Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДАҒЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

АУДАНДАҒЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

Бүгін аудандық қоғамдық штаб төрағасы Құттықыз Шайыққызы және штаб мүшесі Айткүл Әліқызы жалпыхалықтық референдумның өткізілуі жөніндегі баптарға енгізілетін өзгерістері туралы аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандармен тілдесіп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге қатысқан ерекше жандар жақсы көзқараспен қарсы алып, өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін айтты. Штаб мүшелері Ата Заңның 33 бабына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндай отырып, бірауыздан қолдау керектігі жөнінде айтылды.
Кездесу соңында жиынға қатысушы жандар 5 маусым күні белгіленген мекен жайлары бойынша сайлау учаскелеріне барып дауыс беретіндіктерін айтты.
Аталған кездесуді қиындықтарға қарамастан ұйымдастырып берген "Үміт" мүгедектер қоғамы" қоғамдық қорының төрағасы Асылбек Ерғалиұлына алғыс білдіреміз. Денсаулықтарыңыз мықты болсын әрқашан!
03 маусым 2022 ж. 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31