Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 шілде – елорда күні

6 шілде – елорда күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елорда күні. Еліміз Тәуелсіздік алған соң астананы оңтүстіктен орталыққа қарай көшіру мәселесі көтерілді. Осылайша елдің жаңа астанасына қолайлы қаланы анықтау үшін республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Таңдау Ақмолаға түсті.

Жоғарғы кеңес 1994 жылы елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдады. 1997 жылы Тұңғыш Президент астананы ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды. Ал 1998 жылдың 6 мамырында Ақмоланың атауы Астана болып өзгерді. Жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы 1998 жылдың 10 маусымына белгіленді. Бұл күн 2006 жылға дейін елорданың туған күні ретінде мерекеленіп келді. Кейінірек заңға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік мейрамның датасы 6 шілдеге ауыстырылды.
Деректерге сүйенсек, елорданы ауыстыру туралы шешім қабылданған кезде, қала халқының саны 290 мыңдай ғана болған. Ал қазір 1 миллионнан асады. 722 шаршы шақырымнан астам аумағы бар. Қала  Алматы, Сарыарқа, Есіл және Байқоңыр деп аталатын 4 ауданнан тұрады. 2019 жылдың наурызында Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімінде Президент «Астана» атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуді ұсынды. Елорданы ЮНЕСКО «Бейбітшілік қаласы» деп таныған.
06 шілде 2022 ж. 474 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031