Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрғисаның нақтылығы

Нұрғисаның нақтылығы

«Семізбай-U» ЖШС Иркөл филиалының 5-разрядты операторы Нұрғиса Жұмабеков кәсіпорын құрылған күннен, яғни 2007 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның «Болашақ-Шиелі» оқу орталығында жұмысшы мамандығын алып, №6 тау-кен басқармасында біраз уақыт жұмыс істепте үлгерді.
Ұзақ жылғы еңбегі еленген Нұрғиса «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Еңбек жолында өнімді ерітінділерді өңдеу учаскесінің бригадирі Нұрлан Бәкіровті өзінің ұстазы санайды.
Н.Жұмабековтың басты қасиеттері – жауапкершілік, еңбекқорлық, нақтылық пен тәртіп. Оларсыз жоғары технологиялық өндірісте жұмыс істеу мүмкін емес.
Білікті маман көп жылдық тәжірибесін бүгінде еңбек озаттары қатарында жүрген жас әріптестеріне үйретуде. Олардың ішінде гидрометаллург-аппаратшылар Біржан ­Сейдахметов, Ғалымжан Амирханов, Ержан Бөлекбаев, Рауан Қыдырбаевтарды атап өтсек те болады.
Кейіпкеріміз жақсы маман ғана емес, үлгілі отағасы. Нұрғисаның жұбайы Гүлфарида Әбуова ауылдық мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Екеуі бірге бес бала тәрбиелеп отыр.
Жарасымды жұп Досбол би ауылындағы үлгілі отбасыларының бірі. Жұмабековтердің үй іргелік учаскесінде үлкен бау-бақша мен шағын құс фермасы бар, бұл да болса отбасылық бюджетке қосымша табыс екені айдан анық.
«Кең болсаң, кем болмайсың» демекші Нұрғиса жыл сайын бау-бақшасының жемісімен достарымен бөлісіп отырады.

Мақсұт Ибрашев
23 мамыр 2022 ж. 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930