Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі ерекше ағаштар 

Әлемдегі ерекше ағаштар 


Табиғаттың бір жаратылысы ағаш – өміріміздің бір бөлшегі, олар бізді оттегімен, тағаммен, баспанамен, жылумен қамтамасыз етіп отырады. Жер шарында ағаштың біз біле бермейтін 100 000  түрі бар. 

1. Баобаб  Баобабтардың отаны Мадагаскар саналады, олар Африкада және Аустралияда да кең таралған. Баобаб ағаштары Африка құрлығындағы өмірдің ең көне формасы болып табылады. Таңғажайып баобабтар немесе "маймыл ағаштары" 30 метр биіктікке дейін өседі. 2. Аждаһа ағашы Аждаһа ағаштары Канар аралдарының біріндегі Икод-де-лос-Винос жерінде өседі. Мамандардың болжамы бойынша бұл ағаштың жасы 650-1500 аралығында. Нақты жасын анықтауда ағаштың бірде-бір діңгегінің жоқтығы қиындық тудырады. "Аждаһа ағашы" деген атауға ағаш жапырағын немесе тамырын кескенде шығатын қарамайдың арқасында ие болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша ол қарамай – айдаһардың кеуіп қалған қаны. Қарамайды көптеген кеселдерге дәрі ретінде пайдаланады. 3. "Генерал Шерман" алып секвойясы   Калифорниядағы Сиерра-Невадада өсетін алып секвойялар көлемің жағынан ең үлкені болып саналады.Олардың арасындағы ең үлкені Секвойя саябағында өсетін "Генерал Шарман" ағашы. Салмағы – 6000 тонна, биіктігі – 83 метр, ал көлемі – 1,486 шаршы метр. Ағаштың жасы шамамен 2300-2700 де. 4. Пандо теректері АҚШ-тағы Юта штатында өсетін Пандо көктерек ағаштарының тобы 100 акраны алып жатыр. Мұндағы барлық ағаштар бір-бірімен генетикалық жағынан тығыз байланыста.  Пандо 47000 діңгектен тұрады, ал олардың барлығының салмағы 6600 тоннаны құрайды. Олар әлемдегі ең ауыр организмдер болып саналады. Ағаштардың  орта жасы – 130 жас. 5. Туле ағашы Туле ағашы – Мексикадағы Оахака қаласында өсетін еркеше үлкен өсімдік. Бұл ағаштың діңгегі 11,5 метрдіұүрайды. Жұртшылықтың айтуынша ағаштың қалыңдығы сонша сіз оны емес, ол сізді құшақтайтын көрінеді. Ағаштың жасы – 2000 жаста. Бір кездері ғалымдар мұнда үш ағаш бірдей бірігіп тұр деген қорытынды шығарған көрінеді. Алайда ДНК сараптамалары бұл болжамды жоққа шығарды. 1994 жылы ағаштың жапырақтары сарғыштанып, кеселге ұшырайды. Ағаш өлуге шақ қалады. Алайда, көптеген шаралардың арқасында ағаш аман қалады. 6. Баньян: Махабодха ағаштары Бұл ағаштарыдң баньян аталуына себеп болған бағзы замандардағы баньяндар немесе үнді саудагерлері. Өйткені олар осы ағаштардың астында отырып, өз тауарларын сататын болған. Баньян ағашының ең танымал түрі – Шри-Ланкадағы Анурадхапура жеріндегі Махабодха ағашы. Б.з.д 288 жылдары отырғызылған бұл ерекше ағаш  әлемдегі ең көне ағаш болып саналады. 7. ­Өмір ағашы Бахрейн жеріндегі "өмір ағашы" – әлемдегі «ең жалғыз ағаш» ретінде танымал. Аталған ағаш Бахрейн шөлінің ең биік нүктесінде, өзге өсімдіктерден жүздеген шақырым ұзақтықта орналасқан. Ағаштың нақты жасы белгісіз, дегенмен мамандар еркеше жаратылысты  400 жас шамасында деген болжамдар жасайды. Дегенмен, өмір ағашының құпиясы оның жасында, әдемілігінде немесе формасында емес. Оның құпиясы – ағаштың Бахрейна шөлінің ешқандай су жоқ ең биік нүктесінде өсетіндігінде. Дәл осы жерде ешбір тірі ағзаның өмір сүре алмайтындығы дәлелденген. Жергілікті тұрғындар өмір ағашын жұмақтың бағының орнында тұр деп санайтын көрінеді.
Massaget.kz
29 қараша 2018 ж. 2 761 0