Жас шахматшы жарап тұр
Болашағынан үлкен үміт күттіретін жастардың бірі – Айбек Шамшиддин.
Ол – əуесқой шахматшы. Көкшоқы мөлтек ауданындағы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің бірінші сыныбына қадам баспақшы. Алты жасар Айбек тақта үстіндегі текетіресте облыс, республика біріншіліктерінде аудан намысын қорғап қоржынға олжа салуда. Үйірме жетекшісі Бекболат Мизамбаевтың шәкірті ойлы ойын өрнегімен спорт сүйер қауымның сүйіспеншілігіне бөленіп келеді.

Жуырда 1 маусым «Халықаралық баларды қорғау күні және балалар жылына орай Республикалық ашық біріншілікте «Kaz PetroL Ggoup» жүлдесі үшін шахматтан II орын иеленіп жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып ауданның мерейін үстем етті. Осы ретте №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің директоры Гүлшар Бердәліқызы және «ОПРАП Шиелі» филиалының төрағасы Нұрлан Халық жас шахматшыны қабылдап құрмет көрсетті.
– Мен шахматқа төрт жасымнан әуестеніп келемін. Маған шахматтың қыр-сырын үйреткен әкем – Бекболат. Ата-анам үнемі қолдап, жігерлендіріп отырады. Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерімнің барлығына себепкер болған солар. Əкем шахмат тақтасында ғана қатал. Үйде əкем екеуміз ғана шахматтың «соңына түскенбіз», – дейді Айбек.
Шахмат адамды алғырлыққа, ақылды болуға тəрбиелейді. Осы орайда үйірме жетекшісі Бекболат Мизамбаевтың айтуынша, шахматқа әуестенген жастардың қатары көп. Олардың ақыл-ойын, математикалық қабілетін дамытып, жеңіске жетуге деген құштарлығын арттыру керек дейді. Осыншама төзімділікті қажет ететін шахматтың адамға берер пайдасы да зор. Ол адамның сана сезімін жетілдіріп, ойлау қабілетін арттырады, адам боп қалыптасуына зор əсерін тигізетіні сөзсіз. Ендеше өзіндік стратегия мен тактикасы, теориясы мен практикасы қалыптасқан шахматта Айбектің алар асулары көп болсын демекпіз.
Ш.Тілеубаев