ЖЕРДІҢ ДЕ ИЕСІ МЕН КИЕСІ БАР
Қазақ ежелден жерді ерекше қадірлейді. Оның түпкі мәні – жерді ұлы ана ретінде аялауда болса керек. «Жерді бейсауат қазба», «жерді сызуға болмайды, өрісің тарылады» деп те ырымдайды. Жерді сызуға адам басына қауіп төнген жағдайда ғана рұқсат етіледі. Аталарымыз «жерді тоқпақтама, жерді ұрғылама! Әйтпесе, Жер-ананың киесі атады» деп жорамалдаған, ұрпағына да солай түсіндірген. Жерге бейсауат топырақ, құм немесе тас үюге де болмайды. Мұндайға жаманшылық, тіпті, өлім шақыратын өрескел қылық ретінде қатаң тыйым салынады. Ал ауылдың үлкендері жер тартады деп те жатады.
Ертеректе қазақ жұртының жерді айрықша қастерлегені соншалықты, түздік аяқкиімнің тұмсығын жоғары қаратып (қайқылап) жасатқан. Мұнысы адам жүргенде жер жарықтықтың бетін жарақаттамасын дегені. Жерге түкірме, Жер – ана. Анасының бетіне ешкім түкірмейді дейтін де біздің қазақ.
Ертеректе қазақ жұртының жерді айрықша қастерлегені соншалықты, түздік аяқкиімнің тұмсығын жоғары қаратып (қайқылап) жасатқан. Мұнысы адам жүргенде жер жарықтықтың бетін жарақаттамасын дегені. Жерге түкірме, Жер – ана. Анасының бетіне ешкім түкірмейді дейтін де біздің қазақ.
Ғұндардың жеріне Дунь Ху мемлекетінің ханы қызығып, жас патшаға елші жіберіп, «Мөде достығымызды сыйласа, маған сәйгүлігін берсін» деп сәлем айтады. Мөде елдің ақылды адамдарын жинап, кеңес құрады. Кеңесшілер: «арғымақ – ғұндардың киесі, бұл атты беруге болмайды» дейді. Мөде: – Бір атқа бола соғыспайық. Бұл сыйымыз көршімен достық кепілі болсын, – деп тұлпарды сыйға тартады. Дунь Ху елінің ұлықтары Мөдеге тағы да жаушы жіберіп, ең сұлу, сүйікті әйелінің бірін тарту етуін сұрайды. Мөде тағы да уәзірлерін кеңеске жинайды. «Біз олармен соғысуымыз керек!» деп уәзірлер ашу шақырады. Мөде: – Арғымақ та, әйел де ел тыныштығының кепілі болсын, – деп әйелін де беріп жібереді. Мейманасы тасыған әмірші әскерін жиып, дәл ғұндардың шекарасына келіпті. Екі ел аралығында шөп өспейтін, суы жоқ бір пұшпақ жерге ешкім мекен етпеген екен. Әмірші қайтадан елші аттандырады. «Ғұндар, бұл жердің сендерге мүлдем керегі жоқ қой. Бізге сол жерді берсеңдер...»
Мөде бұл жолы да кеңес құрып, ақыл сұрайды. «Жерді беруге де, бермеуге де болады. Одан ешқандай пайда жоқ» дейді кеңесшілер. Осы арада Мөденің төзімі сарқылады:
– Мен әміршінің екі талабын орындадым, себебі, ат та, әйел де өзімдікі болатын. Ал, жер жақсы болса да, жаман болса да халықтікі! – деп, «жерді жатқа беру керек» дегендерді дарға асуға бұйырып, өзі қол бастап, жау әскерін тас-талқан етіпті» деседі көне аңыз желісі. Содан бері талай заман өтсе де адамзат арасында жер дауы әлі толастамақ емес. Әлемдегі қанқұйлы соғыстар да осы жерге деген тойымсыздық салдарынан туындаған.
Жердің қадіріне жетіп жүрміз бе?
Қазақтың асты мен үсті байлыққа толы жерге иелік етуі – Алланың сыйы. Теңдессіз байлық. Тозғанын тыңайтып, игерусіз қалғанын игілікке жаратудың нақты жүйесі болмаған соң, жер-Ананың қадірін біліп отырмыз ба деген сұраққа біржақты жауап беру қиын. Бірақ айналып өтуге тағы болмайды.
Қазақтың асты мен үсті байлыққа толы жерге иелік етуі – Алланың сыйы. Теңдессіз байлық. Тозғанын тыңайтып, игерусіз қалғанын игілікке жаратудың нақты жүйесі болмаған соң, жер-Ананың қадірін біліп отырмыз ба деген сұраққа біржақты жауап беру қиын. Бірақ айналып өтуге тағы болмайды.
Қазақстанның жалпы аумағы – 270 млн гектар. Оның 100 млн гектары ауыл шаруашылығына арналса, түгелге жуығы жалға берілген. Айналамызда жекеменшік жерін, өзіне сеніп тапсырылған алқапты «иран бағына» айналдырғандар да, жұмақтай жайқалған телімді тулақтай тоздырғандар да бар. Бір қуанарлығы, соңғы жылдары бұған байланысты заң күшейді. Яғни өзіне тиесілі жерді мақсатсыз игергендер немесе ту-талақайын шығарғандар кең көлемде айыппұл өтейді. Тіпті мемлекет ол жерді алып та қоюы бек мүмкін.
Жерді тиімді пайдалану мәселесі бұған дейін дүркін-дүркін қозғалып қоятын. Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы Жолдауында «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті деп ашық айтқан. Рас, жерді жалға алып, бірақ оны игермей, босқа ұстайтындар көп. Соның кесірінен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі төмен деңгейде қалып келеді. Бұл өз кезегінде азық-түлік бағасына да өз әсерін тигізетіні айтпаса да түсінікті болар.
Г.ЯХИЯ