ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
Шиеліде 2281 мүмкіндігі шектеулі адам өмір сүреді. Өткен жылы оларға гигиеналық құрал, кресло-арба, тифло және сурдоқұрал мен протез алуға бюджеттен 40 млн теңгеден аса қаржы жұмсалған.Тек бірінші топтағы мүгедектігі бар 179 адамға жеке көмекші қызметін тағайындау үшін 156 млн теңге бөлінді. Бұл да өткен жылғы есеп. Жалпы әлеуметтік қорғау жүйесі еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыратын басты тетіктердің бірі болып табылады. Оның мәні әлеуметтік қауіпсіздік пен халықтың бақуаттылығын көздейтінінде болса керек.
Негізінде халықаралық қауымдастықта әлеуметтік саясаттың мінсіз, баршаға ортақ үлгісі жоқ. Алайда, адамдар жұмысқа жарамсыз болып қалғанда, жұмыссыздықтың салдарынан тұрмысы нашарлағанда немесе жасы ұлғайып, кәрілік келіп жеткенде мемлекет тарапынан көрсетілетін қамқорлық өз нәтижесін беруде. Жәрдемақы мен төлемдердің, қызметтердің әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға бағытталып, мұқтаж азаматтарға тең әрі әділ бөлініп, жаппай қамтылуы бұл жүйенің жұмысын жандандырып келеді. Табысы төмен отбасылар, мүгедектер, жалғызілікті зейнеткерлер, жетімдер мен көпбалалы аналарға әлеуметтік қорғау бірінші кезекте көрсетіледі.
Азаматтардың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін арттыру, кедейшілік, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған шараларды жүзеге асыру қай кезде де мемлекеттің басты міндеті.
Еңбек нарығы
Өткен жылы ауданда жұмыссыздық деңгейі 5 процентке тұрақтады. Екі мыңнан аса адам жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа орналасса, 3 мың аудан тұрғыны ақылы қоғамдық жұмыс, кәсіпкерлік курстан өту, жастар практикасы, ұрпақтар келісім шарты секілді түрлі бағдарламалар аясында еңбек нарығымен қамтылған. Сондай-ақ, 400-ден аса адамға мемлекеттік грант, 119 азаматқа кәсіп ашу, кеңейту мақсатында несие де берілген. Соның нәтижесінде 124 жаңа жұмыс орны құрылды. Ал жалпы жыл бойы 1600-ден аса жаңа жұмыс орны ашылса, оның 1690 тұрақты қызмет.
Өткен жылы ауданда жұмыссыздық деңгейі 5 процентке тұрақтады. Екі мыңнан аса адам жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа орналасса, 3 мың аудан тұрғыны ақылы қоғамдық жұмыс, кәсіпкерлік курстан өту, жастар практикасы, ұрпақтар келісім шарты секілді түрлі бағдарламалар аясында еңбек нарығымен қамтылған. Сондай-ақ, 400-ден аса адамға мемлекеттік грант, 119 азаматқа кәсіп ашу, кеңейту мақсатында несие де берілген. Соның нәтижесінде 124 жаңа жұмыс орны құрылды. Ал жалпы жыл бойы 1600-ден аса жаңа жұмыс орны ашылса, оның 1690 тұрақты қызмет.
Биыл да жыл басынан бері 300-ден аса тұрғын жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа орналасып үлгерген. Сонымен қатар 281 азаматқа 1 млн 225 мың теңге көлемінде грант беру көзделіп отыр. Сәйкесінше 400 азамат қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұл мәселелер өткен аптада болған аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында талқыланды.
Көмек – көпке демеу
Жыл басынан бері 5616 мың адамға 110 миллион теңге сомасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Сондай-ақ, 162 млн теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік пакет қаралған.
Жыл басынан бері 5616 мың адамға 110 миллион теңге сомасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Сондай-ақ, 162 млн теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік пакет қаралған.
Бұдан бөлек, мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар ауқымы айтарлықтай. Шипажайлық-курорттық емделуге жолдама беріліп, мүгедектерді кәсіптік даярлау және қайта даярлауға көмек көрсетіледі. Зағиптарды ертіп жүру, үйде оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларын қолдау да бюджеттің есебінен қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарды мұқтажына қарай техникалық құрылғылармен қамтамсыз ету үнемі жүзеге асырылып отырылады.
Шиеліліктерге көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлеріне тоқталып өткен жөн. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау, ымдау тілі қызметі, үйден оқытылатын балаларды қолдау, мүгедектерге әлеуметтік такси қызметін ұсынумен қатар туберкулезбен ауыратындар 62 адамға 22 млн теңге әлеуметтік көмек бөлінген.
Ауданда мерекелік және айтулы күндерге біржолғы ақшалай төлемдер де беріліп отыр. Мәселен өткен жылы Ұлы Отан соғысы ардагеріне 1 млн 117 мың теңге біржолғы төлем төленсе, тыл еңбеккерлеріне 187 мың 510 теңге, Ауған соғысына қатысушыларға 87510 теңгеден қаражат бөлінген. Сол секілді Чернобыль апатына қатысқан және Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде ТМД шекарысын қорғаған, Семей сынақ полигоны мен Ирактағы бітімгершілік операциясына қатысқан барлығы 500-ден аса адам қаржылай төлемнен шет қалмады.
Одан бөлек мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалар аясында төрт жылдан аса жұмыс жасап келе жатқан «Думан-Шиелі» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы да тұрғындардың игілігі үшін жұмыс жасауды. Мұнда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға 8 түрлі әлеуметтік қызмет түрі тегін көрсетіледі. Оған 68 зейнеткер мен 24 бала жолдама алған. Сондай-ақ, «№3 облыстық балалар оңалту орталығы» да он жылдан аса уақыт бойы 7 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту қызметін көрсетіп келеді. Орталықтың бір аусымда 50 баланы қамтитын мүмкіндігі бар.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ