Әрқашан нәтижені жақсартуға тырысады

Біздің кейіпкеріміз қазір «РУ – 6» ЖШС өнімді ерітінділерді өңдеу учаскесінің 6-разрядты газ-электр дәнекерлеушісі, еңбек озаты.
Кен басқармасына дейін ол екі жыл ішінде өз шеберлігін №31 «Главриссовхозстрой» жылжымалы-механикаландырылған колоннасында жетілдірді .
2002 жылдан бастап, Марат біздің өңірдегі ірі уран өндіруші кәсіпорындардың бірі Шиелі №6 кен басқармасында жұмыс істейді. Марат – бәрін білемін және бәріне қол жеткіздім деп ешқашан айтпайды. Мысалы, ол кәсіпорынның еңбек ардагері Әбубәкір Мырзабаевтан көп нәрсені үйренді. Айта кету керек, «РУ-6» ЖШС-де тәлімгерлік жұмысы жақсы жолға қойылған. Жұмысқа түскен маманға тәлімгер бекітіледі, ол оған кәсіби шеберліктің құпияларын үйретеді. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша қазір барлық бөлімшелерде өз ісінің нағыз шеберлері жұмыс істейді. Осындай шебердің бірі – Марат Әбсадықов.
Ол өз ісінің білгірі ғана емес, сонымен қатар үлгілі отбасының басшысы. Жұбайы Анар екеуі бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. Өз кәсіпорны мен ауданының қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысады. Кезінде Шиелі ауданының құрама сапында футболдан облыс чемпионы болған. Ол еңбекте де еңбекқорлығымен, жауапкершілігімен, нәтижені жақсартуға деген ұмтылысымен ерекшеленеді. Өндірістегі және спорттағы жетістіктері үшін ол бірнеше рет дипломдармен, грамоталармен, сыйлықтармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды .
– Әрине, сіздің жұмысыңыз осылай бағаланғанса әрқашан қуанасың ғой, бірақ менің ойымша, бұл ең бастысы емес.
Еңбек ұжымы біртұтас организм сияқты. Әркім өз жұмыс орнында тапсырманы жоғары деңгейде орындауы керек, сонда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Бұл тұрғыда менің жолым болды деп айта алам, пікірлес адамдармен және өз ісінің нағыз шеберлерімен бірге жұмыс істеймін, – деді М.Әбсадықов.
Мақсұт Ибрашев