Онлайн займды ойланып алған жөн
Рас. Қалтаңда қаржы болмаса алға қарай адымдау қиын. Бірақ, несібесін несиеден тауып жүрген жанды көрдіңіздер ме? Әй, қайдам... Бүгінде екінің біріне бауырдан банк артық болып тұр. Туғанынан қарызға ақша алуға арланып, банкке берешек болғанды жөн көреді. Елде несиеге сұраныстың молдығы сонша, екінші деңгейлі банктерді былай қойғанда жылдам ақша беретін орталықтар, одан қалды онлайн несие ұсынатын ұйымдар көбейіп кетті.
Ұлттық банк таратқан ақпарға сүйенер болсақ, 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша банк секторында 19,5 трлн теңге несие бар. Ал 2022 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткіш 18,5 трлн болған. Осылайша еліміздегі 6 айдағы несиелендіру көлемі 1 триллион теңгеден асып, 5,5 пайызды құрап отыр. Ал мамандар мұндай тенденцияның мемлекет үшін де қауіпті екенін айтады.

Несиені төлер уақыт таяғанда ақша таппаған адам онлайн займ алғанды ыңғайлы көреді екен. Мәселен, сотта ең көп қаралатын істердің бірі – онлайн займ алып, опық жеп жүргендерге қатысты. Қазіргі таңда еліміз бойынша 7 миллионнан астам онлайн несие рәсімделген көрінеді. «Тез әрі ыңғайлы!». Кез келген микроқаржы ұйымының басты ұраны осындай. Ақшадан тарыққан адам бар-жоғы жарты сағаттың ішінде артық құжатсыз, үйден шықпай-ақ қалтасын қалыңдата алады. Алайда, «қарыздың күліп келіп, жылап қайтатыны» естен шығармайық. Себебі, әрбір «тез бен оңайдың» артында ұзақ әрі қиын іс тұруы мүмкін.
– Онлайн займға енді қайта бас сұқпаспын. Қаржыдан қысылғанда бір ғана құжатпен, әп-сәтте ақша шешіп алғаныма қатты қуанғанмын. Кейін 3 еселеп қайтардым сол қаржыны. Ол аздай несие тарихым бұзылып, мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмай қалдым. Онлайн займ алып, опық жегеннің бірімін, – дейді кент тұрғыны Ф.Абылайқызы.
Қаржылық сауатты арттыру керек
Ал Кибер қылмысқа қарсы күрес орталығының дерегіне сүйенсек, өткен жылы елімізде 14 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркелген болса, оның жартысына жуығы заңсыз онлайн займ рәсімдеуге қатысты екен. Яғни соңғы жылдары елімізде бөтен адамның атынан несие рәсімдеу көбейген. Мәселен, 2020 жылы 3 мыңға жуық адамның атынан заңсыз несие рәсімделсе, былтырғы бір айда ғана осыған ұқсас 146 іс тіркелген. «Интернет алаяқтар микроқаржы ұйымдарының сайттары арқылы өзге адамға онлайн займ алудың қыр-сырын жақсы меңгеріп алған. Ал өз атына несие рәсімделгенін жәбірленушілер 2-3 ай өткен соң банктен, жеке қаржы ұйымынан немесе коллекторлар хабарласқанда бір-ақ біліп жатады екен. Бұл істің ақ-қарасын бажайлай түссеңіз адамдардың құжатына деген салғырттығы, келісімшартпен толық таныспауы, өзі туралы құпия деректерді оңай жария етуі сынды олқылықтар көрініс береді. Сондықтанда халықтың қаржылық сауатын арттыру турасында жиі әңгіме өрбуде.

– Онлайн несие ұйымдары 1 ғана жеке басты куәландыратын құжатпен жұмыс істегендіктен көп сенім артуға болмайды. Олар сіздің несие тарихыңызды, төлем қабілетіңізді де сараптамайды. Меніңше, барынша заңдық тұрғыда бекітілген ірі банктік ұйымдармен жұмыс істеген дұрыс. Пайыздық үстемақысы да аса көп емес, мәселен, қазіргі уақытта қазақстандық банктерде үстемақы көлемі жылына орташа есеппен 15 пайыз болып тұр. Тұтынушы ертең өз құқығын қорғай алатындай келісімшартқа отырып барып несие алғаны абзал, – деп түйіндеді сөзін «Әділет» фирмасының заңгері Ғ.Байетов.
Несие туралы келісімшарт қандай болуы тиіс?
Банк қарызы туралы келісім – несие толық өтелгенше банк пен сіздің қарым-қатынасыңызды анықтайтын негізгі құжат. Ең қарапайым әрі басты ереже – несие шартын толық және аса мұқият қарап шығу. Алғашқы екі бетте банк қарыздың шектік сомасын, түрін, пайыздық сыйақы мөлшерлемесінің көлемін, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мен мерзімін және валютасын міндетті түрде көрсетуі қажет. Осылайша, сіздің қарызды қандай жолмен және қалай қайтаратыныңыз: аннуитетті ме, әлде дифференциалды ма, қарызды қайтару уақыты кешіктірілгені үшін қандай өсімақы немесе айыппұл тағайындалатыны анықталады.

Онлайн несие ұйымдарының иесі кім?
Жалпы, онлайн несие ұйымдарының иесі кім деген сұраққа да жауап іздеп көрдік. Заңгерлер заңды дегенімен, белгілі экономистер жылдам несиенің басым бөлігі шетелдік компаниялардың атына тіркелген деседі. Мәселенің байыбына бару үшін интернетке «онлайн несие алу» деп сұрау да салдық. Қазақшасынан гөрі, орысша іздегенімізде сұрағанымыз алдымыздан лезде шыға келді. Бір емес, бірнеше ұйымның «оңай әрі тез» деген көз тартатын жарнамасы ақшадан қысылған адамды қаржы қақпанына шақырып тұр. Бірақ алмақтың да салмағы бар екенін кейін басқа тигенде білетін кей азаматтар онлайннан оңбай сүрініп жүр. Бірінің жүйкесі жұқарып, енді бірінің уайымға тереңінен түсіп, ем алуына мәжбүр болғандары да бар екен. Жалпы психологтар қарызды ойлау адамның ойлау қабілетін тежейді дейді. Бұл туралы психолог маманның пікіріне жүгінгенді жөн көрдік.

– Қарызды ойлап, несиені уайымдайтын адамдарда депрессияға салынуы, болашақтан күдер үзуі, өзін-өзі жегідей жеуі әбден мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әйелдер уайымға салынғыш болып келеді. Шектен тыс уайым ұйқының, тәбеттің бұзылуына алып келеді. Тіпті, қарыздың шектен тыс мөлшері адамның санасын қыспаққа алып, өз-өзіне қол жұмсау фактілері де орын алуы мүмкін – дейді аудандық психологтар бірлестігінің жетекшісі Л.Төлешова.
Тәуекел
Тақырыпты толық тарқату үшін «тәуекел» деп, бізде онлайн несие ұйымдарына бас сұғып көрдік. Алдымен «Жылдам ақша», «Оңай әрі жылдам рәсімдеу» деген жазумен арбап тұрған кеңсеге бас сұқтық. Отырғанымызда төлқұжат пен қанша қаржы керегін сұрады. Бетіңе күліп қараған менеджердің сөзі майдай жағуда. Іші-бауырыңа кіріп, пернетақтасынан әлденені тақылдатып, мәліметтерді енгізіп жатыр. «1 айға 50 мың керек еді», – деген сұранысымның пайыздық үстемесін қоса есептегенде 84 мың болды. «Потенциалды клиенттен» айырылып қалғысы келмеді ме, білмедім: «Сіз бізден несие рәсімдемепсіз. Бірінші займ болғандықтан 52 мың қылып қайтарасыз», – деп тәтті сөздермен арбай түсті. Ақырын-ақырын «онлайн алатын халықтың қатары көп пе?» деген сауалға жауап алуға тырыстық. Әйткенмен, жауап беруден жалтарған олар адамның аз еместігіне сендіргендей болды. Соған қарағанда, қаржыдан қысылған халықтың онлайнға оп-оңай келісім беріп, үстеме пайыздарды төлеп, қаржылық ұйымдардың қазынасын қампайтып отырғаны шындыққа саяды. Содан не керек, басымыз бәлеге қалмай тұрғанда бас тартып, жеке куәлігімізді қолтықтап, ат-тонын ала қаштық.
Аузы күйген кесені үрлеп ішер
Қаржы секторын реттеуші де, бақылаушы да – Ұлттық банк. Сондықтан бұл мекеме азаматтардың қаржылық сауаттылығын жоғарылатып, тұтынушылардың құқығын қорғау үшін түрлі жобалар ұйымдастырып отырады. Кредит алмастан бұрын оның сіз үшін қаншалықты тиімді екенін әбден саралап алыңыз. Кредитке сатып алынатын тауар немесе мүлік қаншалықты шұғыл қажет? Оның құнын толық жинауға мүмкіндік болса, сауданы кейінге қалдырғаныңыз жөн.

Қаржылық мүмкіндігіңізді есептеңіз және кредит төлемдеріне сәйкес алдағы уақытта шығынның өсуін ескере отырып, өз бюджетіңізді талдаңыз! Отбасылық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін анықтай отырып, өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды бағалаңыз. Кредитті төлеуге қаржылық мүмкіндігіңіз қаншалықты жетеді? Бастысы онлайн несие алуыңыз оңай болғанымен, одан опық жеп қалуыңыз қиын емес екенін ұмытпаңыз!
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ