Мұраптар ісі маңызды
9 шілде күні елімізде су шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтеді. 2019 жылы бастау алған бұл мейрамның сала мамандары үшін ғана емес, сондай-ақ қара жерден нәпақасын айырып отырған әрбір жан үшін маңызы ерекше. Себебі диқан қауым мен қарапайым шаруаның судан тапшылық көрмей, күзде мол өнім алуы үшін мекеменің жұмысы табысты болуы шарт.
Ал біздің ауданда аталған жұмыстармен «Шиелісушар» өндірістік учаскесі айналысады. Мекеменің анау-мынау емес, бақандай 84 жылдық тарихы бар. Алғашқыда «Шиелі суландыру жүйесі» басқармасы болып аталған мекеменің негізі сонау 1938 жылы қаланған. Бүгінде мұнда 80 қызметкер, оның ішінде – 37 су реттеуші маман жұмыс істейді. Ал учаскеге былтыр сәуір айында басшылық қызметке тағайындалған Дихан Әубәкіровті бүкіл өмірін осы мекемеге арнаған, мекеменің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген жанашыр азамат десек артық айтпаймыз. Өйткені ол 1985 жылдан бастап осы мекемеде құдық шебері, инженер-гидрометр, бас инженер, учаске басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Қызметтің түрлі сатысында шыңдалып, адал еңбегінің арқасында бүгінде басшылық қызметті абыроймен атқарып отыр.

Мекеменің табысты жұмысының тағы бір сыры ондағы жұмыс істейтін мамандардың біліктілігінде жатыр. Себебі «Шиелісушар» өндірістік учаскесінде білікті гидротехник Әлияр Сейітов, механика Жарқынбек Сейітжанов , Нұрғали Мырзабеков, Забира Рахметова, Гүлнәр Алсүгірова, Сәйділда Усманов, Мұхамеджан Піржанов сынды азаматтар көп жылдан бері жұмыс істейді. Атап айтсақ, ол аталған мекемеде 42 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді.
Шиелі халқы аяқ судан тапшылық көрмеуі тиіс
Су тапшығы бүйірден қысқан заманда «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» есептеулі суды есеппен таратып беру екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Мекеме басшысы Дихан Әубәкіров те тапшылықты болдырмаудың барлық амалдарын жасап отырмыз дейді.

– 2022 жылға сағадан Шиелі ауданына 609,55 млн текше метр су алынған. Оның ішінде: егістікке – 489,55 млн текше метр, экологиялық қажеттілікке 120 млн текше метр су жұмсалды. Су жеткізіп беру үшін жыл басында 121 шаруашылықпен келісім-шартқа отырдық. Аталған шаруашылықтардың еккен егіс көлемі – 18 мың гектар. Оның ішінде күріш дақылы – 10560 гектар. Ал судың деңгейіне келер болсақ, бүгінгі күні Сырдария өзені арқылы 500 текше метр су өтіп жатыр. Оның 47 текше метрі жаңа Шиелі магистралды каналы арқылы, қалған каналдармен 5 текше метр су келіп жатыр. Судың деңгейін көтеру мақсатында 2 дизель отынымен жұмыс істейтін насостар әкелдік. Қазір Төңкеріс ауылы маңындағы каналдарда күндіз-түні су айдап жатырмыз. Бізге келіп тұрған 8 электрлі насостарға келер болсақ, оларға электр жүйесін тарту мәселесі шешілмей тұр. Себебі электр желісін жүргізу үшін алдымен мемлекеттік сатып алу порталында жеңімпаз анықталуы керек. Бұл насостар келесі жылы шаруалардың пайдасына жарайды деген үміттемін, – дейді Дихан Әубәкіров.
Мекеме басшысының сөзінен кейін аталған канал басында күндіз-түні тынбай жұмыс істеп жүрген мамандарды көруге бекіндік. Көп ұзамай аздаған шақырымды артқа тастап, айтылған жерге де жеттік. Расында канал маңында 4 жұмысшы насостың күйін күйттеп, техникалық жағдайын ретке келтіріп жатыр екен. Жұмыстары көп болғандықтан Бақытбек Өтегенұлы деген азаматты ғана сөзге тарта алдық. Сөйтіп ол кісіден канал басындағы жұмыстардың жайы мен өзінің аталған мекемедегі еңбек жолына тоқталуын сұрадық.
– 2013 жылдан бастап су шаруашылығы мекемесінде жұмыс істеп келемін. Қазіргі уақытта екі ауысыммен 8 қызметкер «К-3» каналынан «R-12 каналына 2 насоспен су айдап жатырмыз. Басты мақсатымыз егін еккен ағайын судан тапшылық көрмесе дейміз. Сондықтан бұл жұмыстарды тамыз айының басына дейін жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Ал енді отбасыма келер болсақ, отбасымда 2 қыз, 1 ұлым бар. Өзімінің жұмысыма ризамын. Бастысы осы бала-шағамды адал аспен тамақтандырып отырмын, – дейді Бақытбек Өтегенұлы.
Атқарылған жұмыстар жетерлік
Жыл басынан бері мекеменің өз күшімен «02» каналының 3,8 шақырымы, «R-7» каналының 20 шақырымы тазартылған. Ал республикалық бюджет есебінен «Жаңа Сұлутөбе» каналының 27 шақырымы, «L-6» каналының 12, «01» каналының 10, «R-8» каналының 14,6, «R-10» каналының 8, «Жаңа Бестам» каналының 10 шақырымы қазылыпты. Облыстық «Қазсушар» ШЖҚ РМК-ның Қызылорда филиалы тарапынан 8 дана электорлы насос қондырғылары электр желілерін жүргізетін мердігер анықталғаннан кейін қондырғылар «К-3», «К-4», «К-1» каналдарына орнатылмақ. Ал енді судың деңгейіне келер болсақ, облыстағы басшылардың көмегімен алдағы күндері дариядағы судың деңгейі 600 текше метрге дейін көтерілмек. Соның арқасында диқандарды жеткілікті деңгейде сумен қамту көзделіп отыр.

Рамазан ӘНӘПИЯ