Аналар бар жақсыға лайық
Әлемнің жаратушысы бір Алла болса, адамзатты жарық дүниеге әкеліп, күтіп баптап, түн ұйқысын төрт бөліп өсіріп, қилы-қилы қиыншылықтарына темірдей төзіп, ұрпақ тарататын әйел ананың құдіретіне тең келер күш бар ма? Орақ тілді, ақындар, қара сөздің қаймағынан тау тұрғызған Ұлы жазушылар, ғұламалар бұлар жайлы теңеу таппай бір тамшы сүтіңмен бір сәт ұйқыңның өтеуін қалай өтермін деп қиыннан қиыстырып ой толғау –нағыз құдіретке деген бас ию.
Адам ата, Хауа анадан бастап ерлердің қолдаушысы жан жарасының емшілері ерік күш жігерінің қайраушысы мәуелі бағы, қайнаған базары, жәннат кілтінің иесі Анаға жетер жан бар ма! Қазақ халқы ауыз әдебиетіне бай. Батырлар жырын алып қарасақ батырлардың жарлары Гүлбаршын, Құртқа, Назымдардың батырлар жорықтан келгенде, кетерде аттарын қалай баптағаны, оның бер жағында қазақтың ер жүрек қыздары жайлы тарихты шолсақ ел намысын ерлермен қатар қорғаған жаны нәзік аяулы аналарымыз қаншама? Солардың ізін жоғалтпай ауданымызда түрлі жаңалықтардың жаршысы және қолдау көрсетуде Шиелі ауданының қыз келіншектері ақ жаулықты аналардың да қарымды үлесі бар.
Адам ата, Хауа анадан бастап ерлердің қолдаушысы жан жарасының емшілері ерік күш жігерінің қайраушысы мәуелі бағы, қайнаған базары, жәннат кілтінің иесі Анаға жетер жан бар ма! Қазақ халқы ауыз әдебиетіне бай. Батырлар жырын алып қарасақ батырлардың жарлары Гүлбаршын, Құртқа, Назымдардың батырлар жорықтан келгенде, кетерде аттарын қалай баптағаны, оның бер жағында қазақтың ер жүрек қыздары жайлы тарихты шолсақ ел намысын ерлермен қатар қорғаған жаны нәзік аяулы аналарымыз қаншама? Солардың ізін жоғалтпай ауданымызда түрлі жаңалықтардың жаршысы және қолдау көрсетуде Шиелі ауданының қыз келіншектері ақ жаулықты аналардың да қарымды үлесі бар.
Әрбір істің басында елдің бірлігін сақтауда ұйытқы болып, дұрыс жолды таңдай білуге жетекшілік етіп, бағыт бағдар беріп отыратын жетекшілердің болуы шарт. Осы орайда 22 ауылдық округтің әйелдер белсенділігін арттыру мақсатында халық өз төрайымдарын таңдап алған. Жалпы ауданда 8873 зейнеткер болса соның 5853 әйелдер қауымы екен. Ендеше бұл үлкен күш. Солардың басы қасында жүріп, ел ішіндегі келеңсіз мәселелерді шешудегі төрайымдардың ықпалын жоққа шығаруға болмайды. Әсіресе жастардың өзара келіспеушілігі, ажырасу, ене мен келіннің керістері, түрлі іс-шаралар өткізу, мерей жасқа толғандарды құрметтеу, көп балалы аналарға қамқорлық, ауылдардағы психологиялық ахуалды ретке келтірудегі ықпалдары, қаншама игілікті істерді атқаруда маңызы зор. Екі кезеңнің куәлері көп жылдық тәжірибелері мол төрайымдар Пернеш Жүсіпова, Ұлмекен Назарбекова, Қазима Дүрімбетова, Әтіркүл Шорабаева, Нәйлә Палымбет, Патима Маханбет бар ғұмырын елге қызмет етуге арнаған Назира Парманқұлова, Гауһар Құлмырзаевалар еңбектерінің бағасын алды. Бұл күнде олар Шиелі ауданының Құрметті азаматтары. Түрлі іс-шараларды өткізуде көптеген жетістіктер биігінен көрініп жүрген Досбол Датқа ауылынан Баян Нәлібаева, Ақмаядан Раушан Нұрымбетқожаева, Нартай ауылынан Гүлнәр Пірманова, Тартоғайдан Тұрсын Кәрімова, Ә. Тәжібаев ауылынан Айсара Әбілдаева, Ботабайдан Рахия Қожамжарова, Еңбекшіден Ұлман Бәтішовалардың тынымсыз еңбектері аудан көлемінде жақсы нәтижелерін беріп жүргені баршаға аян.
Дегенмен кейде бағасы биік жақсы істердің көлеңкесінде қынжыларлық жәйттердің болып тұруы өкінішті ақ. Шүкіршілік еткенге не жетсін. Заман тыныш. Жан-жағымызды көріп отырмыз. Осы өмірің аздаған қиыншылығына төтеп бере алмай кейбір отбасыларда бір-біріне деген құрметінің азаюы жиілеп кетті. Енені ана деп, келінді қызым деп, ағайын дос-бауырлардың орнын дұрыс түсініп бір-біріне демеу болып, жетпегенін көп болып жеткізіп, қолтықтан демеп жатса одан асқан ғанибет жоқ. Одан қалды көшеде, құзырлы мекемелерге барып, әлеуметтік желілерді орынсыз шулатып ақай шу шығару әдетке немесе бәсекеге айналып бара жатқандай. Халықтың ішіндегі ері де, әйелі де қаһарман төзімді, ақыл парасатқа бай біз қазақтар.
Қанымыз да, тіліміз де, дініміз де таза. Сол қасиеттің арқасында қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда отырмыз. Барымызды бағалап, асыл қазынамыз ата-бабаларымыз салып кеткен сара жолмен ұрпақтарымыздың өсіп өркендеуіне біз әуелі ата-аналар міндеттіміз. Соның ішінде ананың ақ сүтімен берген тәрбиесінің алатын орны маңызды. Еш уақытта жаман ана деген болмайды.
Сондықтан әйел аналардың бізге дейінгі ерліктің, елдіктің дәнін сеуіп кеткен үлгісін тоздырмай керісінше оздырғанымыз мақұл. Өтіп кеткен даңқты аналарымыздың жау жүрек қыздарымыздың тарих бетіндегі таспен жазылған ғажап ерліктерін естен өшірмей жалғастыру. Біздер әйелдер қауымының бірден бір мақсаты болуы тиіс қой деп ойлаймын. Қалай десе де аналар бар жақсыға лайық. Жүрсін Ерман айтқандай «Адамның күні әйелмен,Әйелдер мәңгі жасасын».
Айжамал Әбдіхамитқызы,
Алғабас ауылының әйелдер кеңесінің төрайымы
Алғабас ауылының әйелдер кеңесінің төрайымы