ӨМІР ҮШІН КҮРЕС
Соңғы 3 айда диализге тәуелді 7 аудан тұрғыны көз жұмды, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұған «жасанды бүйрек» аппаратына құйылатын сұйықтықтың сапасыздығы бірден-бір себеп. Оған қоса дәрігерлер пациенттің денсаулығына немқұрайлы қарайды. Диализге жүгінетіндердің басым бөлігінде гемоглабин төмен, ал оны қалыпты ұстап тұру үшін қажетті дәрі-дәрмекпен қатамасыз етілмейді. Бұл диализге тәуелді аудан тұрғындарының шағымы.
Мақсат Ахмедовтың диализдің әлегін тартып келе жатқанына 10 жылға жуық уақыт болды. Бүйрек жеткіліксіздігі ауруына шалдыққан алғашқы жылдары Қызылорда қаласына барып ем қабылдаған. Одан соң 2-3 жылдай көршілес Жаңақорғанның диализ орталығына жүгінеді. Мұндай орталық Шиеліден ашылғанда «бөрігін аспанға атып» қуанғандарды бірі осы Мақсат болатын. Алайда қуанышы ұзаққа созылмады.
Мақсат Ахмедовтың диализдің әлегін тартып келе жатқанына 10 жылға жуық уақыт болды. Бүйрек жеткіліксіздігі ауруына шалдыққан алғашқы жылдары Қызылорда қаласына барып ем қабылдаған. Одан соң 2-3 жылдай көршілес Жаңақорғанның диализ орталығына жүгінеді. Мұндай орталық Шиеліден ашылғанда «бөрігін аспанға атып» қуанғандарды бірі осы Мақсат болатын. Алайда қуанышы ұзаққа созылмады.
– Диализ жасайтын орталық Шиеліден 2017 жылы ашылды. Алғашқы жылы барлығы өз деңгейінде, жоғары сапада жасалды. Барлық жерде солай емес пе? Бірінші ашылған кезде керемет болады да, кейіннен кері кетеді. Біздегі орталық та дәл солай, 2018 жылдан бері диализдің сапасы түсті. Алғашқы жылы апаратқа құятын ұнтақтың сапасы жақсы болатын. Кейіннен өзгеріп кетті. Біз қайта-қайта шағымдана берген соң «заводской» деп бірдеңе алып келген болды, бірақ сападан өзгеріс байқамадық. Соның кесірінен қаншама адам көз жұмды.
Диализге кірерде қан қысымым қалыпты болып тұрады да шыққан соң күрт жоғарылап кетеді. Ол кезде өзім үйден дәрі ішіп, болмай бара жатса жедел жәрдем шақырып, әйтеуір өлместің күнін кешемін. Бұрын-соңды қан қысымым мүлде мазалаған емес. Еш жерім ауырмайтын да. Барлығы осы сапасыз диализден соң басталды. Тек мен ғана емес, барлығында осылай. Бірер күн бұрын ғана Арман Жиенбаев деген азамат диализден шыққан соң жансақтау бөліміне түсті. Ол да аппаратқа жүгінерде қан қысымы 130 болған, шыққан соң 140-ты көрсетсе, шамалы уақыттан кейін бірден 280-ге жоғарылап кеткен, – дейді Мақсат Ахмедов.
Айтуынша, Арман Жиенбаев Шиеліден диализ орталығын ашуға атсалысқан бірден-бір азамат. Арманның өзі де денсаулығына жауапкершілікпен қарап, диета мен ережелерді қатаң сақтанып жүретін. Оның жансақтау бөліміне түскеніне диализдің сапасыздығы ғана себеп. Бірақ дәрігерлер өздеріне шаң жуытпай, Арманның өзін кінәлап жатыр деп күйінеді бірге ем қабылдаушылар.
Қырық жастағы Азат Төлеевтің де диализге тәуелді болып жүргеніне биыл 7 жыл толды. Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері орталықтың көмегіне жүгінетін ол:
– Диализге кірерде қан қысымым 140 болады да, шыққан соң 170-180-ге көтеріледі. Бұрын Жаңақорғанға барып қабылдап жүргенімде бұлай болмайтын. Аптасына 3 мәрте ол жаққа бара беруге қалта көтермейді. Амал жоқ, ауырсақ та осы жерге барамыз. Бізді қойшы, қазір диализге жас жігіттер келіп жатыр, соларға обал. Осыны бір тексеріп, қоспалардың сапасын қадағалайтын біреу бар ма өзі? Қаншама жылдан бері айтып шаршадық. Бірде-бір адамның бізге мойнын бұрып, уәжімізді тыңдағанын көрген жоқпыз. Негізінде бізді Қызылордадан нефролог мамандар келіп тексеріп тұруы керек. Себебі орталық сол жақта. Бірақ ол да жоқ. Тек 1-2 рет аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан ғана келді. Басқа ешкім біздің жағдайымызды сұрап, дәрі-дәрмек тапшылығын қадағалаған емес, – дейді.
Бүгінгінің дерті – бүйрек
Ғалымдардың айтуынша бүйрек адам ағзасындағы ең шыдамды мүше. Себебі ол өзінің қызметінің бұзылғандығы жөнінде сыр бермейді. Адамдардың бүйрек ауруын асқындырып, соңғы мүмкіндік «жасанды бүйрек» аппаратына таңылуының да бірден-бір себебі осы.
Ғалымдардың айтуынша бүйрек адам ағзасындағы ең шыдамды мүше. Себебі ол өзінің қызметінің бұзылғандығы жөнінде сыр бермейді. Адамдардың бүйрек ауруын асқындырып, соңғы мүмкіндік «жасанды бүйрек» аппаратына таңылуының да бірден-бір себебі осы.
Иә, бүйрек өте нәзік болғанымен, атқаратын қызметі зор. Адам бүйрегі күн сайын орта есеппен 200 литр қанды сүзгіден өткізеді. Қанды улы заттардан тазартып, ағзадағы артық суларды сыртқа шығарады. Созылмалы бүйрек қызметінің нашарлауы кезінде бүйректің зәр шығару қызметі бұзылып, адам өздігінен кіші дәретке шыға алмайды. Яғни бүйректің сүзгі қызметі істен шығып, улы қалдықтар ағзада қалып қояды. Сөйтіп, ағза уланады. Жалпы бүйрек ауруларын алғашқы екі сатысында емдеу нәтижелі болады. Өкінішке қарай, көп жағдайда аурудың сырқаты асқынып, ауруханаға түскен кезде ғана анықталады. Дәрігерлер үшінші сатыда дерттің таралуын тоқтатып, сырқаттың өмірін ұзарта алады. Бұдан кейінгі төртінші, бесінші сатыда ауруды емдеу өте қиын. Тіпті науқастың бүйрегін жасанды бүйрекпен ауыстыруға тура келеді. Ал бұл іске қомақты қаржы қажет. Оған екінің бірінің шама-шарқы келе бермейді.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан науқастардың өмірін диализ арқылы ұзартуға болады. Диализ – бүйректің дұрыс жұмыс істеуін тоқтатқан кезде қандағы қалдықтар мен артық сұйықтықты кетіру процедурасы. Қандағы адам ағзасының өмір сүруіне қажетсіз өнімдер мен сулар арнайы мембраналық сүзгіден өткізіледі. Қос бүйрегі істен шыққан науқастар аптасына екі немесе үш рет диализ қабылдап, қанын тазартуға мәжбүр. Ауа жетпеген адам өмір сүре алмайтыны сияқты, қанды бүйректен тыс тазарту әдісі жасалмаған жағдайда науқастың жасушалары тұншығады.
Иә, «жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, осыдан бірнеше жыл бұрын қос бүйрегі істен шыққан науқастар бақилық болып кететін. Өйткені оның емі болмады. Ал бүгінгі заманауи медицинада мұндай науқастар диализ арқылы өмірін ұзартып, қоғаммен бірге жасауда. Қазақшалап айтқанда «жасанды бүйрек» аппараттары бүгінде Қазақстанның әр өңірінде кездеседі. Көп жерлерде «BBnura» компаниясының нефрология орталықтары жұмыс істиді. Шиелідегі де осы компанияның орталығы. Ал біздікілер мақтап отырған Жаңақорғандағы диализ орталығы «Diaverum» деп аталады екен.
Статистика сөйлесін
Жер бетіндегі әрбір оныншы адам түрлі бүйрек ауруына шалдығады екен. Статистикаға сүйенсек қазір Қазақстанда 6000-ға жуық науқас гемодиализге мұқтаж. Ал жылына 200-ден аса адам созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне шалдығады.
Жер бетіндегі әрбір оныншы адам түрлі бүйрек ауруына шалдығады екен. Статистикаға сүйенсек қазір Қазақстанда 6000-ға жуық науқас гемодиализге мұқтаж. Ал жылына 200-ден аса адам созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне шалдығады.
Батыс елдерінде диализге тәуелді адамдардың орташа жасы 63-64-ті құраса, біздің елде бұл 54 жасқа дейін қысқарған.
Шиелідегі медициналық орталықта 30 адам ем қабылдайды. Әрқайсысы айына 14-13 мәрте 4 сағаттан аппаратқа жүгінуге мұқтаж. Бұл үшін мемлекет арнайы қаржы бөледі. Науқастарға қажетті дәрі-дәрмек те мемлекет есебінен тегін берілуі тиіс. Алайда диализге жүгінетіндердің оған көңілі толмай отыр. Аудандық емханаға хабарласып, мән-жайды сұрағанымызда нефролог дәрігер:
– Иә, диализге жүгінетін кісілер «бізді дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етпейді» деп шағымданып жатыр. Шынында да көбінің гемоглабині өте төмен. Оған қоса бірнеше дәрумендер егілу қажет. Бірақ науқастар ешқайсысы салынып жатпағанын айтуда. Диализ бізде жасалғанымен, орталық облыс орталығына қарайды. Мамандары да сол жақта. Олармен байланысқанымызда, «әркімнің организмі әртүрлі. Сондықтан талдау арқылы әр науқасқа қажетті дәрісін ғана беріп отырамыз» деген жауап алдық. Анемияны емдейтін «рекормон» атты препарат науқастың гемоглабині 100-ден төмен болса ғана тағайындалып жатыр. Ал гемоглабинді демеуші препараттарды күнделікті салуға болмайды. Заңдылығына сәйкес айына 2-3 реттен науқастарға берілуде, – дейді.
Қос бүйрегінен айырылған тұрғындардың базынасы осы диализ сапасыз, қажетті дәрі-дәрмек уақытылы берілмейді. Салдарынан денсаулықтары одан сайын нашарлап, соңы қайғылы жағдайға апаруда.
Кеселдің тәуірі жоқ, шамаң келсе ауырмай бақ. Дегенмен пенде болғансоң ауру басқа келмей тұрмайды. Себебі «ауру – Алланың сынағы» дейді. Бір бүйрегі ғана сыр берсе, оған амал табылар, ал екі бірдей бүйрегі істен шыққандар не істейді? Адам ағзасы үшін бүйректің қызметі орасан. Оның жұмысы тоқтаса...
Гүлхан ЯХИЯ