Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Электронды үкімет порталы бейнеқызмет түрлерін көбейтеді

Электронды үкімет порталы бейнеқызмет түрлерін көбейтеді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ­ауыстыру жоспарға сәйкес жүргізіліп, бүгінде олардың үлесі 94 процентке жеткен.
Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында мемлекеттік қызмет көрсетудің 175 бизнес-процесіне жаңа әдістеме бойынша реинжиниринг (толықтай қайта қарау) жасалған. Нәтижесінде жұмсалатын қағаз саны мен қажетсіз бюрократия жойылған. Ал 2025 жылға дейін барлық 5 мың бизнес-процеске толық реинжиниринг жасау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қызмет түрін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, бейне-қызмет арқылы алу мүмкіндігі іске асырылуда. Жыл соңына дейін олардың саны 44-ке дейін артады. Мұнан бөлек ХҚКО-ларды жаңғырту жос­пары 8 жаңа фронт-офис ашылып, 2024 жылға дейін 115 халыққа қызмет көрсету орталығы жаңғыртылмақ.

Р.БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
19 қыркүйек 2022 ж. 966 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31