Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» Алтынның буы

Алтынның буы


(Ел аузынан)
Ертеде бір патша сарай алдындағы бақта отырып мұртын басқызыпты. Құстың сайраған үнін естіп, тәңірдің берген нұры – күннің шуағына бір мезгіл маңдайын тосып жан рақатына батады.
Маужырап отырған патшаны өзінің байырғы заманнан үйреншікті шаштараздың:
  • Тамағыңды орып жіберейін бе? – деген оқыс үні оятып жібереді.
Шаштараздың түрі бұзылып кеткенін аңғарған патша:
  • Ау, батыреке, сап-сап. Не істеймін десең ерік өзіңде. Ұстараңды көрсетші маған. Жанымды қинап жүрмей ме? – деп жымияды да, шаштараздың ұстарасын сұрап алады.
  • Мына ұстараңды жанып алмасаң болмайды екен, барып жанығышыңды әкел, – деп шаштаразын сарайға жұмсап жібереді де, өзі анадай жерде тұрған бағбанды шақырып алады.
  • Барып күрек алып кел де, мына жерді қаз, – дейді патша бағбанға әлгінде шаштараз тұрған жерді нұсқап.
Бағбан патшаның өмірін сол сәтте орындайды. Шаштараз тұрған жерді сәл қазған соң-ақ астынан қойма табылады. Қоймадан ат басындай алтын шығады.
Істің мән-жайын түсінбеген шаштараз, ұстара жанығышын әкелген күйі аңырап тұрып қалады. Патшаға тамағыңды орып жіберейін бе деген сөзді қалай айтқанын ұға алмай, ажалымның жеткен жері осы шығар деп, іштей жарық дүниемен қоштаса бастайды.
Патша ат басындай алтын ьабылғанын көргенде:
  • Бәсе, сені сөйлетіп тұрған осы алтынның буы екен ғой, сенде жазық жоқ. Бәріне мына ат басындай алтын кінәлі, – дейді, не болғанын түсінбей абдырап тұрған шаштаразын арқасынан қағып.
Иген ХАСЕНҰЛЫ («Шамшырақ» кітабы).
---
22 қазан 2018 ж. 2 017 0