Асылдандырылған тұқымның өнімі де асыл
Тұқымы асыл мал таразы тартады. Осыны түсінген «Мұхтар фермері» шаруа қожалығының басшысы Мұхтар Оралов асыл тұқымды ірі қараны көбейтуді көздеп отыр. Тіпті, биыл 136 бас аналықтан 90 төл алып үлгерді .
«Мал баққанға бітеді» дейді қазақ. Ал, ол асыл тұқымды болса еңбегіңді еселеп қайтарады. Расында, сүтті сиырдан сүт, құрт, май, ірімшік, қаймақ сынды отандық өнімдерді өндірсек, етті бағытта мал бордақылау алаңдарының көбеюіне, әрі экспорттың әлеуеті арта түсуіне септігін тигізеді. Яғни, әлемдік талапқа сай өнімдерді өндіріп, өзіміздің брендті қалыптастыруға жол ашатынына сенім мол. Мысалы, Арабтар жылқы, түйесін әлемдік брендке айналдыра білді. Олардың жылқысына қарап сүйсінбейтін жан кемде-кем. Жыл сайын түрлі көрмелер ұйымдастырып, жылқысының бағасын көтеріп келеді. Сол секілді қазақ халқы да асыл тұқымды түлікті көбейтуге ден қоюда. Соның бірі – Нартай ауылының тумасы Мұхтар Оралов. Әкесі Шәрбек 1957 жылдан бастап ауылда диірмен ұстап, колхозда еңбек етсе, ал анасы Ақнұр көпбалалы ана атанған. Кейіпкеріміз алдымен әке жолын жалғастырып, 1990 жылдан 2015 жылға дейін ауылдағы диірменде жұмыс істейді. Кейіннен кәсіппен айналысуға бел буады. 1998 жылы алғашында 30 бас сиырмен бастаған шаруашылық кәсібі кейіннен жергілікті тұқымды асылдандыру бағыты бойынша асыл тұқымды бұқашықтар бағумен айналысады. Бүгінде шаруа қожалықта асыл тұқымды 140 бас сиыр, 100 бас жылқы бар.

– Шаруашылықпен айналысқалы бері біраз кедергілердің бар екенін аңғардым. «Малдың жайын баққан білер» демекші, осы саланың басы-қасында жүрмеген адамның мұны түсіне қоймасы анық. 2021 жылы Шығыс Қазақстан облысынан 4 бас асыл тұқымды бұқа, 2022 жылы тағы 1 бұқа алдырып, оны жергілікті аналық сиырлармен будандастырдым. Нәтижесінде, малды асылдандыру арқылы ет бағытында мол өнімге қол жеткізуге болатынын ұқтым. Сондай-ақ 2021 жылы 125 аналықтан, 80 бас төл алсақ, биыл 136 бас аналықтың 90-ны төлдеп үлгерді. Сонымен қатар, мемлекеттен әр аналыққа уақытылы субсидия алып отырамын, – деді ол.
Мал басын асылдандыру үлкен мәселе. Бүгінде әлем елдерімен иық тірестіру үшін өз өнімімізді өндіре білуіміз керек. Ол үшін мал шаруашылығын дамытып, мал басын асылдандыруға көбірек дем берсек. Сонда ет, сүт, таза табиғи өнімде көбейер еді. «Мұхтар фермер» шаруа қожалығы тынысын кеңейтіп, келешекке осындай жоспар құрып отыр.
Кейіпкеріміз малды асылдандырудан бөлек «Бекболат» шаруа қожалығына да төрағалық етеді. Мұнда жоңышқа шөп дайындалады. Ірі қарасының күйін күтіп-баптаудың өзі тынымсыз тірлік пен мол жауапкершілікті қажет етеді.Сондықтан мал азығына қажетті жем-шөпті де өздері өндіреді. Бүгінде қожалыққа тиесілі 176 гектар жайылымдық жері де бар. Онда Енисей-1200, МТЗ-80, BELARUS-1221 техникалары үздіксіз жұмыс істеп тұр.
Ш.Тілеубаев