15 наурыз Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні «Әділ цифрлық қаржы қызметтері" ұранымен өтеді
Өздеріңіз белгілі, жыл сайын 15 наурызда Дүниежүзілік тұтынушылар құқығы күні атап өтіледі. Қалыптасқан дәстүр бойынша халықаралық Тұтынушылар ұйымы (Consumersinternational, CI) жыл сайын жұртшылықтың назарын қандай да бір өзекті проблемаға аудару үшін тұтынушылардың құқықтары дүниежүзілік күнінің тақырыбын айқындайды.
Осы жылы ConsumersInternational жұртшылықты цифрлық қаржылық қызметтер сегментінде тұтынушылардың құқықтарын назар аударуға шақырды, сондықтан 2022 жылғы 15 наурызда Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнін "FairDigitalFinance - "Әділ цифрлық қаржылық қызметтер"ұранымен өткізу туралы шешім қабылданды. Цифрлық технологиялар мен интернетті пайдалану қаржы ұйымдарына өз қызметтеріне қолжеткізуді жылдамдатуға және жеңілдетуге мүмкіндік берді.
Банкоматтар, банктік төлем және банктік еместер миналдар — өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары, сатушының қатысуынсыз тауарлар мен қызметтерді төлеуге немесе банк кассирінің қатысуынсыз қолма-қол ақшаны алуға мүмкіндік беретін төлем құралдары.
Мобильді банк, интернет-банк-пайдаланушыға өзінің банктік және карточкалық шотының жай-күйін қашықтықтан бақылауға, сондай-ақ үйден шықпай, компьютердің, планшеттің, ұялы телефонның көмегімен төлемдер, аударымдар және сатып алулар жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалық өнімдер.
Барлық осы жаңа және ыңғайлы қаржы құралдары жайлы пайдаланушылық ортаны қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар ескерілуі қажет жаңа тәуекелдерді де тудырады.
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тұтынушылардың құқықтары бекітілген. Аталған Заң тұтынушының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) иеленуге еркін шарт жасасуға, тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралыақпараталуға, қауіпсізтауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатыпалуға, тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркінтаңдауға, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтету құқықтарын қарастырған.
Бұл ретте тұтынушыны нарықтық қатынастарда барынша қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыратындығын атап өткен жөн. Атап айтсақ өткен жылы осы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және осы жылы осындай өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Интернет арқылы, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы тауарларды сатып алу және төлеу кезінде тұтынушылар алдау мен алаяқтыққа жиі тап болатыны құпия емес. Осыған байланысты қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу әзірленуде.
Бұдан басқа, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қалыптасқан проблемаларды шешу үшін ерікті мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйымдық-құқықтық нысанында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің ұлттық қауымдастығының (ҚБҰҚ) жұмыс істеуі үшін заңнамалық негіз қалау ұсынылды. Өмір тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғау және "кәсіпкер-тұтынушы" қарым-қатынастарында өзара жұмыс жасау үшін тұтынушыларға мықты ұйым қажет екенін көрсетті. Сондықтан да тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің ұлттық қауымдастығы (бұдан әрі – ҚБҰҚ) институтын заңнамалық бекіту және оның жұмысының, функцияларының, қаржыландырылуының және т.б. қағидаттарын белгілеу қажет. Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу ұсынылды. Омбудсмен мәртебесі Қазақстан тұтынушыларының құқықтарын қорғау саласының жүйелі проблемаларын оларды шешу жолдарын талқылау үшін мемлекеттік биліктің жоғары эшелонына шығаруға мүмкіндік береді.
Осылайша, омбудсмен халық пен қоғамдық бірлестіктердің дауысы ретінде қызмет ететін болады, ол тұтынушылардың құқықтары бұзылған салалардың қазіргі проблемаларын мемлекеттік биліктің бірінші тұлғаларына тікелей жеткізеді.
Тұтастай алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға ұсынылатын түзетулер тұтынушының қанағаттанушылығын қамтамасыз етіп, әлеуметтік тепе теңдікті қалыптастыруда оң нәтиже береді. Әзірленген өзгерістер мен толықтыруларды заңнамалық тұрғыдан бекіту тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін неғұрлым сапалы деңгейге көтереді және қазақстандықтардың өмірінде жағымды өзгерістерге әкеледі.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті