Елорда – ел тірегі
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін көп ұзамай-ақ ел ордасын оңтүстіктен орталыққа көшіруге бастамашы болған тұңғыш Президент Н.Назарбаев орталық аймақтағы Ақмола қаласынан еліміздің заманға лайық астанасын жасау туралы шешім шығарды. Н.Назарбаев «Еуразия жүрегінде» кітабында: «Ақмола Қазақстанның географиялық орталығы деуге болатын, Қазақстан экономикасының өрлеуінде жетекші де өскелең нүктесі болып отырған маңызды шаруашылық өңірлерге жақын орналасқан. Қала ірі көліктік арналардың қиылысында, тоғыз жолдың торабында тұр. Бұдан басқа қала Қазақстан үшін көптеген шет елге шығудың мейлінше төте жолы – трансеуроазия арналарына таяу қоныстанған», – деп қаланың тиімді тұстарын атап көрсетті.
1994 жылғы 6 шілде – ел астанасының Алатау бөктеріндегі Алматы шаһарынан Ақмолаға ауысуы туралы шешім қабылданған күн. 1997 жылы 20 қазанда Президент жарлыққа қол қойып, сол жылдың 10 желтоқсанынан бастап, ресми түрде Қазақстан Республикасының астанасы сол уақытта 300 мыңдай халқы бар Ақмола қаласы атанады. Негізі ел астанасының туған күні 1998 жылдан 2006 жылға дейін 10 маусымда тойланып келді. Себебі бекітілгеннен кейінгі ресми тұсаукесері 10 маусымда өткен болатын. Кейін «Мерекелер туралы» заңға енгізілген түзетуден соң Елорда күні 6 шілдеге ауыстырылды.
Қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы 1832 жылы Есіл өзенінің жағасындағы Ақмола бекінісінде пайда болған. 1961 жылға дейін Акмолинск, 1961-1992 жылдары Целиноград, 1992-1998 жылдары Ақмола аталса, сол жылдан 2019 жылға дейін Астана аталды.
«Бір жолы түнде, дәлірек айтсам сағат түнгі екіде Астана деген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені. Астана дегеніміз – астана! Қазақша әдемі естіледі. Қысқа да нұсқа, әуезді. Орысша да, ағылшынша да солай естіледі. Бұл атауда батылдық, мығымдық және айқындық рең бар. Астана! Біздің жалпы көңіл ауанымызды және астананы көшіруден күтерімізді бейнелейтін өте ауқымды әрі қысқа ұран сияқты. Бірақ бұл атауды қазақша пайдаланудың жаңылтпаш сияқты өзіндік ерекшелігі болғалы тұр. Мысалы, астанамыз Астана! Бірақ әлемдік тәжірибеде мұндай да мысалдар жетіп артылады. Мысалы, Бразилияның астанасы Бразилия. Міне, осылай! Сөйтіп, түн ортасында келген ой – Қазақстан астанасының жаңа атауы Астана көкейге біржолата ұялады», – деп жазды Елбасы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында.
Биылғы жылдың көктем айынан ел астанасы Нұр-Сұлтан болып өзгерді. Бұл атау еліміздің екінші Президенті Қ.Тоқаевтың ұсынуымен, Тұңғыш Президентке деген құрмет ретінде қойылды. 6 шілде Қазақстанда ресми түрде мерекелік күн, яғни демалыс күн.
Еліміз әлемдік аренадағы өзіндік орны айшықталып, жетекші державалардың сенімді серіктесі болып отырған дамушы мемлекет. Нұр-Сұлтан қаласы жас болса да әлемдік алпауыт мемлекеттердің астаналарымен иық тіресіп, терезесі теңесіп, құла даладан құлпырған қалаға айналып, өркениетке бет түзеді. Халықаралық ЕХРО көрмесі еліміздің еңсесін көтеріп, мәртебесін асқақтатты. Бұған дейін әлем халқы жер бетінде Қазақстан деген мемлекет, қазақ атты ұлт бар екенін бұрын спортшы, ғалым, өнер майталмандарымыз арқылы танып келсе, ендігі жерде әсем астанамыздағы көздің жауын алатын ерекше инфрақұрылымдық нысандарымен ерекшелеп, танитын жағдайға жетті. Еліміздің жүрегіндей болған елорда білімді жастарымен күннен-күнге көркейіп, өсіп-жетілуде. Қала жастар үшін неше түрлі мәдени орындар, сауда орталықтары, спорт кешендерін тұрғызды. Олардың әрқайсысы өзіндік архитектуралық ерекшелігімен айшықталады. Нұр-Сұлтанның әрбір ғимараты дамыған елдердің архитектура саласында жұмыс атқарып, мол тәжірибе жинаған архитекторлардың идеясы мен Елбасының қолдауы арқылы салынған.
Биыл бас қала өзінің жиырма бірінші жазын қарсы алуда. 21 жастағы адамның бойынан қай істе де белсенділікті, қызығушылықты, ізденісі мен білім деңгейі ұштасқан қарымды істердің бастаушысы болуға сұранып тұратын қасиеттерді көреміз. Нұр-Сұлтан – мүмкіндіктер қаласы. Мұнда білім алып, тәжірибе жинаймын деген жастардың келешегі кемел, болашағы айқын, жұлдызы жарық.
Назерке
МҰХАМЕДИЯРОВА