ЖОЛ ҚАТЕЛІКТІ КЕШПЕЙДІ
Жуырда аудан әкімдігінің баспасөз орталығында Шиелі аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Әнуаровпен жол қауіпсіздігін қамтамыз ету мәселелеріне қатысты брифинг өтті.
– Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қай кезде де назарда. Бұл мәселе тек полиция қызметкерлеріне ғана емес, жалпы халық үшін де маңызды екені даусыз. Жол ережелерін қатаң қадағалау, қауіптің алдын алу жұмыстарын жүргізгеніне қарамастан, осы жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларынан 18 адамның мерт болғаны анықталған. Сондай-ақ 48 азамат түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған. Осы бір жантүршігерлік статистиканы болдырмау үшін қоғам болып бірлесе жұмыс атқарғанымыз абзал, – деді Б.Әнуаров.

Баспасөз брифингінде келтірілген дерекке зер салсақ, бүгінде елімізде 4 млн-нан астам көлік тіркелген екен. Көлік саны артқан сайын жол-көлік оқиғаларының саны да көбейе түскен. Сондықтан көлік жүргізушілері жол ережелерін сақтауға баса назар аударғаны дұрыс екендігін айтады мамандар.
Б.Әнуаровтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері 3995 құық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 1758 әкімшілік құқық бұзушылыққа «ескерту» түріндегі жаза қолданылған. Сондай-ақ ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген 84 жүргізушіге тәртіптік шара көрілген. Есепті мерзімде орын алған 40 ЖКО-ның 45 проценті яғни, 18-і «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында, 12-сі кент орталығында және 10-ы ауыл аралық жолдарда болған.
Нақтыласақ 23-і жылдамдықты шамадан тыс арттыру салдарынан, 17-сі жол ережелері талаптарын сақтамауынан, 2-еуі жол қиылысы ережелерін бұзуы, 8-і жол-жөнекей соқтығысудан болған. Адам қазасына әкеліп соқтырған 16 жол көлік оқиғасының 11-і жылдамдықты шамадан тыс арттыру салдарынан, 6-ы жол ережелерінің талабын сақтамау салдарынан орын алған.
Кент орталығында және ауылдарда жалпы саны 580 көше бар. Оның жалпы ұзындығы 504 шақырым болса, 14263 көлік құралы тіркелген. Оның ішінде 10405 данасы жеңіл автокөлік болса, 1997 данасы ауыр жүк көлігі. Оған қоса 500-ден аса Ресей Федерациясының тіркеуімен жүрген автокөлік бар. Яғни темір тұлпардан келетін апаттың саны көбеймесе кемімей тұр. Оған жыл сайын көлік санының артуы да себеп.
Брифинг соңында Бақытжан Жарқынбекұлы салаға қатысты БАҚ өкілдері қойған сауалдарға жауап қатты.
Сұлушаш МАДИЯРОВА