ҚАҢҒЫБАСТАРҒА КІМ ҚАРАЙДЫ?
Соңғы кездері базардың айналасы, автовокзал маңында ұсқыны қашқан қаңғыбас адамдар көп жүретін болыпты. Көбі мас күйінде. Бірі автовокзал алдындағы орындықта ұйықтап жатса, тағы біреуі көзіне түскен адамның қыр соңынан қалмай «нанға» деп тиын сұрайды.
Сондағысы ішімдікке. Себебі түс ауа қарасаң мас күйінде көресің. Күні кеше бір қаңғыбас «келіншектің» Абылай хан көшесінің бойындағы қоқыс контейнерінен бірдеңе теріп тұрғанын көрдім. Тағы екеуі сапаржай жақта айқайласып, бір-біріне жаман сөздер айтып, бастарына көшіріп жатты.

Осындайлар бірнеше мәрте тиын сұрап соңымнан қалмай қойған бар. Қорыққанымнан қалтамда барын ұстата салғам. Сөйтсем жұмыстағы әріптес апайға да қайбір күні «жеңше, тиын беріңізші» деп артынан ере беріпті. «Сендей қайынсіңілім жоқ деп, айқайлап бердім» дейді.
Жалпы мұндай қаңғыған «кісілерді» бақылауда ұстайтын біреу бар ма? Көпшілік орынды өз үйіндей көріп, ойына келгендерін жасап жүргендері қаншалықты дұрыс?
Құдай бетін ары қылсын, сұрағанын бермеген адамға бірдеңе жасап қойса не болмақ? Соңғы уақытта қаңғыбастар тым көбейіп кеткен жоқ па? Балалар осындайлардың құрбанына айналмасына кім кепіл? Ойлаудың өзі қорқынышты.
Гүлхан ЯХИЯ