Тіліміз дамыса, ел де дамиды
Елбасының «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру» туралы Жарлығы жаңа дәуірге аяқ басуға бағдар берген маңызды тарихи қадам болды. жаңа әліпби қарапайым әрі түсінікті, ойға оңай қонымды. Екіншіден, ақпараттың кеңістіктегі латын графикасының басымдығы зор.
Қазірде әлемдегі ақпараттың 90 пайызы осы жүйе негізінде таратылады. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу түрік халықтарының тілдік бірлігін кеңейтеді. Олар осы тілді пайдаланғандықтан мәдени, экономикалық және саяси байланыстар нығая түседі. Төртіншіден, графика мен жазба ережелері тіліміздің ерекшеліктеріне қарай жүзеге асырылады, сонымен қатар, қазақ тілінің үндестік заңына келтіруге мүмкіндік бар. Жаңа әліпбиде кириллица енгізілгенге дейін қолданыста болмаған әріптер мен дыбыстар алынып тасталды.
Қазіргі таңда мектеп оқушылары мен студенттердің, жастардың, экономикалық белсенді халықтың латын графикасын интернет тілі ретінде күнделікті қолданатынын және латын әліпбиінде оқып, жазуға зейіндері жететінін ескерсек, қоғамның жаңа процеске бейімделуіне кедергі жоқ деп айтуға негіз бар. Біз кириллицаға әбден үйреніп қалғандықтан көп жұмыстар жасауымыз керек. Мәселен, ең алдымен көшелердегі барлық жазуларды, атап айтқанда, көшелер, мекеме, қызмет көрсету орындарының атаулары ілінген бильбордтар, көрнекіліктер, хабарландырулар жаңадан қабылданған нұсқаға сәйкес жазылса, латынға көз үйрене береді, тіл жаттығады. Жұрт көшеге шықпай тұрмайды, көреді, үйреніп кетеді. Саналы азаматтардың көбісі латын тілінде оқыған, сәл сауаты бар, жастар тез үйреніп кетеді. Әзірден латын қарпімен басылып жатқан газеттердің ықпалы да зор. Компьютерлерде де бұл тілді үйренуге, меңгеруге қолайлы. Ұялы телефон да солай. Арнайы үйрететін орындар жұмыс істеуі керек. Тез бейімделу өзімізге байланысты. Келешегіміз үшін керек мәселеге оң көзқарас білдіруіміз аса қажет.
Алтай АЙЫП.