ДАЛАМНЫҢ ИІСІ БҰРҚЫРаП, ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ...
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп жиі айтамыз. Бірақ сол қазынаның қадіріне жеттік пе? Төрімізде отырып төрелік айтатын төрешілерімізді төмендетіп алған жоқпыз ба? Алатаудай ақылшыларымыз аласарып қалмады ма? Атаның айтқанына, кейуананың кеңесіне құлақ түріп, құп алатын жастар бар ма өзі?
Үлкендердің үні, бағыт-бағдары – бүгінгі қоғамға ауадай қажет. Себебі мың жерден заман дамыды, ғаламтор ғажайып дегеніңмен, оның да білмейтін тұстары жетерлік. «Ақылды қария – ағып жатқан дария» дейді қазақ. Шынында да қарттар – ағып жатқан дария іспетті. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қариялардың да білетіні соңдай терең. Олардың ақыл-парасатына кейінгі ұрпақ қашанда мұқтаж.
Үлкендердің үні, бағыт-бағдары – бүгінгі қоғамға ауадай қажет. Себебі мың жерден заман дамыды, ғаламтор ғажайып дегеніңмен, оның да білмейтін тұстары жетерлік. «Ақылды қария – ағып жатқан дария» дейді қазақ. Шынында да қарттар – ағып жатқан дария іспетті. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қариялардың да білетіні соңдай терең. Олардың ақыл-парасатына кейінгі ұрпақ қашанда мұқтаж.
Қазақ үлкенді сыйлауға, әсіресе, қарттарды құрметтеуге ежелден ерекше көңіл бөлген халық. Қанша жетістікке қол жеткізсең де, ата-ананың ақ батасын алмай жасаған істе береке болмайды. Жетім-жесірін жылатпаған, ата-анасын, қарттарын ренжітпеген халық қана болашаққа нық қадам басады. Себебі ата көргеннің ақылы артық, өмір көргеннің өнегесі артық екенімен ешкім дауласпас.
Сәбидің бәрі өмірге бақытты болу үшін жаралады, ал бұл сөз қарттарға да қатысты екенін ұмытпайық. Себебі олар өз балаларын шын жүректен сүйіп, олардың бақытты болуы үшін қолдан келерін аямады. Ендеше, біз де қарттарымыздың жақсылығын ұмытпайық. Қарт болу бізді де күтіп тұр. Қазақтың «Атаңа не істесең, алдына сол келеді» деген сөзін естен шығармаған абзал.
Ақ жаулықты әжемнің «Жасымда қаншалықты бейнет берсең, қартайғанымда соның зейнетін көрсете көр» деп Жаратқанға жалбарынып отырғанына талай куә болып келеміз. Бұған қоса адам баласының әдемі қартая білуінің өзі баға жетпес бақыт екенін әр сөздеріне тұздық етеді. Иә, әжемнің әр сөзінің жаны бар.
Адамның жаратылғаны секілді әркімнің әртүрлі қартаятыны заңдылық. Біреулер егде тартқан шағында үрім-бұтағының ғана емес күллі жұрттың ықыласына бөленіп, ардақтысына айналса, кейбіреулердің бала-шағаның берекесін қашырып жүріп берекесіз шал-кемпір атанатыны шындық.
Бауыржан Момышұлы жасы үлкен қарттарды шал, қария, ақсақал және абыз деп төртке бөлгені белгілі. Отбасы, ошақ қасынан ұзап шыға алмай, түтін аңдып, үй аралап, өсек айтатындарды шал деген. Өз әулетін шашау шығармай уысында ұстап, билік жүргізген қартты қария деп, тұтас бір ауылдың жыртығын бүтіндеп, айбынын асырып отырған жанды ақсақал деп, елдің дау-дамайын шешіп, арғы-бергі тарихтан әңгіме қозғап, тұла бойына ұлттық рух, ізгі қасиеттерді молынан сіңірген адамды абыз деп атаған.
Иә, батыр Бауыржан айтқан ұлттың рухын асқақтатып, дәреже даңқын асырып, кішісіне кісілікті үйретіп, үлкеніне үлгі көрсететін алдыңғы толқынның алар орны айрықша екені айтпаса да түсінікті.
Желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақ алдыңғы толқын ағалардың өнегелі ісін бойына сіңірсе – ел ертеңі жарқын болады. Қариясын сыйлап, төбесіне көтерген елден қасиет-кие айналып өткен емес.
Алпысқа келгеннен ақыл сұра
Бір күні хан жасы 60-тан асқан қарияларды өлтіруге жарлық шығарады. Әкесін өлтіруге қимаған баласын көріп, шал мырс етіп «Дәл жиырма жыл бұрын дәл осы жерде мен де әкемді өлтіріп едім. Басыма келді деп күледі. Мұны естіген жігіт әкесін сандыққа салып, бағады.
Бір күні хан жасы 60-тан асқан қарияларды өлтіруге жарлық шығарады. Әкесін өлтіруге қимаған баласын көріп, шал мырс етіп «Дәл жиырма жыл бұрын дәл осы жерде мен де әкемді өлтіріп едім. Басыма келді деп күледі. Мұны естіген жігіт әкесін сандыққа салып, бағады.
Бір күні жорыққа аттанар кезде сандықтағы әкесін бірге алып жүруіне тура келеді. Жолда шаршаған жауынгерлер бір дарияның жағасына келіп тоқтады. Сонда мөлдір су астында жатқан гауһар тасқа ханның көзі түседі. Оны алып шығу үшін терең дарияның түбіне сүңгіген сарбаздардың бірде бір қайтпайды. Сонда әкесі сыртта не болып жатқанын сұрайды. Баласы болған жайды, өзінің кезегі де келіп қалғанын айтады.
Сонда әкесі дарияның жағасында ағаш бар ма дейді? Баласы «иә» дейді. Сонда шал баласына: «Дарияның түбінен емес, ағаштың басындағы құстың ұясынан гауһар тасты табасың» дейді. Баласы дәл солай істеп, гауһар тасты алып береді. Хан жігіттен гауһар тастың ағаш басындағы ұяда жатқанын қайдан білгенін, неге ерте айтпағанын сұрайды. Жігіт амалсыз сандыққа тығып бағып жүрген жасы алпыстан асқан әкесінің кеңесімен тапқаннын айтады. Хан риза болып, қарияларды өлтіру туралы жарлықтың күші жойылғанын жариялайды. Содан бері халық арасында «алпысқа келгеннен ақыл сұра» деген нақыл сөз қалған екен.
Қария десе Сағи ақынның: «Даламның исі бұрқырап, қарттарым, аман-сау жүрші» деген сөзі еріксіз ойға оралады. Бүгінгі жас буын ертеңгі қариялық жолға басады ғой. Қазыналы қарттың қадірінен айырылып қалмасақ болғаны.
Г.ЯХИЯ