Мисуак – сүннет амал
Мисуак — арак ағашының бұтақтарынан және тамырынан жасалатын тіс тазалаушы құрал. Оны ұшын шайнап, қабығын кетіріп, тіс тазалауға пайдаланады. Оқырмандарымыз үшін бұл атау таңсық емес деп ойлаймыз.
Мисуак – Әрак (Salvadora persica) атты ағаштың майда бұтақтары не тамыры. Хош иісті бұл ағаштың түрі негізінен Араб түбегі, Батыс және Оңтүстік Азия, Африка аймағында өседі. Мисуактың басты ерекшелігі – 100 ℅ табиғилығында. Химиялық құрамы таза болғандықтан, тіс, тістің қызыл етімен қатар ағзаның басқа да жақтарына пайдасы мол. Құрамына көптеген биоактивті және минералды заттар топтастырылған: танин, флавоноидтар, алкалоидтар, сапонин, С витамині, фтор, кремдік заттар т.б. Бұлар тістің аппақ болып жарқырап, қызыл еттің мықты болуына көмектеседі. 2003 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеу жұмысы нәтижесінде синтетикалық материалдан жасалған жай тіс щеткасымен салыстырғанда, мисуактың анағұрлым әсерлі екені тағы да анықталған. Мамандардың айтуынша, мисуактың құрамындағы белсенді биологиялық заттар адамның тісі мен тіс жегісіне ғана емес, бүкіл иммундық жүйесіне пайдалы екен. Сондай-ақ, Иллиной университетінің (АҚШ) ғалымдары жеті жыл мисуакка зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оның құрамындағы жеті химиялық затты анықтаған. Бұл химиялық заттар тіс бактериясы мен кариеске қарсы тұратындығы дәлелденген.

Қолдану тәсілі
15 см-дей етіп кесілген мисуактың бір ұшын (шамамен 1 см) бір тәулік бойы суға салып қоясыз. Жібігенде, ұш жағының қабығын аршисыз. Содан кейін оны шашақтап ашасыз. Оң қолға ұстағанда бас бармақты асты жаққа, сұқ саусақты үстіге келтіресіз. Мисуакпен тісті ғана емес, тістің еттерін, тілді, тіпті тамақты да ысқылауға болады. Қолданып болғаннан кейін оны жуып, пакетіне қайта салып қоясыз. Басындағы шашағы таусыларда, басын бірдей етіп кесіп, ұшын қайта жаңартып ашасыз. Осы негізде қолданар болсаңыз, бір мисуактың өзі біршама уақытқа жетеді.

Мисуак жайлы хадистер
Ардақты Айша анамыздың айтуынша, үйге келе салғандағы және ұйқыдан оянғандағы (мейлі күндіз, мейлі түнде болсын) Пайғамбарымыздың алғашқы қолға алар ісі ауызды мисуакпен шаю болған (Шауқани М. Нәйлүл-аутар, 121.).

Расулаллаһ (с.а.с.) кейбір хадистерінде мисуак жайлы былай деген:
«Мына төрт нәрсе пайғамбарлардың сүннеті: қарапайымдылық, әтір себіну, мисуак қолдану және некелесу» (Тирмизи, Неке, 1);
«Үмбетіме ауыр соғады-ау демегенімде әр намаздың алдында мисуакпен тіс тазалап тұруды бұйырар едім» (Бұхари, Жұма, 8);
«Мисуак қолданыңыздар, ол ауыз тазалығына әрі Жаратушының разылығына себеп» (Суюти. әл-Жамиғ әс-сағир, 4832);
«Мисуак қолдану жайлы Жәбірейіл періштенің жиі кеңес беретіні сонша, мен өз тістерімнен (түбін ойын жіберем бе деп) қорқа бастадым» (Кутубу ситта, 6043);
«Түсімде мисуакпен тісімді тазалап тұр екенмін. Бір уақытта жаныма екі кісі келді. Мен мисукты жасы кішісіне бермекші болғанымда, ересегіне беру керектігі ескертілді. Мен ересегіне бердім» (Мүслим, Руя, 19) т.б.
Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.) істерін өнеге тұтқан қазақ халқы сүннетке құрметпен қараған. Ерте уақытта қажылыққа барып қайтқандары я діндарлары мисуакпен тіс тазалығын күтуге мән берген. Әйгілі Қашаған жыраудың бір сөзінде «Аузыңа салған мисуак ағаш емей немене?!» дегеніне қарағанда, мисуакты сол кездегі қазақ қоғамы жатсынбаған. Осы бір ауыз сөзден-ақ ел ішінде мисуак қолданатындардың кездескенін әрі ол туралы халықтың жақсы білгенін байқаймыз. Жалпы алғанда, тіс тазалығын күту – әр адам үшін өте маңызды. Ал зерттеушілер жан-жақты дәлелдеген мисуак – ең табиғи әрі пайдасы мол тіс щеткасы деуге болады. Сөз соңында айтарымыз, хадистерге, сүннетке амал жасау арқылы Алла Тағаланың махаббаты мен кешіріміне қол созамыз.
Дайындаған А.АСАНОВ