Электрондық үкімет порталы жаңа қызметпен толықты

Ал азаматтар бұл қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталы арқылы «Отбасыларға көмек» бөлімінде өтініш беру үшін «Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» тармағын таңдау қажет. Осыдан кейін пайдаланушы порталда авторизациялануы, онлайн қызметке тапсырыс беруі, барлық міндетті мәліметтерді толтыруы және өтінімге электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қоюы тиіс. Қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды. Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Қызметті алу үшін мүгедектіктің болуы және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы ақпарат (МӘС бөлімінің қорытындысы), сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және оған соңғы 24 айда түскен түсімдер туралы деректер талап етіледі. Олар Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде тексеріледі.
Айта кетейік, бұрын өтініштер ХҚКО және медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) бөлімдері арқылы қағаз түрінде қабылданған еді.
Рамазан Бектұрғанұлы