Жұмыла күрессек, жеңеміз

Тәуелсіздік алғанымыздан бері ширек ғасырдан астам уақыт артта қалса да, осы бір жең ұшынан жалғасқан сыбайластықтың әлі де тыйылмауы көпті қынжылтады. Рас, Президент Қ.Тоқаев оңай олжаға құныққан жемқорлармен күресті бәсеңдетпеуді әр жылдардағы халыққа жолдаған Жолдауларында айтып келеді. Мәселен, «Қазақстан халқына» қоры осы жемқорлықтың жолын кесіп, мұқтаж жандарға көмек қолын созуға бағытталған игі істің бірі. Барша қазақстандықтар тарапынан қызу қолдау тауып, болашаққа жасалған бағдаршамға баланған Ұлт Көшбасшысының әрбір Жолдауы елдің мүлкін талан-таражға салмауға, әр іске асқан жауапкершілікпен қарауға, жұртшылықтың игілігі үшін қызмет етуге үндейді.
Ж.Байсеитова,
аудандық Қазынашылық басқармасы
аудандық Қазынашылық басқармасы