Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізілетін іс-шаралар

Ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізілетін іс-шаралар

Өздеріңізге белгілі, аудан аумағында жыл сайын аса қауіпті өсімдіктер зиянкесі-шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Биылғы жылы да шегіртке зиянкестерінің шығып көбею сатысына байланысты мамыр-маусым айларында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
    Облысымызда  ерекше қауіпті зиянкестер қатарына Азиялық және Италияндық прус шегірткелері тіркелген. Аймағымыздағы ну қамысты жерлерде, күріш егістіктерінде көп тараған азиялық шегіртке. Олардың үйірленуі кезінде бір шаршы метрде жүз және одан да көп дернәсілдері болады. Жылына бір ұрпақ береді. Шегірткелердің жұмыртқалары күбіршеде жер астында қыстап шығады. Бір шегіртке күбірше салғанда 2-3 дана салады. Күбіршектегі жұмыртқа саны 75-120 дана аралығында болады. Дернәсілдері ересек шегірткеге ұқсас боп туады. Дернәсіл 35-45 күн дамиды. Даму кезеңінде дернәсіл 4-5 рет түлеп, 4-5 жасқа өтеді. Химиялық өңдеу жұмыстарын дернәсілдердің 2-3 жасында жүргізгенде тиімділігі жоғары болады.
    2022 жылға  «РФД ж БӘО» ММ Шиелі аудандық филиалы мамандарының зерттеу нәтижелері бойынша Шиелі ауданы көлемінде ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы-14140 га, саяқ шегірткеге қарсы аудан бойынша барлығы-9450 га жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген уақытта адам денсаулығына, сыртта жайылып жүрген малдарға, асыранды бал араларына зиянды екенін ескертеміз. Аудан аумағында шегіртке дернәсілдері көптеп шыққан жерді әр ауыл округтеріндегі күріш егетін шаруашылық басшылары мен жұмысшылары  «РФД ж БӘО» ММ Шиелі ауданы мамандарына немесе ҚР АШМ АӨК МИК Шиелі аудандық аумақтық инспекциясына хабарласуды сұраймыз. Алдағы уақытта кент пен ауылдық округ әкімдеріне  химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетін кезде қосымша хабарлмалар берілетін болады.
Байланыс тел: 4-16-97, 4-37-88, 87775610177, 87013408346  

ҚР АШМ АӨК МИК Шиелі аудандық
аумақтық инспекциясының бас маман-
өсімдіктерді қорғау және карантині
жөніндегі мемлекеттік инспекторы:                         C. Тойшыбаев
20 мамыр 2022 ж. 642 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031