Жаңа Қазақстан! Жаңа атау! Жаңа белес!
Біз ел бірлігін, халық тұтастығын, ұлттар татулығын, еңбекқорлықты, біліктілікті болашақ замандарға жаңғыртып жеткізуге міндеттіміз. Бұл істе тыңнан түлеген, сындарға шыңдалған партияға жүктелер жауапкершілік салмағы орасан. Біз қашан да бабалар аманатына адал болуымыз керек. Бұл - біздің перзенттік парызымыз.
ҚР Президенті, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен саяси ұйымның кезектен тыс ХХІІ-ші Съезін онлайн формата болашаққа деген зор үмітпен тыңдадық.
ҚР Президенті, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен саяси ұйымның кезектен тыс ХХІІ-ші Съезін онлайн формата болашаққа деген зор үмітпен тыңдадық.
Партия Төрағасы мен Атқарушы хатшының партияның қайта жаңғыру жолындағы бастамаларын толық қолдаймын. Съезд барысында партияның атауын өзгерту туралы Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының Төрағасы Ерлан Қошановтың ұсынысы қабылданып, «AMANAT» деген киелі ұғымды иелендік. Бұл өз кезегінде Жаңа Қазақстандағы жаңа атаумен жаңа форматтағы партияны қалыптастыратыны сөзсіз. «AMANAT» – мемлекет мүддесі үшін тарихи жауапкершілікті алған партия. Тәуелсіз мемлекетіміз, еліміз бен жеріміз – ата-бабамыздың бізге қалдырған аманаты. Осы аманатты халық игілігі үшін сақтап қалу, келер ұрпақтарға жеткізу – ел тұтқасын ұстаған бас партия үшін ең үлкен жауапкершілік екені белгілі. Съезд қорытындысы бойынша партияны модернизациялаудағы жеті басымдық нақтыланды. Олар, халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін, партияластар арасындағы ынтымақтастықты және партия жұмысында ашықтықты арттыру. Сонымен бірге, партиялық бақылауды күшейту, партияның бағдарламалық құжаттарын қайта қарау, халықтың әртүрлі топтарымен жұмыс істеу мен «Jas Otan» Жастар қанатының жұмысын жетілдіру болып табылады.
Райхан Қуатбаева,
пария белсендісі