Мүмкіндігі шектеулілерге мүмкіндік
Қазір нарық заманы болса да, көпшілік мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай әлеуметтік көмек көрсетілетінін және оларға арналған жәрдемақыны қалай алуға болатынын білмей жатады. Мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік осал топ өкілдеріне жатады, сондықтан мұндай категориялы Қазақстан азаматтарына мемлекеттен жәрдемақы түрінде берілетін материалдық көмек тағайындалған. Бүгін осы қоғамның ерекше өкілдерінің құқықтары мен оларға қарастырылған өтемақы түрлері туралы сөз қозғамақпыз.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Шиелі ауданында 2889 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бұл жалпы халық санының 3 процентін құрайды. Әлбетте, олардың тағдыры әр түрлі, біреулері туа бітті кемтар атанса, енді біреулері тағдырдың тәлкегін бастан кешіріп отыр. Дегенмен, осындай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету – қоғамның парызы.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Шиелі ауданында 2889 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бұл жалпы халық санының 3 процентін құрайды. Әлбетте, олардың тағдыры әр түрлі, біреулері туа бітті кемтар атанса, енді біреулері тағдырдың тәлкегін бастан кешіріп отыр. Дегенмен, осындай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету – қоғамның парызы.
Елімізде заң негізінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қайта қалыпқа келтіру, қоғамда орын табуға құқылы. Одан бөлек заңы тегін медициналық көмек алуға, білім алу, қалауынша мамандық алуы, мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет алуы сияқты құқықтарға ие.
Аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек түрлерін білу үшін Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы А.Төлегеновты сөзге тарттық.
– Бүгінде ауданда мүмкіндігі шектеулі және мүгедек 2889 адам тіркелген. Оның ішінде I топтағы мүгедектер саны – 165, II топта – 712, III топта – 961, ал 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың саны – 450.
2021 жылы гигиеналық құралдарға республикалық бюджеттен 20570,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 20487,0 мың теңге қаралып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өтінім беріліп, аудандық пошта торабы арқылы 712 мүгедектерге гигиеналық құралдар, жүріп-тұруы қиын 57 мүгедектерге кресло арба, 106 тифлоқұралдары, 35 сурдоқұралдары, 402 протезді ортопедиялық құралдары жеткізіліп, санаторияға 130 мүгедек өтінім беріп, 57 мүгедек санаторияға жолдамамен қамтамасыз етілді. Облыс орталығындағы мүгедектерге арналған «Талсуат» оңалту орталығына 47 мүгедек жіберілді. Жыл басынан «Думан-Шиелі» ЖШС арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының күндізгі бөліміне 26 балаға, 240 зейнеткерлерге жолдама беріліп қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету» қағидасына сәйкес мүгедектерге әлеуметтік такси қызметі көрсетіледі. «Инватакси» қызметі бойынша бюджеттен биыл 5 млн теңге қаражат бөлініп отыр, – дейді бөлім басшысы.
Сонымен бірге, «Үміт» мүгедектер қоғамдық қорының «Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жасау, әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында мүгедектер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстан баб, Оқшы Ата сынды киелі жерлерге саяхат жасаған. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Балалық – балдәурен» атты іс-шара өткізіліп, сыйлықтар таратылса, мүмкіндігі шектеулі егде жастағы азаматтарға табиғат аясына шығып, «Қармағыңды сайла, көлде жатыр пайда» тақырыбында балық аулаудан жарыс ұйымдастырылған.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мемлекеттік мекемелердің барлығында арнайы пандустар мен автотұрақтар барынша қамтамасыз етілген.
Аталған әлеуметтік көмектердің барлығы мүмкіндігі шектеулі және мүгедек жандардың назардан тыс қалмайтындығын, қоғамның бір мүшесі екендігін дәлелдейді.
Нұрай ҚАЛЫШБЕКОВА