Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, кез келген мемлекеттік қызметшінің басты парызы.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, кез келген мемлекеттік қызметшінің басты парызы.



Қалтаның қамын емес, халықтың ризашылығын алу үшін қызмет ететіндер ел ішінде жоғары беделге ие. Бұл тәмсілді «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» екенін басты қағида еткен баяғының билері де жадыларында ұстаған. Бүгінгінің қазылары да сот билігінің билігін көтеріп, ақ пен қараны әділ айтушы ретінде ел есінде қалғысы келсе сыбайластық пен парақорлықтан өзін алыс ұстауы керек. Және жемқорлыққа қарсы иммунитеттің қалыптасуы заңдардың қаталдығымен емес, азаматтардың ішкі түйсігінің, иманының негізінде қабылданса құба-құп.
    Осы уақытқа дейін сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шара аз болмады. Дәл қазіргі кезде толықтыруды, жетілдіруді қажет еткенімен, 1998 жылдан бері қолданылып келе жатқан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң Қазақстандағы кеселдің тереңдеп кетпеуіне өз үлесін қосқаны анық. Әрі бұл заңнан тыс қалған тетіктер Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларында көрініс тауып отырғанына, одан қалса, жемқорлыққа қарсы дайындалған стратегиялық бағдарламалар да кезең-кезеңімен орындалғанына баршамыз куәміз. Биылғы жылдың сәуір айында жария етілген Ұлт жоспарында да жемқорлықпен күрес мәселесі ескерусіз қалмаған. Себебі, дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруді жоспарлаған елде 100 нақты қадамның мінсіз орындалуының өзі жемқорлықпен күрессіз алға баспайды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі адамзат тарихымен бірге жасап келеді. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік биліктің қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіріп, елдің дамуына кері әсерін тигізетін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететін, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтін, кез-келген мемлекетті күйрететін өте қауіпті құбылыс. Сондықтан да дүние жүзіндегі барлық мемлекеттер сыбайлас жемқорлықпен шамасы келгенінше күресуде.
Біздің елімізде де осынау қауіпті кеселдің алдын алып, жолын кесіп, болдырмау мақсатында мемлекет тарапынан көптеген шаралар жүзеге асырылуда.
Шиелі аудандық сотының
бас маманы:                                                                                                      Ж.С.Оспанов
20 маусым 2019 ж. 411 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930