Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 42 500 теңге алуға өтініш 1 қыркүйекке дейін қабылданады

42 500 теңге алуға өтініш 1 қыркүйекке дейін қабылданады

17 шілдеден бастап 42 500 теңге алуға өтініш беру басталады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, әлеуметтік төлем алуға өтінішті 42500.enbek.kz порталы, eGov электрон үкімет порталы, өзін өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғалар Telegram-бот арқылы бере алады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі азаматтардан бір рет қана өтініш беруді сұрады.
Порталға өтінішті бір рет қана берсеңіздер, оны 2-3 рет бермеуді сұраймыз және әр порталға бір-бір өтініш тастамаңыздар, оның қажеті жоқ. Бәрібір екінші өтініш өтпейді. Мұндай әрекеттер порталдарға салмақ салуы мүмкін және басқа азаматтардың өтініш беруіне кедергі болады. Өткен жолы 18 миллион өтініш келіп, порталдарға салмақ түскен еді. Сондықтан сіздерге үлкен өтініш: бір рет қана тастаңыздар, қабылданды деп хабарлама келеді. Статусыңызды ары қарай 42500.enbek.kz-тен тексеріп отырасыз, – деді Біржан Нұрымбетов.
Министр азаматтардың өтініш беру мерзіміне қатысты шектеу жоқ екенін айтты.
Бұл төлем шілде айына арналады. Бірақ өтінішті 1 қыркүйекке дейін қабылдай береміз, порталдар жабылмайды, – деді Біржан Нұрымбетов.
Айта кетейік, Қазақстанда карантин шектеулері 2 тамызға дейін ұзарды. Үкімет карантин кезінде табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге әлеуметтік төлем тағайындайды.
https://baribar.kz/134555/42-500-tenhge-alugha-oetinish-1-qyrkujekke-dejin-qabyldanady/?yrwinfo=1596111458344801-1517836799734932117901068-production-app-host-vla-web-yp-357​​​
27 шілде 2020 ж. 287 0