Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаңғыбас ер адам студияға кіріп келіп, жүргізуші қызды аймалап сүйе жөнелді

Қаңғыбас ер адам студияға кіріп келіп, жүргізуші қызды аймалап сүйе жөнелді


Аустралияда радиостанцияға басып кіріп, бағдарлама жүргізушісі Джен Фрикерді сүйе бастаған қаңғыбас ер адам тұтқындалды. Бұл туралы The Sydney Morning Herald басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Артынша анықталғандай, ер адам Аустралияның Australian Broadcasting Corporation (ABC) қоғамға хабар тарату корпорациясының ғимаратына кіріп кеткен. Ол корпорация қызметкерлерінің бірінің соңынан ілесіп жүріп, күзетшілердің көзіне түспепті.
Осылайша ол студияға кіріп кетіп, жүргізуші қызды аймалап сүйе бастаған. Артынша қаңғыбас ізін суытқан.
Біраз уақыттан кейін құқық қорғаушылар 31 жастағы күдікті Кирен Галлахерді вокзалда ұйықтап жатқан жерінен ұстады. Ер адамға адамды аңдып, ғимаратқа заңсыз кіріп, шабуыл жасады деген айып тағылып отыр.
Жауап алу кезінде ер адам ашуланып, қатты қобалжыған. Қазіргі уақытта ол сот-психиатриялық сараптамадан өтіп жатыр.
ABC корпорациясының мәліметінше, зардап шеккен бойжеткенге тиісті көмек көрсетілген. Ендігі компания ғимараттағы қауіпсіздік шараларын арттырмақ.
Stan.kz




13 қыркүйек 2018 ж. 1 022 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031