Әйел әдебі – ардың ісі
Бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен нәзік жандар қоғам дамуына бір кісідей атсалысып жүр. Нарық заманы – отбасымен қатар мансап жолын да қоса алып жүретін іскер әйел болуға талпынғандардың уақыты. Соқпағы мен тәуекелі көп кәсіптік ортада өз орнын еншілеп қана қоймай, табысқа кенелген әйелдер өзгелерге үлгі болары хақ. Шиелі аудандық Әйелдердің кеңесінің жоспары мен бастамасы жайлы аталған кеңестің төрайымы Найла Палымбетовадан сұрап білдік.
– Найла Әбілқасымқызы, аудандық әйелдер кеңесі қоғамда маңызы бар үлкен ұйымға айналды. Әйелдер кеңесіне төрағалық ету өте жауапты екені кімге болса да ұғынықты. Белсенділерді біріктіріп, ұйытып ұстау қаншалықты қиын?
– Көпшілік біледі, мен халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын салада қызмет етіп келемін. Мен басшылық еткен 25 жыл ішінде аудандық әйелдер кеңесі қанатын кеңге жайып үлгерді. Кеңесті құрудың басты мақсаты – кент әйелдерінің іскер ортадағы белсенділігін күшейту. Өзім де ана, әйел болғандықтан, аналар ісін қолға алып, қаншылықты қиын болса да жігерімді жасытпауды ұйғардым. Әрине, мен өзімді өзім сайлап алғаным жоқ. Осынау қоғамдық іске ауданның ұсынуы арқылы келдім. Иә, қоғамдық жұмыс болған соң, жүре тыңдалатын, дер кезінде орындалмай қалатын кезеңдер болып жатады. Ал ұйымдастыру, орындату, бірлікте ұстау үшін де әкімдер кеңесі төрайымының өзінің атқарған тірілігінде бірегейлік пен талапшылдық, отбасындағы өнеге үлгіде болуы тиіс. Сондықтан да басшы әйелдер төрайымдарына қарапайымдылық, сауаттылық, іскерлік қажет.
– Әйелдер кеңесінің негізгі миссиясы мен ауданда атқарылып жатқан ілкімді істерге ойыссақ...
– Ең алдымен адам өз жұмысына шын жанашыр болуы керек. Сосын қазекеңде «жалғыздың үні шықпас» деген жақсы сөз бар. Бір адамның бастамасымен ешқандай шаруа біте салмайды.

Ол үшін құрам мықты болу керек. Осындай мықты құрамның арқасында кеңесте осы күнге дейін қаншама ілкімді істер атқарылды. Аудан көлемінде, ауылдық деңгейлерде көптеген жұмыс атқарылып келеді. Оның ішінде келіндер сайысы, қыздарға арналған «Қыз сыны» байқаулары, әжелерге «Әжелер ансамблі» және тағылым мен танымдық өсиет өркениеті жайлы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Әйелдер кеңесінің құрамы әрбір ауылда қыз-келіншектердің пікірін, жанұяның жағдайы мен тұрмысына байланысты барып пікір алысып, бағыт-бағдар беріп отырамыз. Әйелдер кеңесінің негізгі миссиясы тек іс-шарамен шектелмейді. Ағайын, достар, демеушілерді ұйымдастыра отырып тұрмысы төмен отбасыларыға көмек қолын созып, киім-кешек пен азық-түлікпен қамтамасыз ету жолдарын қарастырамыз.
– Бүгінде өз-өзін белсенді санап, балағат сөздерімен әлемжеліде түрлі бейнежазбалар салып жүрген аналарға қандай шара көруге болады?
– Иә, бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Менің ойымша, отбасыда әкенің рөлі төмен болса, осындай тәртіпсіздіктер белең алады. Қазақтың «тәйт» деген тыйым сөзі осы келеңсіздікті тыйяр еді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, сол белсенді қыз-келіншектердің жанұясында әкенің рөлі өте төмен. Ал анасы ақылсыз болса, балаға ерік береді. «Шолақ белсенді» деген сөзді осындай қазіргі «блогер» атын жамылып жүрген әдептен озған «батыр аналарымыздан» байқап жүрміз. Заң бар, тәлім-тәрбие бар, бұл кері кеткен қыздарымызды бір арнаға салатын. Қазіргі таңда әрбір белсенді өзінің жіберген қателіктерін мойындататындай заң күші бар. Одан аттағандардың орны айтпаса да, түсінікті. Біз әдепсіз осындай қылықтары басым болып, дау шыққан кезде ғана, «кімнен болды?» деген сұрақпен кінәні басқа біреулерден, басқа қоғамнан іздейміз. Адам ең бірінші кінәні өзінен іздеу керек.

– Әйелдердің еңбекқорлығы, іскерлігі ер азаматтармен бір деңгейде көрініс тауып келеді? Осы тұста әйелдің кәсіпкерлікте алар орны қандай?
– Үйде де, жұмыста да тынбай еңбектеніп, қызметте көшбасшы, тамаша ұйымдастырушы қазақстандық әйелдер легі қалыптасып келеді. Бүгінде кәсіпкерліктегі әйелдердің үлесі 50 процент. Дейтұрғанмен, біздің кеңес ер-азаматтарды басып озу, мықты болуды көздеп отырған жоқ. Шығыс халқы ретінде қазақ әйелі тіпті мықты бақсарушы, табыскер болсын ер-азаматынан қашанда бір қадам төмен тұрады. Ол – табиғат, ол – дәстүр, ол – тәрбие. Бір сөзбен айтқанда әйелдер кеңесінің мақсаты – жүйелі сөзден – нақты іске.

– Аудандық әйелдер кеңесінің кемшін тұсы бар ма? Не жетіспейді?
– Мінсіз ештеңе болмайды. «Көш жүре түзеледі» деген. Жасыруға болмас, кемшін тұстары да бар. Ауданда 80 мың халықтың 40 мыңы әйел азаматтар. Біздің берген, өткізген тәрбие шараларымыздың біреуге жетіп, біреуге жетпеуі мүмкін. Өйткені халық қазір көп жиынға жинала бермейді. Ал басқа түйткілді хабарға тез жиналады. Қоғамдық негізде болған соң да, қолымыз көп нәрсеге қысқа болып жатады. Марапаттау сый-кәде жасауға үнемі демеушілер табыла бермейді. Сосын да «Күлшелі бала сүймекке жақсы» дегендей қазіргі таңда бұл жағына да көп көңіл бөледі. Негізгі қоғамдағы небір өзгерістер мен қозғалыстар да әсер етеді. Еліктегіш халықпыз ол жағы да бар батысқа қарап «біз кімнен кембіз» деген шолақ ой кейбіреулерді шаршатады. Қоғамдық жұмыстың жүйелілігінде де ілгерілеушілік бар. Бірақ кім қалай қабылдайды? Ұлттық салт-дәстүрімізді ұрпаққа дарытып тәрбиелеуге жете мән бермей кетеміз. Мысалы, оюланған камзолды тек наурыз мерекесінде ғана кию керек сияқты. Оны дамытуда да ықпал аз. Сондықтан да әрбір ауылдың әйелдер кеңесі төрайымы жұмысты жүйелі жүргізуі қажет.

– Найла ханым, әйел ең біріншіден – ана. Осы бағытта көмекке мұқтаж жандарға, балаларға кеңестің ықпалымен қандай қайырымдылық шаралары жасалып жатыр?
– Әйелдер кеңесі қайырымдылық шараларды тұрақты түрде өткізеді. Қаржылай көмек беріп, қайырымдылық жәрмеңкелерін өткізіп тұрамыз. Сондай-ақ ауылдағы қыз-келіншектердің кәсіп ашуына жәрдемдесіп қана қоймай, барынша қолдау көрсетуге тырысамыз. «Бөрі аштығын білдірмес, сыртқы қарнын томпайтар» дегендей ауылда, жанұяда болып жатқан қиындықты сол елдің ардақты аналарына, ақсақалдарына айтып жүгінсе, шикілік сыртқа шықпас еді. Бұрын мешіт жоқ, ақсақалдар өздерінің деңгейінен төмен, ішімдікке құмар деген сөздерді еститін едік. Ал қазір бәрі бар. Әрбір ауылда имам да, сол елдің мұң-мұқтажына қамқорлық жасайтын үлкендер де бар. Неге ол кісілерден аттап, орталыққа ақ үйдің есігінен аттаймыз. Міне, әке сыйлап, ана қадірлеген жастардың небір ой жетекке ерік беретін тұсы осы деп ойлаймын.

– Толымды сұқбатыңыз үшін рақмет!
Сұқбаттасқан
Сұлушаш МАДИЯРОВА