Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: ХҚО-ның қызметтеріне өтінішті қашықтан беруге болады

Қызылорда: ХҚО-ның қызметтеріне өтінішті қашықтан беруге болады

Kyzylorda-news.kz.Аймақтық бас санитар дәрігердің шешіміне сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында облыстардағы халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығына бару үшін кезек уақытын алдын ала брондау қажет. Осыған байланысты Азаматтарға арналған үкіметөзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, «қағаз» жүзінде көрсетілетін кейбір қызметтер бойынша өтінішті ЕGov порталындағы «Электронды өтініш» сервисі арқылы қашықтан беру мүмкіндігін қарастырды.
Енді «Электронды өтініштер» сервисі арқылы электрондық форматта қолжетімсіз әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 24 қызметке өтініш беруге болады: жасына байланысты зейнетақы тағайындау, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайында әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау және т.б.Таяу арада бұл тізім тағы 6 қызметпен толықтырылады деп жоспарлануда, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлем тағайындау, асыраушысынан айырылу жағдайында әлеуметтік төлем тағайындау және т.б.Өтініш беру үшін азамат электрондық цифрлық қолтаңба арқылы egov.kz сайтына кіруі керек. Одан кейін «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беруі қажет. Содан кейін жеке ақпаратты, оның ішінде пошта мекенжайын, телефонды, қызмет атауын және т.б. толтыруы тиіс.
Сондай-ақ құжаттардың сканерленген көшірмелері (қажет тізімді 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz сайтының «Мемлекеттік қызмет стандарттары» бөлімінен нақтылауға болады), қызмет алушының еркін үлгіде жазылған және қолтаңбасы қойылған өтініші қоса жүктелуі қажет. «Қабылдаушы» деген жергеқызмет алушының тіркелген жері бойынша аймақтық мемлекеттік орган таңдалуы тиіс.
Мысалы, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайлары үшін әлеуметтік төлемдер қызмет үшін «Азаматтарға арналған үкіметтің» аймақтық филиалын, ал мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру бойынша аумақтық бөлімшелері көрсетілуі тиіс.Өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қою керек.
Егер азаматтың жолдаған өтініші бойынша сұрақтар туындаса, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қызмет алушыға өтінімді толтыру барысында көрсеткен ұялы телефонға хабарласады.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижесі туралы ақпарат қызмет алушының порталдағы жеке кабинетіне келіп түседі.
Egov.kz орталындағы «Электронды өтініш» арқылы өтініш қабылданатын қызметтер
  1. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушыға (ата-анасына), қамқоршысына (қамқоршысына) жәрдемақы тағайындау («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  2. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектердің күтіміне берілетін жәрдемақыны тағайындау («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  5. Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  6. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау(«Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  7. Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік жәрдемақы тағайындау(«Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  8. Банкрот нәтижесінде жойылған заңды тұлғалардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу төлемдерін капиталдандыру мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау(«Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  9. Көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау(«Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  10. Оралман мәртебесін тағайындау немесе ұзарту («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  11. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу біліктілігі туралы анықтама беру немесе ұзарту («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  12. Мүгедектікті және/немесе жұмыс істеу қабілетін жоғалту дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау (Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар аумақтық бөлімшелері);
  13. Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  14. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар аумақтық бөлімшелері);
  15. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау (Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар аумақтық бөлімшелері);
  16. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтарға ұшыраған азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  17. Ақталған адамға анықтама беру («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  18. Мүгедектерді сурдо-тефлотехникалық және міндетті гигиена құралдарымен қамтамасыз ету («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    19.Бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін ымдау тілі маманы қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу(«Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  19. Мүгедектерді арбалармен қамтамасыз ету («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  20. Мүгедектерді курорттық емдеумен қамтамасыз ету («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  21. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша құжаттарды рәсімдеу («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  22. Медициналық және әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша құжаттарды рәсімдеу(«Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  23. Bastau Business жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары). 
09 шілде 2020 ж. 457 0