ӘУЕ БИЛЕТТЕРІНІҢ ҚҰНЫ ҚЫМБАТТАДЫ
Бұл туралы Egemen.kz сайты хабарлайды. Анығында ағымдағы жылдың қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша авиакомпаниялардың кірістері 276,8 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 189,2 млрд теңге болған.
Кірістердің негізгі бөлігі, яғни 270,6 млрд теңге барлық бағыттарда жолаушыларды тасымалдау есебінен алынды. Тағы 6,2 млрд теңге жүк пен багажды тасымалдаудан алынды. Экипажымен бірге көлік құралдарын жалға беруден түскен табыс 3 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Finprom сарапшылары мәлімдеді.

2022 жылғы қаңтар–шілдеде авиакөлікпен тасымалданған жолаушылар саны 5,8 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы осы кезеңмен салыстырғанда 12,8 процент артық. Шілде айында 1,2 млн адам тасымалданған. Ол маусым айымен салыстырғанда 7,3 процентке артық.
Осы жылдың шілде айындағы қорытындысы бойынша жолаушыларға арналған авиакомпаниялар қызметтерінің бағасы бір жылда айтарлықтай 26,6 процентке өскен.
«Өскен өңір» ақпарат