Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ "ӨСКЕН ӨҢІР" ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ "ӨСКЕН ӨҢІР" ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін қоғамдық штаб мүшелері аудандық "Өскен өңір" газеті редакциясының қызметкерлерімен кездесіп, жалпыхалықтық референдум жайлы өз ойларын ортаға салып, жан-жақты талқылады.
Кездесу барысында газеттің бас редакторы Нұрболат Сәдуақасұлы елімізде өткізілгелі отырған референдумда Конституцияның 33 бабына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды, зиялы қауым өкілдерінің пікірлерін, көз қарастарын газет арқылы кеңінен насихатталып жатқандығын тілге тиек етті.
Штаб мүшелері барша ұжымды бірауыздан референдумға қатысуға, өз таңдауларын жасауға шақырды.
Жиынға қатысушылар барлығы 5 маусым күні өтетін референдумға өздерінің белгіленген сайлау учаскелері бойынша барып дауыс беретіндіктерін өзгерістерге қолдау білдіретіндіктерін айтты.
Кездесуге аудандық қоғамдық штаб төрағасы Құттықыз Ыханова және штаб мүшесі Айткүл Әбдіқадырова барды.

02 маусым 2022 ж. 472 0