«Жылдың үздік кітабы» республикалық байқауы өтеді
Биыл «Үздік шығарма» «Жылдың үздік кітабы» республикалық байқаулары өтеді. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына берілген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Отандық әдебиетті қолдау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі оқырмандардың сұранысына ие кітаптарды конкурс негізінде мемлекет есебінен басып шығарады. Оның ішінде балалар мен жасөоспірімдерге арналған шығармалар да жарық көреді.
«2010-2020 жылдар аралығында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Жақан Смақов, Оспанхан Әубәкіров, Ақселеу Сейдімбек, Марат Қабанбай, Шакен Күмісбайұлы, Қастек Баянбаев, Байбота Қошым-Ноғай, Асылбек Абдрахман, Баянғали Әлімжанов, Нұрдәулет Ақыш, Әбдірайым Толымбек, Әлібек Файзуллаев сияқты танымал жазушылардың кітаптары жарыққа шығып, мемлекеттік кітапханаларға тегін таратылды», деді Үкімет басшысының орынбасары.
Оның дерегінше, мемлекеттік тапсырыс аясында балалар әдебиетін басып шығаруға басымдық беріліп отыр.
Атап айтқанда, 2021 жылы балалар әдебиеті жанрында 40 туынды 120 мың дана таралыммен басылды. Мемлекеттік тапсырыспен басылып шыққан әдебиет оқырмандарға қолжетімді болу үшін олардың электронды нұсқалары Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасына жүктеледі. 2019 жылы ерте заманнан қалыптасқан қазақ балалар әдебиеті мұраларын сақтап, келер ұрпаққа жеткізу мақсатымен «Балалар әдебиетінің алтын қоры» қалыптастырылды. Арнайы комиссияның шешімімен қорға балалар әдебиеті жанрында 2582 кітап енгізілді.
«Былтыр кітап оқуды дәріптеуге бағытталған үшжылдық жалпыреспубликалық жоспар қабылданды. Онда 67 іс-шара қарастырылған. Жоспар аясында 2021 жылғы желтоқсанда danabala.kz балалар әдебиеті сайты іске қосылды. Сайтта өткен ғасырдың 50 жылдарынан бері жарыққа шыққан қазақ қаламгерлерінің 22 кітабының электрондық нұсқасы орналастарылды. Қазіргі уақытта порталға отандық балалар қаламгерлерінің және шетелдік ақын-жазушылардың 200-ге тарта шығармалары жүктелген. Сонымен қатар биыл республикалық деңгейде «Үздік шығарма» «Жылдың үздік кітабы» байқаулары өтеді», делінген Ералы Тоғжановтың жауабында.
https://egemen.kz