Халық үшін қару асынып
Сан жылдар өтсе де сұрапыл соғыстың сызы кеткен жоқ. Қазақ жауынгерлері ұрыс даласында иығына қару асынып, ел мен жерді жаудан азат ету үшін ерік-жігерін аямады. Майдан шебінде миллиондаған қазақ жауынгерлері азаттық үшін жанын қиды Қайтпас қайсарлық пен сол өжеттік Ұлы жеңіс күнін жақындатты.
Дүниежүзілік Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 77 жыл толды. Ғасырға жуық уақыт өтсе де зұлмат жылдардың салқыны әлі жадымызда. Сол жылдардағы ата-ананың, жетім қалған бүлдіршіндердің, денсаулығын берген жауынгерлердің зары тарихымызда мәңгі қара дақ болып қала бермек. Жаздың ыстығы мен қыстың суығына қарамастан қару ұстап жауға қарсы тұрған сарбаздардың ерлігі ерен. Олар ұмытылмайды да, ұмытпаймыз да.
Дүниежүзілік Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 77 жыл толды. Ғасырға жуық уақыт өтсе де зұлмат жылдардың салқыны әлі жадымызда. Сол жылдардағы ата-ананың, жетім қалған бүлдіршіндердің, денсаулығын берген жауынгерлердің зары тарихымызда мәңгі қара дақ болып қала бермек. Жаздың ыстығы мен қыстың суығына қарамастан қару ұстап жауға қарсы тұрған сарбаздардың ерлігі ерен. Олар ұмытылмайды да, ұмытпаймыз да.
Елім деп қару асынып, жау әскеріне қарсы шыққан жандардың бірі – Әуелбай Сейтқұлұлы.
Ол 1916 жылы бұрынғы «Боқты өлең» ауылы, қазіргі таңда Тұрсынбай Датқа ауылында дүниеге келген. Елімізде орын алған қиын қыстау заманда жарық дүние есігін ашқан ол ерте жетілуге мәжбүр болды. Ұрысты да, соғысты да, ашаршылықты да басынан өткеріп, белі қатайды. Әуелбай қазіргі Шахмардан Есенов атындағы орта мектепті бітірген соң, 1939 жылы Шымкенттегі педагогикалық училищеге оқуға түседі. Бірақ 1940 жылы осы оқуын аяқтамастанәскер қатарына шақырылып, ата-анасы мен туыстарын артта қалдырып Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. 1940 жылдың ақпан айынан бастап №83 теңіз жаяу әскерінің бригадасында, мұнан соң 1944 жылдың тамыз айына дейін 82 мм оқтың «минометчик» міндетін атқарады. Ал 1945 жылдың шілде айына дейін №924 атқыштар 120 мм оқтың «минометчик» міндетін мүлтіксіз орындады. 1945 жылдың шілде айынан бастап 1946 жылдың сәуіріне дейін №16 ауыр артерелия бригадасында телеграф міндетін абыроймен өткерді.
№058 фронтан оралғаннан кейін №2 бұйрық бойынша 1945 жылы 1192 атқыштар полкінің, 3 гвардиясының «кіші лейтенанты» атағы берілген. Арада ұзақ уақыт өтпестен«лейтенант», «командирі» шендерін да алған.
Әуелбай Сейтқұлұлының елге тигізген ерлігі ескеріліп 1944 жылы Ұлы Отан соғысының III дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Ал 1946 жылы «Будапешті азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медалі табысталған. Сонымен қатар, Болград және Аккерман, Галад, Констанция, Герень және Панш, Будапешт, Встергом, Комарно, Брно, Яромержице қалаларын басып алғаны үшін 17206 частің командир полковнигі В.Селезневпен штаб басшысының полковнигі Власовтың, кеңес одағының бас қолбасшы Маршалы Сталин атынан 1944-1945 жылдары бірнеше алғыс жарияланған.
Майдан даласынан жеңіспен оралған соң1985 жылы Ұлы отан соғысының II дәрежелі орденімен, Кеңес Одағының Маршалы Г.Жуков медалімен марапатталды. 1980 жылы Совет СССР жоғарғы президиумының ұйғарымымен «Еңбек ардагері» медалі кеудесіне тағылды.
1946 жылы елге оралып, Қызылорда педогогикалық училищесін тәмамдап, өзінің бүкіл саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеу жолына арнаған. 1947 жылдан бастап, 1982 жылға дейін бастауыш сынып мұғалімі болған. 1976 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. Екі мәрте Соцалистік Еңбек Ері атан Ы.Жақаевтың ұстазы болған. Ауылдағы шәкіртерінің есінде қатал, талапшыл және әділ мінезімен қалған. Мектеп оны «Будильник ағай» деп атап кеткен. Себебі, үнемі сыныптың есігінен кіргенде қоңырау шырылдайтын болған. Бұл оқушылардың қойған әзіл аты болғанымен, ол Әуелбайдың әрбір іске жауапкершілікпен қарайтынының бір көрінісі еді.
Батыр отбасында дүниеге келген Әуелбай Сейтқұлұлының ағалары ақтар мен қызылдар соғысына бірінші, екінші дүниежүзілік соғыстарға қатысып, бәрі соғыстан жарақаттармен аман оралған. Мұны ауыл тұрғындары екі мәрте жын бағындырған ағасы Қақай молда атанып кеткен Мақанбет ата тұмар оқып берген дейтін. Иә, Қалай болғанда да Әуелбай Сейтқұлұлының ерлігі ешқашан ұмытылмайы тиіс. Олар Отан үшін күресті, біз үшін қару асынды, болашақ үшін от кешті.
Ерұлан ДАТКЕНОВ