Арбадағы арпалыс
Былтырғы Ресми мәліметтерге сүйенсек, Шиелі ауданында 2889 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның ішінде I топтағы мүгедектер саны – 165, II топта – 712, III топта – 961, ал 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың саны – 450. Бұл жалпы халық санының 3 процентін құрайды. Әлбетте, олардың тағдыры әр түрлі, біреулері туа бітті кемтар атанса, енді біреулері тағдырдың тәлкегін бастан кешіп отыр. Дегенмен, осындай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету – қоғамның парызы.
Бүгінде базар маңынан қол жайып, ақша сұрайтындарды көп кезіктіріп жүрміз. Бірі – ащы су үшін елден тіленіп теңге сұраса, енді бірі – жұпыны жейде киініп жұрттан нан сұрауға әуес. Оларды базар айналасының әрбір бұрышынан кезіктіруге болады. Қайбір жылдары кәдімгі сығандарда Шиеліге келіп, тұрғындардан теңге сұрап, сауда орталықтарының маңайында қайыр тілеп отырғаны есте. Олардың кім екендері, қайдан келгендері де белгісіз. Әйтеуір олар туралы сыбыс көп. Бірі оларды шындығында бай адамдар десе, кейбірі шын мұқтаждың өзі деп, қорапқа теңге салуға әзір. Осындай сан күдіктен болар, аудан халқы қайыр сұрап жүргендердің қалтасын толтырып, көмек беруге асықпайды. Десе де, бүгін сіз бен біз көріп жүрген қайыр сұрайтын ана, кәдімгі аудан тұрғыны екенін білесіз бе?

Әбдіманап Шорабаев базары маңынан өтіп бара жатып, «Береке» сауда үйінің оң қапталына сәл кідірдім. Кенет арбаға таңылып, алақан жайып отырған орта жастан асқан әйел кісі көзіме түсті. Әлпетіне қарасаңыз, нан табудың оңай жолымен жүріп, қайыршылықты бизнеске айналдырған құдды бір «цыганка» екен деп қаласыз. Ескілеу киінген апаның бет-жүзін анық көрмекке, жанына таядым. Қазаққа ұқсайды. Аяқ киім қорабын алдына қойып, адамдар жүретін жолдың жиегінде ол «неге» қайыр сұрап отыр, қайда тұрады?» деген ойлар көкейімде қайта-қайта қылаң берді. Ол сырттай бақылап тұрғанымды бірден аңғара қойды. Сөйтті де назарын маған бұрып: «Қызым, саған Алланың разылығы болсын» деп сөзін қысқа қайырды. Оның тиын-тебен сұрап тұрғанын іштей бірден ұқтым. Қос қалтамдағы ұсақ түйекті шығарып әлгі қорапшаға салып едім, екі қолын жайып батасын берді. Алғыс алған қалыпта ұзақ әңгімелестік...
Ананың зары
Арбада отырған апаның есімі – Тереккүз. Ол 1964 жылы Бесарық елді мекенінде дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, өзі танымайтын жігітке тұрмысқа шығады. Шиеліге келін болып түскен бойжеткен тұрмыстық өмірге де ерте араласады. Бірақ ол бұлай болғанына еш өкінген жоқ. Себебі, тауқыметтің ащы-тұщысын татса да, азаматы екеуі түрлі кедергілерді бірге жеңіп, жарық дүниеге 3 ұл 2 қыз алып келеді. Төбесі көкке жеткен ананың қуанышы ұзаққа созылмайды. Араға бірнеше жылдар салып, жолдасы мәңгілік мекеніне аттанады. Бес баламен жесір қалған ол өмірдің қанша ауыртпалығын көрсе де, балалары үшін нан таба бастайды. Асыраушысынан айырылған ана қыста еден жуып, жазда егістіктің басында еңбекке араласады. Сөйтіп жүріп оның басына тағы бір сынақ келіп, тағдыр қаталдығын тағы танытады. Бұл жолы мына тағдыр оны екі перзентінен бірдей айырып, құрсағы кең ананың балалары Құдайға қайтады. Осылайша ол бар ауыртпалықты басынан өткеріп, өз өмірін сүре береді. Кез келген жұмысты істеп, қалған үш баласын ешкімнен кем қылмай өсіреді. Ұлы ер жетіп, қызы тұрмысқа шығады. Жұмыс талғамаған оның денсаулығы сыр беріп, 2019 жылы екі аяғына сары су жиналып, дертке душар болады. Сөйтіп ол жалғыз қызының қолында қалады. Алайда, барын беріп баптаған оның қос ұлы аналарынан жырақ кетіп, бөлек-бөлек өмір сүреді.

ҚАЙЫРШЫЛЫҚҚА АМАЛСЫЗДАН БАРДЫМ
– Мен өздерің секілді қарапайым адаммын. Көп адамдар мені көріп алыстан қашады. Тіпті кейбірі «сыған апа» деп мазақтап кетеді. Мен ешқандай сыған емеспін. Қоңыраттың қызымын. Жастайымнан тұрмыстың тауқыметін көріп, бес баламмен жесір қалдым. Содан бері балаларымды жалғыз асырап келемін. Өмір сүру кімге оңай дерсің? «Өлмейінше өмір сүре бересің» деген рас екен. Құдай кеудемнен жанымды алғанша мен де өлместің күнін кешуге мәжбүрмін. Құдайдың бергендерін жалғыз жеткіземін деп түрлі жұмыстар істедім. Дәретхана да тазаладым. Пәтерден пәтер жалдап ескі үйлерді паналадық. Әлі де солай. Бұрынғыдай еңбекке араласуға күшім де қалмады. Екі жылдан бері қос аяқтан алаңсыз қырқылып қалдым. Қос ұлым қазір өз жөндерімен өмір сүріп жатыр. Оларды жамандыққа қимаймын. Ең бастысы солар аман болсын. Анда-санда хабарласып тұрамыз. Ұлдарымның өз отбасы, ұл-қыздары бар. Мен оларды кінәламаймын. Тек қатты сағынамын.

Ал мен қызымның қолында тұрамын. Ол отбасылық жағдайларға байланысты күйеуімен ажырасып кетті. Төрт баласы бар. Оның да жағдайына қатты алаңдаймын. Себебі мен 2019 жылдан бері мүгедекпін. Арабаға таңылғандықтан, ол маған үздіксіз қарап жағдайымды жасауға мәжбүр. Сондықтан ұзақ уақыт жұмыссыз жүріп, менің денсаулығыма қарады. Үш баласын мектеп интернатқа беріп, кішкентайын балабақшаға орналастырды. Ал мен жоқшылықтан қажып, нан табудың жолын қарастыра бастадым. Амалдың жоғынан қызыма қолғабыс ету үшін базарға шығып, қайыр сұрауға көштім. Алғашында бұл ісім үшін қатты ұялып намыстандым. Бірақ төрт немеремнің ішер асын, тамағын уайымдағандықтан, қызыма масыл болмайын деп шештім, – деді ол.
Кейіпкеріміздің базарға келіп жүрген алғашқы жылдары тіпті арбасы да болмаған екен. Оны жалдамалы пәтерге қарама-қарсы тұратын Анар атты көршісі арқалап апарып, арқалап алып келетін көрінеді. Ал оған Тереккүз апа сол үшін тиын-тебен ұстатып жүріпті. Кейіннен «Игілік» дүкенінің егесі оның осы жағдайын көріп, оған үйінде пайдаға аспай тұрған ескі арбаны әкеліп берген. Өздеріңіз байқағандай елуден асып егде тартқан жанның бүгінгі жайы қиын. Немерелері мен қызы үшін әрекет етіп, әлектеніп жүрген оның тартып жатқан тауқыметіне іштей алаңдайды екенсің.
Кемпір адамда қайбір қуат бар дерсіз? Алдындағы қорапқа жиналған ақшаға шүкір деп жүрген кейуананың күн сайын табатыны ас-суына әрең жетеді.
ТЕГІН ДӘРІ ТИМЕЙДІ
Арбамен әзер жүрген ана аурухана табылдырығын талай тоздырған. Алайда, ақ халаттылардың есігін қаға беріп те әлі құрып, әбден көңілі қалған. Алпысқа таяған апа алты ай сайын ауруханаға емделуі керек. Науқасқа дәрігерлер тегін дәрі бермейтіндігіне қынжылады. Ендігі жерден не істерін, тіпті қайда барарын білмейді. Біздікі ауданның бас дәрігері Нұрлан Әмір осы жағдайды өз бақылауына алса деген ниет қана...

– Аудан әкімдігінің де есігін талай қақтым. Мен секілді 58 ден асқан әйелге көмек көрсетіліп, қалады-ау деген үміт үзілмеді. Менікі бас сауғалайтын үй берсе екен деген үлкен арман. Бірақ бар арманым аудан әкімдігінің кіре берісінде қалып қояды. Есіктен кіреберіс жерден мені хатшы қыз күтіп алады. Бірақ әкіммен жолықтырған емес. Тек аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов уәде беріп, үнемі есіктен шығарып салады. Одан бері міне бес ай уақыт өтті. Уәде де жоқ, әкім де жоқ. Менің енді ол жаққа да, ауруханаға да бара бергім келмейді, – деді кейуана.
– Негізінде маған бір жылда екі рет дәрігерге қаралып, емханаға жатып тұру қажет. Алайда ауруханаға барсам, емделмек түгілі, тегін дәрі алудың өзі мұң. Мен бірінші топтағы мүгедекпін. Бірақ, әлі күнге дейін мүгедектігімді дәлелдейтін құжат пен мемлекет қарастырған жәрдемақыны ала алмай келемін, – деді ана көзі жасқа толып.
Қандай заманға кетіп бара жатырмыз?
Қазақ «жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған» халық емес пе еді? Қазір өз анасын өзгеге жәутеңдетіп қоятын бала, қайыр сұраған ананың мұң-мұқтажын түсінбейтін адамдар көп болғаны ма сонда? Оны қойшы? Шиелі аудандық жұмыспен қамту бөлімі жыл сайын қаншама мүгедектерге арба береміз деп, бұқаралық ақпарат көздеріне мәлімет берді. Олар бір анаға арба тауып бере алмағаны ма сонда? Неге біз мейіріміз болып барамыз өзі? Жасыратыны жоқ күн сайын қаншама адам базар маңынан өтеді. Сонша жағдайды бастан өткеріп, қиыншылық көрсе де сынбай келген ананы да далаға қаңғытып қойғанымыз ба? Арбаға таңылған ақ жаулықытыны көрмейді ме? Баласының бөбектері үшін таңнан кешке дейін қайыр сұраған ананың зарын үкіметтің құлағына жеткізуді бізде өзімізге міндет деп санадық.

Әкімнің есімін білетінім болмаса, бет-жүзін көрген емеспін. Соңғы рет қараша айында әкімдіктің есігін тағы қақтым. Олар «бізді 15 күн күтіңіз. Міндетті түрде мәселеңізді шешіп беретін боламыз» деп өз уәделерін берді. Бірақ, баяғы жартас сол жартас.
Аудан әкімі Н.Мақұлбековтың, Шиелі аудандық ауруханасының бас дәрігері, аудандық мәслихат депутаты Н.Әмірдің назарына!