Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДАНИЯР АҚЫШЕВ: ОНЛАЙН НЕСИЕ ХАЛЫҚТЫ ҚҰЛДЫҚҚА ТҮСІРМЕУІ КЕРЕК

ДАНИЯР АҚЫШЕВ: ОНЛАЙН НЕСИЕ ХАЛЫҚТЫ ҚҰЛДЫҚҚА ТҮСІРМЕУІ КЕРЕК


Ұлттық банк онлайн несие алып, оны 1000 пайызбен қайтарып жүрген қарыз алушылар үшін жағымды жаңалық айтты. Онлайн несиені реттеугебағытталған өзгерістер жайында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерімен жүздескенде мәлімдеді.
Бас банкирдің айтуынша, бүгінгі күні халыққа кредитті валюталар мен кредиттің мөлшерлемесі бойынша қандай да бір шектеусіз бәрі бере алады.
–Банк кредиттері және МҚҰ кредиттері бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 56%-дан аспауы тиіс болса, онлайн-кредиттер бойынша ешқандай шектеу жоқ. Сондықтан онлайн несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 700%-ға, тіпті 900%-ға дейін жетеді. Тәуекелдерді түсінбей не ақшаны тез алу ниетімен қарызды алған қарыз алушылардың саны  – 236 мың адам. Онлайн кредитті алған және оны өтеумен байланысты елеулі проблемалары бар азаматтардың заң тұрғысынан қорғалмайтынын түсіну қажет, – деді Данияр Ақышев.
Бұл мәселеге байланысты бас қаржыгер Ұлттық банктің заңнамадағы осы кемшілікті жою және осындай қарыздарға қызмет көрсету азаматтардың қаржылық жағдайына қауіп төндірмейтіндей және олардың онлайн кредиторларға тәуелділігін арттырмайтындай шектеу енгізу қажеттігіне тоқталды.
–Ұлттық банк мөлшерлеме жылдық 100%-дан аспауға тиіс. Қарыз тек қана теңгемен берілуі қажет. Егер онлайн қарыз шарты мен көрсеткен өлшемшарттардың біріне де сәйкес келмесе, онда осындай қарыз заңсыз деп танылып, қажет болған кезде сот тәртібімен расталуы мүмкін. Біздің мақсатымыз онлайн-кредитті бизнес ретінде жауып тастау емес, Қазақстанда онлайн кредиттеудің халықты кредиттік құлдыққа түсіретіндей моделінің таралуына жол бермеу, – деді Данияр Ақышев.
Майра БАҚЫТ
03 мамыр 2018 ж. 1 484 0