс, аудан халқының өзіне деген алғаусыз құрметінен туған осыншалықты ыстық ықыласы да араша бола алмапты. Сөйтіп ел аузына тым ерте ілінген Дүйсекеңе тіл тиді ме, көз тиді ме, әлде бір қаңқу сөз тиді ме, бір қарағанда жоғарылау болып көрінетін жаңа қызметіне енді кіріскен кезде мамырлаған мамыр айының шуақты күні түнге, түні күңіренген қаралы күнге ұласып, аудан халқы қабырғасы сөгіліп, ет жүрегі езіліп жүріп аяулы ұлын мәңгілік мекеніне аттандырып, жер қойнына тапсырып еді. Арада жарты ғасыр өтсе де, мезгілсіз ағып түскен жұлдыз ғұмырдың шұғыла сәулесі ғарыш кеңістігіндегі ой жетпес биігінен әліге дейін жалт-жұлт нұр шашып тұрғандай көрінеді де тұрады бүгіндері. Жұмыр жерді мекен еткен әрбір адамға бұйыра бермес жұлдызды ғұмыр деген осы болса керек!
Ағатайым, арысым
Ақын өлді! Жаралған күн нұрынан!
Ақын өлді! Жаралған күн нұрынан!
Жаралған сәби-сәуле шындығынан!
Қайтейін, қимасымды қолдан көміп,
Қиялға құл боп тұрмын мың құбылған!
Жоқ еді ол бір адамды жылатуға,
Бар еді мың адамды жұбатуға.
Содан ба? Құдірет күштің өзі именіп,
Тұратын оған тура тіл қатуға!
Даусына дәрменсіздің құлақ түріп,
Демейтін жан-жүрегін шырақ қылып!
Шындықтың шырағындай шынарым ең,
Қайтейін, «Қош!» деймін ғой жылап тұрып!
Қанапия Дәрібаев
СОҢҒЫ СӨЗ
Түйресеңдер түйреңдер жиде-шеңгел,
Түйресеңдер түйреңдер жиде-шеңгел,
Сүйер едім құшақтап сүй десеңдер.
Ауырды деп айтпас ем осы қазір
Оңды-солды он рет сүйерсең де!..
Қоңырау гүлді қоңырым құшағыңды аш,
Құлыныңның соңғы рет нысабын бас.
Бірге өскен төлміз ғой туған жерде,
Бірге туған тікен де пышақ ұрмас.
Қоңырау үнді қоңырым күмбірлеші,
Қоштасар сәт жеткенін кім білмесін?!
Ақмешіт пен ауылдың арасында
Құранымды шығарар күлгін бесін.
Желкілдетші желменен желегіңді,
Мұндай болар демеп ем мен өлімді.
Басымды сәл көтерші, көрер ме екем
Көңілім қалмас Шиелім, Жөлегімді.
Ең соңғы рет барады қарағым кеп,
Мекеніме қайнаған жаңа гүлдеп.
Шырқау шыңға шыққанын аңсаушы едім
Көре алмаймын, қайтейін, амалым жоқ.
Шаңға оранып шалдыққан шағыр дала,
Шалқақ кеуде – Шиелім шағын қала.
Ертеңіңе сенуші ем ертегідей
Жұмағыңа жеткенше дамылдама!
Шырағымды жаққанмын Шындық деген,
Ар жолына адал ем – құлдық дер ем.
Тым шынайы болам деп шошыттым ба?
Көрген сынды біреулер сұмдық менен.
Жүрегім ол – туған жер – шабыр мына,
Пешенеме жазылған шағын мұра.
Мұрама мен қастандық жасағандай,
Айдап салды алысқа, айырды да.
Туған жерім қанатым – айым тура,
Айым асқақ еді ғой, бойым бұла.
Тым аспандап кетеді деді ме екен
Қанатымнан тастады қайырды да.
Шек қоя алмай сағыныш – шекараға,
Шапқыладым ерте-кеш екі арада.
Туған жердің топырағы бұйырсын деп,
Ажал мені тосқан-ау, осы арада.
Тосса-тоссын,
Қорықпай қарсы алайын.
Туған жерге соңғы рет тамсанайын.
Қапияда құлаған қалпымменен,
Жалғандықты жайпайын, жар салайын.
Жаза алмап ем жан тербеп өлеңіммен
Қалдырайын атымды мен өліммен.
Ақындығын әкімдік жұтып қойған
Азамат ед деріңе сенемін мен.
Жаза алмап ем жан тербеп өлеңіммен,
Шошытайын сұмдарды мен өліммен.
Жыр жазуға шамасы болмай кетті,
Деп еске алар халқыма сенемін мен.
Жаза алмап ем жан тербеп өлеңіммен,
Жоя алмайсың жамандар мені өліммен.
Шындық шіркін көзіңе шұқып тұрып,
Шырқыратар шаққа да сенемін мен.
Қорықпаймын ағайын мен өлімнен,
Топырағыңа тігілген тірегің ем.
Бойда кетті күллі арман, ақын қиял
Бермегенім көп еді берерімнен.
Қоңырлатып қоңыраула жиде, шеңгел,
Түйреңдерші тәнімді түйресеңдер.
Құшақтауға халім жоқ, қаным бітті
Сүйер едім аймалап сүй десеңдер.
Ар жолында алшаңдап жүрсем дедім.
Бойым биік болды ма –
бүркенбедім.
Қарағайға қарсы бір біткен бұтақ
Мен осындай дер едім,
Дүйсенбі едім!
Елім барда қалайша суаламын?!
Көктей берем!
Демеймін қуарамын.
Жақсылардың қанымен көктеген жер
Мен де сені соңғы рет суарамын!
Қуаныш УӘЛІШЕРҰЛЫ
Әзірлеген
Исабек Сәрсенбайұлы
Исабек Сәрсенбайұлы