Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық әртістер Венециядағы кинофестивальде арнайы жүлде алды

Қазақстандық әртістер Венециядағы кинофестивальде арнайы жүлде алды

Қазақстандық әртістер Венециядағы кинофестивальде арнайы жүлде алды79-шы Венеция халықаралық кинофестивалінде отандасымыз Әділхан Ержановтың «Голиаф» кинокартинасы Италияның тәуелсіз киносыншыларының арнайы марапатын жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

«Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Premio bisato d'oro 2022 «Best Actors» марапатына актерлер Берік Айтжанов пен Данияр Алшынов лайық деп танылған. 
Әділхан Ержановтың нуар жанрында түсірілген «Голиаф» көркем фильмі Лидо аралында өтіп жатқан 79-шы Венеция халықаралық кинофестивалінің Orizzonti Extra конкурстық бағдарламасын енгізілген болатын. 
Картинаға белгілі қазақстандық әртістер: Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Альмира Тұрсын және Еркін Гұбашев түскен. 
Orizzonti Extra бағдарламасында әлемдік кинематографияның басты үрдістері көрсетіліп, бүкіл әлемнің жаңа режиссерлерінің аттары паш етілді.
https://baq.kz​​​
10 қыркүйек 2022 ж. 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

№39 (9406)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (9405).

23 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930